0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет229/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

182 
 
қолданған, бұл әдіс бойынша әр адам жаза білуте талпынады. Сондай-
ақ, ол әріптерді үйренуде дыбысты әдісті де қолданған.
Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы "Қазақша оқу жайынан" деген 
мақаласында "Бала оқытуды жақсы білейін деген адам, әуелі балаға 
үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын 
біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек" - деп жазғаны - 
ұстаздарға айтылған ғибрат.
Aғылшын aлфaвитіндe 26 әpіп бap, oның ішіндe 21 дayыccыз жәнe 5 
дayыcты. Әpіптepді білy жәнe oлapды дұpыc aйтy - aғылшын тіліндe cәтті 
жәнe cayaтты oқyдың кілті. Осылайша, ағылшын тілін үйрету де ауызша 
үйретуден басталады. Әуелі оқушы шет тілінің фонетикасының тек өзіне 
тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. 
Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескеріледі.Тілдің әріптер мен дыбыстарын 
үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем 
құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан 
синтетикалық ойлауға ауысады. Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді 
үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. 
Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады. 
Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі 
Teacher: This is a chair. 
Is this a chair? Yes, it is. 
Is this a table? No, it is not. It is a chair? 
Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, 
жекелеп айтады. Осылайша біз ағылшын тіліндегі жаңа әріптерді, сөздерді 
жаттауда Ахмет Байтұрсыновтың дыбыстарды үйренудегі төрт әдісі 
қолданылатындығын көруге болады.
Ахмет Байтұрсыновтың сан жылдық тәжірибесінен туындаған әрбір 
педагогикалық көзқарасы бүгінгі таңда да маңызын жойған емес. «Үйрену 
һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан 
тауы шағылмай, көңілі қайтып мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған 
сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай 
жылжыған сайын көңілденіп оқуға жаһады зорайып, шабыттанады. Оку 
басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал сықылды
малтығып жылжи алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабыты 
болмайды. Шабыттанып істелмеген іс онды да болмайды. Сондықтан 
әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды неғұрлым аз қинаса
соғұрлым жақсы болмақ-шы. Әліппені балалар қиналмай оқып шықса онан 
әрі оқуға ықыластанып, талаптары қанат байлағандай көтеріліп 
зораймақшы. ("Баяншы" "Қазан, 6-шы мемлекеттік баспа", 1920). 
Ғалымның «Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-
жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай» деген сөздері 
де әрбір педагогқа бұлжымас қағида болары сөзсіз. Бүгінгі білім беру 
кеңістігінде шетелдік және отандық әдіскерлер «Сын тұрғысынан ойлау» 
технологиясы, «Инсерт» стратегиясы сияқты тағы басқа оқытудың түрлі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет