0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет267/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

214 
 
жас бала тоқсандағы шалмен тең. Тоғышардың баласы жиырма бесте жаспын 
дер, ораздының баласы он бесінде баспын дер. Жеті атасын білмеген – 
жетімдіктің салдары, әзіл сөзді ауырлау – шетіндіктің салдары. Өтірік екеу, 
шын төртеу. Жігіт кісіге жетпіс өнер де аз. Бір тәуекел бұзады мың қайғының 
қаласын, бір жақсы сөз бітірер мың көңілдің жарасын. Бас екеу болмай, мал 
екеу болмас. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Төртеу түгел болса, 
төбедегіні алар, алтау ала болса, ауыздағы кетер. Сексен інген боталап, сегіз 
келін қомдасын. 
Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері ұлттық құндылықты, білімді
қайдан,қалай алуға үйрету, түсіндіру. Мысалы: «Оқу құралының ең ұлығы – 
бала оқытатұғын кітап» («Жазу тәртіб»). «Білімнің бас құралы – кітап» 
(«Білім жарысы»). «Үйрету деген – өнер. Өнердің шені-шегіне ешкім жете 
алмайды. Өнер артыла береді, жетіле береді. Оны осы күнгі өнерлі 
жұрттардың істері көрсетіп отыр» («Ана тілінің әдісі»). «Әліп-би деген – 
тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы» (Байтұрсынұлы 
Ақыметтің араб әліп-биін жақтаған баяндамасы). «Бала білімді тәжірибе 
арқылы өздігінен алу керек» («Тіл жұмсар». Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс 
тәжірибесі арқылы танытатын 1-інші кітап. Қызылорда – 1928) «Газет – 
халықтың көзі, құлағы һәм тілі» («Құрметті оқушылар!»). «Газет қызметі – 
халыққа бас, көз, құлақ, тіл болып ұлтының ар-абыройын күзетіп, жұртын 
жақсылыққа бастау, жаманшылықтан сақтандыру» (Орынбор, 2 февраль). 
«Көсем сөз әлеуметке басшылық есебінде айтылатын сөз болғандықтан, жұрт 
ісіне мәні зор болады. Басшылығы дұрыс болса, әлеуметті түзейді. Теріс 
басшылық қылса, әлеуметті адастырады. Солай болған соң көсем сөз жазып, 
әлеуметке басшылық қылатын адам көпті көрген көсем, білімді адам боларға 
керек» («Әдебиет танытқыш»). 
ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшыларының бірі 
болған Ахмет Байтұрсынұлының
 
туған тіліне деген құрметі жоғары болды. 
Оны бәрінен биік қойды. Ахмет Байтұрсынұлының тіл туралы тағылымдары 
баланы ғана емес, қазақ халқын ұлттық құндылықтарының бірі - қазақ тілін 
құрметтеуге, ұлықтауға тәрбиелейді.
 
«Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта 
адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп 
болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де 
жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың 
тілін аздыруға тырысады.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет