0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет227/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

180 
 
практикалық конференция материалдары – Қарағанды: ҚарМУ, 2003. – 
148-153 бб. 

Зинол-Ғабден Бисенғали, Жамал Манкеева. Қазақ филологиясы: Егіз 
негіз. Алматы. Арыс, 2010. 

Құрманбайұлы. Ш. Қазақ терминологиясы дамуының ғылыми 
қағидаттары. Астана, 2004. 

Исақова С.С. Қазақ терминтанымы: лексикалық құрамы, жасалу 
тәсілдері, прагматикалық қызметі. Алматы, 2007. 
 
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ІЛІМІНІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ 
Садирбаева Дина Медетбековна 
 
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін 
қалаған ғалым-әдіскер екендігі бүгінгі ұрпаққа қалдырған әдістемелік 
мұраларынан белгілі. Ұлы ұстазымыздың өз заманында қарапайым 
қазақтың сауатын ашқан «Әліппе», «Сауат ашу», «Тілашар» т.б. оқу-
құралдары күні бүгінге дейін әдістемелік және тілтанымдық тұрғыдан өз 
мәнін жоймаған құнды еңбектер екені даусыз.Ол алғашқы әліппе, оқулық, 
тіл құралдарын құрастырумен бірге, осы оқу құралдарын тәжірибеде 
пайдалану туралы ойланып, әліппе, тіл құралдарындағы материалдарды 
шәкірттерге қалай меңгертуге тиіспіз деген мәселе жөнінде нақты әдіс-
тәсілдер енгізген. Ахмет Байтұрсынов әдістемелік теорияларды өте жақсы 
меңгерген ғалым ретінде ерекшеленеді. Қазіргі таңда біз оның "Жалқылау" 
(айырыңқы әдіс), "Қай әдіс жақсы?", "Дыбыстарды жіктеу" мақалаларын 
тек қазақ тілін үйретуде ғана емес, оған қоса шет тілдерді, нақтырақ 
айтқанда, ағылшын тілін үйретуде кеңінен қолданылып келеміз. Ахмет 
Байтұрсынұлы ілімінің өміршең екендігін айта аламыз.
Әдіскер-ғалымның "Баяншы" атты еңбегі- бастауыш сыныпта қазақ 
тілін оқыту әдістемесінің ең тұңғыш үлгісі Осы кітаптың алғы сөзінде тіл 
оқытуда оқушының шамасы келетін нәрсеге үйретіп, оның оқуға ынтасын, 
қызығушылығын арттырудың дидактикалық қағидасын ұсынады. Ахмет 
Байтұрсыновтың бұл пікірі 14 жыл мұғалімдік тәжірибесінің негізінде 
қалыптасқан. Оған осы еңбекке жазған алғы сөзі дәлел. 
Дидактика(гр.διαλεκτική– тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу 
теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны 
меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін 
білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің 
әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми 
негіздеумен айналысатын саласы. 
Дидактикалық материал – көрнекілігі басым түрдегі оқыту 
құралдарының ерекше түрі. Оларға оқушылардың сыныпта немесе үйде өз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет