0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет225/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

178 
 
2) Ондай сөздер қазақ тілінде болмаған жағдайда оларды туыстас тілдерден 
алу; 
3) Жаппай қолданылатын әлемдік терминдер қабылдана алады, бірақ олар 
қазақ тілінің табиғатына сәйкес өзгертілуі керек; 
4) Қазақ тілінің табиғатына сәйкеспейтін барлық өзге тілдердің сөздері дәл 
қазақтың айтуына сәйкес өзгертілуі керек. 
Профессор А.Б.Салқынбай: «А.Байтұрсынұлы жасаған терімсөздердің басты 
ерекшеліктері деп мыналарды көрсетуге болар еді» дей келе: 
– анықталатын ұғымның дәлдігі; 
– таңбаланған атаудың қазақилығы; 
– терімсөздің жалқылық сипатының болуы; 
– терімсөздің нақтылығы; 
– әрбір терімсөздің мазмұндық уәжділігі. 
«А.Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімінің, әдебиетінің, әдістеме, тарих және 
этнография, мәдениетке қатысты терминдердің ғылыми жүйесін жасаған 
ғалым. Қазақтың ғылыми терминологиясының негізін қалаушы ғана емес, ол 
«терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет 
пайдаланған ғалым». 
Әдіскер-ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін мынадай әдістемелік 
қағидаларды ұсынады: 
1) Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру; 
2) Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат 
аудару; 
3) Сабақты алдын-ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру; 
4) Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын 
қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; 
5) Баланың ішін пыстыртатын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты 
салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқытуға
жандандыруға 
тырысу; 
6) Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды 
дұрыс қолдану; 
7) Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де жақсы 
көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді. 
Ғалым ұсынып отырған қағиданың қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру 
жүйесінде ешқашан ескермек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын 
негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз. 
А.Байтұрсынұлы талантының өзгеқырлары секілді оның әдіскерлігі жөнінде 
де ештеңе білмей келдік. Білетіндерде бұл салада ауыз ашпаған. Әрине, бұған 
қытымыр заман кінәлі делік. Ал ендісөз бостандығы өзімізге еркін тиіп, ел 
тарихындағы «ақтаңдақтарды» қопарасаралауға мүмкіндік туып, «халқым», 
«жұртым», «тілім», «ділім», «ұрпағым»деп еңіреп өткен ардақты біртуар 
арыстарымыздың көпшілікке беймәліммұраларын елеп-екшеуге қолымыз 
жетіп отыр. Бұл орайда асажауапкершіліктің де керектігіне дау жоқ» деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет