0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет266/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

213 
 
адам екендігін жырдан үзінді келтіріп, оқырмандарға үлгі етеді. 114-115 
беттер . А. «Әдебиет танытқыш»
А. Байтұрсынұлы салт-дәстүр жырларының бірі — жарапазанға да 
тоқталып өтеді. «Жарапазан» рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында 
балалар, бозбалалар түнде үйдің түсында түрып, жарапазан өлеңін айтады. 
Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, 
ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сиякты нәрселер береді. 
Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын 
үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатындар екеу болып жүріп айтады. Бірі 
жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады», — деп, «жарапазан» сөзінің 
мәнін, тәрбиелік маңызын түсіндіре келе, оның түрлі орындалу тәсілдерінен 
мысал келтіреді. 
А. Байтұрсынұлы қазақтың түрмыс-салт жырларының ішінде ерекше 
мән бергені — «Бесік жыры». Ол: «Бесік жыры, яғни бала тербету — баланы 
ұйқтату үшін айтылатын өлең; бала тербету түрліше айтылады. Бірақ бүгінге 
бірдей жалпы келетін жерлері бар», — деп оның мазмұнын сипаттайды. 
Осылайша ол ұлттық әдет-ғұрыптарға байланысты орындалатын рәсімдердің 
мән-маңызын салмақтай отырып, жеке тұлғаның рухани, адамгершілік 
қасиетін қалыптастырудағы халықтық мұраның рөлін айқындайды. 136,142 
беттер.
А. «Әдебиет танытқыш»
Тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлының «Қандай сәулетті сарайлар 
болсын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-күй 
болсын - сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің 
қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша 
сөз өнері атқара алады» деген. 
Баланы дұрыс тәрбиелеу өнер деп алсақ, А.Байтұрсынұлының «Ал 
басқа өнердің бәрінің де, қызметін шама шарқынша сөз өнері атқара алады» 
деген сөзі арқылы бала тәрбиесін тәрбиелеуде сөз өнерінің ерекшелігін, сөз 
өнерінің ерекше қажеттілігін қайта, қайта айтып кеткендей.
«Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын 
жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу кітабында зат есім, сын есім, етістік, 
есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз 
таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық 
терминдерді түзей отырып, бала тәрбиесін ескере отырған. Келтірген 
мысалдары мақал-мәтелдер. 
Мысалы: Сан есімге түсінік бере келе , баланы дағдыландыру кезеңіне 
тоқталып, сынау кезеңінде мақал –мәтелдерден мысалдар келтірген. 
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіріп, сан есімнің астын сызып 
көрсетіндер. 
Мың қойшыға бір басшы. Екі рудан би болса, ел байсал таппас, екі кісі 
қағысса, бір кісіге орын болар. Ер қаруы — бес қару. Бір кісі мың кісіге олжа 
салады. Бір күн дәм тартқанға қырық күн сәлем. Үйінде екі қатын болса, 
ойран болар, екі сиыр болса айран болар. Елу жылда ел жаңа. Жетесіз жаман 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет