175 Алғаш жарық көрген күнінен бастап «Қазақ» газеті қазақ даласының
қоғамдық-саяси және мәдени өміріне бес жылдан ұзақ жападан-жалғыз
қызмет
етті.
Оған қоса өзінен бұрынғы басылымдардың бірі де жаңа газетпен не
сапасы, не көтерген тақырыптарының сан-салалығы, не таралымы жағынан
тең келе алмады. Бірінші жылы 3 мың таралыммен шығып тұрған
«Қазақтың» таралымы, Оксфорд университеті зерттеушілерінің мәліметіне
қарағанда, көп кешікпей 8 мыңнан асып жығылды. Бұл өзінен бұрынғы
басылымдардың бәрін қосқанда да көп болады.
«Қазақ»
газеті
тиянақты
мақсат-мүддені
көздеп,
тұрақты
қаржыландыру көзіне сүйенген ұжым еді.
ХХ ғасыр тарихының жарқын, әрі елеулі кезеңі – қазақ оқығандарының
әлемдік уақыт көшінен қалмай, қаймана қара қазағын өрге сүйреп, ойраны
шыққан ордасын қайта тігіп, мемлекеттік түсінікті санасына ұялатуы
болатын. Аталмыш кезеңді зерттегенде негізгі дерек көздің бірі де, бірегейі –
«Қазақ» газеті болып саналады.
Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған «Қазақ»
газеті халық алдындағы өз мисссиясын орындады. Біріншіден, сол кездегі
қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған
күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы
болды.
А.Байтұрсынов - қазақ халқының өмірі мен болашағына шын ниетімен
жаны ашып, оның ұлт ретінде сақталуында, бағыты мен жолын айқындауда
терең әрі кеңінен ой пішіп, байымдаған ұлы тұлға. Ұлтымыздың саясаты мен
мәдениетіне, ғылымы мен өміріне, күллі рухани болмысы мен парасат
әлеміне А.Байтұрсыновтың қосқан елеулі үлесі өте зор.