183 әдістерінің ерекшеліктері мен ұстанымдарын айқындап көтеріп жүр.
Өткенге барлап қарасақ, бүгінгі жаңашыл деп табылған оқыту
технологияларының
Ахмет
Байтұрсынұлының
жоғарыда
аталған
еңбектерінен бастау алатынын атап өткен жөн болар. Бұны біз ғалымның
өз заманындағы балалар мен ересектердің сауатын ашуға арналған оқу
құралдарынан да, шағын мақаларынан да аңғарамыз. Қазіргі таңда
ересектерді оқытатын оқытушылар мен мектеп мұғалімдері жалпы білім
берудің ең ұтымды тәсілі ретінде Блум таксомониясын басшылыққа алады.
Блум таксомониясының 6 түрлі ережесі кез келген ақпаратты үйретудің ең
ұтымды тәсілдері ретінде тәжірибеде дәлелденіп жүр. Себебі Блум
таксомониясының · білу – мағлұматтар мен ақпараттарды еске түсіру; ·
түсіну – жаңа идеяны түсіну, ондағы негізгі идеяларды салыстыру,
сипаттау; · қолдану – жаңа білімді түрлі нұсқада пайдалану; · талдау –
дәйектер мен себептерге байланысты ақпаратты тексеру және жіктеу; ·
жинақтау – ақпараттарды жүйелеу; · бағалау – ақпарат бойынша
қорытынды жасау және жұмыс сапасын бағалау» сияқты 6 ережесі сын
тұрғысынан ойлауда, яғни ойлау дағдыларын қалыптастыруда, жетілдіруде
соны
әдістемелердің
бірі
делінеді.
Бір
қызығы,
осы
Блум
таксономиясындағы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап
күрделіге біртіндеп өту барысы жайында өз заманында сан жылдар бұрын
айтылып кеткен А.Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады.
Ағартушы әдіскер «Ана тілінің әдісі» атты мақаласында ана тілін
үйрету әдістерін былайша бөледі: 1) Кей әдістердің негізі қосу, жинау
болады, барша ол негізді әдістер жалпылау (синтез) немесе жиылыңқы әдіс
теп аталады. 2) Кей әдістердің негізі талдау, айыру болады. Ол негізді
әдістердің бірі жалқылау (анализ) немесе айырыңқы әдіс деп аталады. 3)
Кей әдістің негізінде қосу да, талдау да болады. Ондай әдістер
жалқылаулы-жалпылаулы немесе айырыңқы-жиылыңқы деп аталады.
Яғни, ғалым үйренушіге дайын ақпаратты бергеннен гөрі, алдына
қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой
толғауына және бағалауына мүмкіндік беру аса маңызды деп көрсетеді.
Бұл категориялар қазақ тілі оқулықтарын құрастыруда да, сабақ
әзірлемелерін жасауда да басшылыққа алынып келеді. Оның бір дәлелі,
осы Блум технологиясының ағылшын тілі пәнін үйретуде қолданылуы.
Мысалы 10- сыныптарда Блум технологиясын қолдана өтілген “Memory”
сабағын мысалға алсақ
Сабақ таныстырылып, мақсаты айтылғаннан кейін, үй жұмысын
пысықтау (актуализация) болады:
Learn idioms. To learn idioms with translations.