0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет263/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

211 
 
уағыздайтын дидактикалық мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең-
жыр жолдарын ұсына отырып, тәрбиелік маңызына ерекше көңіл бөлген. 
Белгілі 
түркітанушы, 
академикА.Н.Кононов 
«Отандық 
түркітанушылардың 
биобиблиографиялық 
сөздігі» 
деген 
еңбегінде, 
А.Байтұрсыновтыңқазақ әліппесінің авторы екендігі, қазақ тілінің 
фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, әдебиет теориясы мен мәдениет 
тарихы оқулықтарын жазғандығын көрсетеді. 
Білім беру жүйесіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, 
ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға 
және шыңдауға бағытталған өмірлік құндылықтар барша адамзат баласына 
тән 
рухани 
қажеттіліктер 
болып 
саналады.А.Байтұрсынов 
шығармаларындағы өмірлік құндылықтар адамның өзін, айналасындағы 
адамдарды, әлемді және адамзаттың рухани тәжірибесін тануына байланысты 
қалыптасады.Өмірлік құндылықтардың қалыптасуында адамның ішкі жан 
дүниесінің даралығы мен тазалығы, тән мен жанның үндестігі маңызды рөл 
атқарады. 
Бүгінгі таңда тілші-ғалымдар А.Байтұрсынов тұжырымдамаларын 
«қазақ тіл білімінің бастауы» деп танып, оны ғылыми тұрғыда жүйелеп, 
бүгінде білім беру бағдарында пайдалануда.Қорыта айтқанда, қазақ тіл 
білімі мен әдебиеттану теориясының негізін салушы, ұлт мектебінің ұлы 
ұстазы – А.Байтұрсыновтың әліпбиін ұлтымызға жасап кеткен мұра екені 
ұмытпай, тілді оқыту әдістемесіне қалдырған еңбектерінің бүгінде маңызыды 
екенін айта келіп, сол ойды дамыту бағдарында жұмыс жасап, қазақ тілін 
оқытудың жолдарын тереңдету қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет