Мұхамеджан Тынышбайұлы
Мұхаметжан Тынышбайұлы (1879-1937) — қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері.
Мұхамеджан Тынышпаев, басқа да Алашордалықтар сияқты қазақ халқының болашағы туралы армандап, бірақ армандарына жете алмай кеткен ұлы тұлға. М. Тынышпаев Орта Азиядағы маңызы зор темір жол — ТүркСібті салуға қатысқан қазақтың алғашқы инженер-теміржолшысы. ТүркіСібті салу кезінде, М. Тынышпаев «Теміржол - қазақ жеріндегі техникалық үрдіс пен әлеуметтік дамудың бастауы болады» деп қуанған болатын.
Білім жолы –
1889-1900 жылдары Верный ерлер гимназиясында оқып, оны үздік бітіріп шығады. 1900-1906 жылдары Санкт-Петербургтегі І Александр атындағы жол қатынасы инженерлерін даярлайтын институтта оқыды.
Ал 1917 жылы «Алаш» партиясы құрылады. Сол уақытта Тынышбаев қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі, ұлтымыздың болашағы үшін қабылданған тарихи шешімдердің басы-қасында жүреді. Бірінші және екінші жалпықазақ съездеріне қатысады. Алаш партиясын және қазақ комитеттерін құруға ат салысқан тарихи тұлғалардың бірі болды. Алашорда үкіметін құруға араласты. Өзі де Алашорда үкіметінің құрамына кірді. Бұл Тынышбаевтың қазақ мемлекеттігін жаңғырту әрекетін қолға алған тұлғалардың қатарында болғанының айқын дәлелі.
ТүркіСіб –
1926 жылдан бастап Тұрар Рысқұловтың қолдауымен Түркістан-Сібір жолын салуға қатысады. Теміржолшы ретінде Мұхамеджан Тынышпаев бұл жобаға тәжірибелі инженер және жергілікті жердің ой-шұңқырын, ерекшеліктерін жақсы білетін адам ретінде тартылды. Сол кісінің арқасында, жолды салу жобасын дайындау кезінде М. Тынышпаев теміржолдың «Шоқпар» нұсқасын ұсынып, әріптестері мен басшылықты соны мақұлдауға көндірген. Нәтижесінде, бұл Түрксіб құрылысын бір жылға қысқартып, миллиондаған кеңес рублі үнемделген болатын.
Ақталып шығуы –
1959 жылдың 29-қыркүйегінде Мұхаметжан Тынышбаев Қазақ КСР-сы Жоғарғы сотының және 1970 жылы КСРО прокуратурасы мен Түркістан әскери округының прокурорының шешімімен ақталып шықты. 1993 жылы Мұхамеджан Тынышпаевтың туған жерінің маңындағы Қарғалы ауылында инженерге арналған алғашқы ескерткіш ашылды.
2000 жылдың 23 мамырында Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына тұңғыш теміржолшы М. Тынышпаев есімі беріліп, кейінірек Академия «Қазақстан темір жолы ҰҚ» АҚ құрылымдық бөлімшесіне айналды. Ал 2007 жылы Сарқан қаласында салтанатты түрде Мұхамеджан Тынышпаевтың мұражайы мен даңқты инженерге арналған тағы бір ескеркіш ашылды.
Қазір Алматы қаласындағы М. Тынышпаевтың ескерткіші инженердің есімімен аталатын Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының алдынан да бой көтерген. М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Алаш қайраткерінің атын ғана емес, өнегелі мұрасын сақтап келе жатқан жалғыз жоғарғы оқу орны. Атап айтсақ, академия мұражайында Мұхамеджан Тынышпаевтың көзі тірісінде қолданған заттары сақталуда. Академия кітапханасында Мұхамеджан Тынышпаевқа арналған кітаптар мен оқулықтар бөлімі бар.
- саяси қайраткер ретінде құқы аяққа тапталған ұлтының теңдігі жолында дәйекті іс атқарды;
- маман-теміржол инженері ретінде төңкеріске дейін де, одан кейін де шойын жолды салуда ұлт мүддесін бірінші кезекке қойды;
3.публицист ретінде орыс тілінде шыққан мақалаларында Петербордың зиялы қауымына патша шенсуніктерінің әділетсіздігін жеткізсе, қазақ тіліндегі мақалаларында қандастарына теңдік алудың жөн-жобасын көрсетті
4.тарихшы ретінде қазақ елінің көне дәуірден бүгінге дейінгі шынайы тарихын жасаудың батыл бағыттарын іс жүзінде анықтап берді.
Қортынды:Мұхамеджан-
Назарларынызға рахмет - Дайындаған:Рахметуллина Жасмин 1аКШО-9
Достарыңызбен бөлісу: |