«Азамат» серіктігі – қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен
айналысқан мәдени ұйым. А. Байтұрсынұлы пен М. Дулатұлының
ұйымдастыруымен 1913 жылы желтоқсан айында Орынборда құрылған.
Негізгі мақсаты – мүшелік жарна (әр адамнан – 100 сом) есебінен «Қазақ»
газетінің үзіліссіз шығып тұруына жәрдемдесу. Сондай-ақ, қазақ
қоғамындағы оқу-ағарту жұмыстарын өрістетіп, зәру, М. Тынышбайұлы,
Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, Н. Құлжанұлы және т.с.с. қазақ зиялылары
мүше болған. «Азамат» серіктігінен басқа «Қазақ» газетіне ел ішіндегі
беделді азаматтар қолдау көрсетіп отырды. Бұл туралы зерттеушілер
арасында әр түрлі пікірлер бар.
«Қазақ» газетінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерден
басқа, руханиоқу құралдары мен әдебиеттерді баспадан шығару, мектеп-
медреселердегі
мұқтаж
шәкірттерге
қаржылай
көмек
беру
т.б.
қайырымдылық шараларын ұйымдастыру ісімен айналысты. Оған Ә.
Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен
ақпараттар жарияланып тұрды.
Мәселен, Жетісудың Қапал оязын (уезін) жайлаған Маман байдың
балалары Есенғұл, Тұрысбектердің ұлт мәдениетіне қатысты демеушілік
шаралары басылым бетінде басылып отырды.
Атап айтар болсақ, 1913 жылы
«
Қазақ
»
газетінде басылған Есенғұл
қажы Мамановтың қазақ романына бәйге жариялағаны туралы хабары қазақ
оқығандарының арасында сілкініс тудырды . Осыдан-ақ «Қазақ» газетінің
ұлттық әдебиет саласының дамуының бір кезеңі болғанына көз жеткіземіз.
Ұлт баспасөзінің жаңа қадамына сол кездегі көзі ашық қазақ
баласының қуанбағаны кем де кем еді.
Газет қолдан қолға, ауылдан ауылға өтіп, тозып жетіп жыртылғанша
оқылды. Оны сол заманда Дала және Түркістан уалаяттарына немесе 9 облыс
және 1 губернияға бөлінген (Қыр баласы. Қазақ. «Қазақ» газеті, 1913 жыл, №
8)
Қазақстанның
түкпір-түкпіріндегі
жұрт
жаздырып
алды.
«Қазақ» газетін метрополияның Киевтен Қазанға, Санкт-Петербургтен
Томскіге дейінгі университеттерінде білім қуып жүрген қазақ студенттері
жаздырып оқығаны туралы деректер кездеседі. Аз уақыт ішінде «Қазақ» 5
миллионға жуық көшпенді халықтың көпшілігі білетін басылымға айналды.