0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет270/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

216 
 
алға тартып отырды. Сондықтан жолсызға жол, бағытсызға жөн көрсететін, 
адасқанның алдынан шығатын «Темірқазық» іспетті. Менің ойымша, 
Абайдың даналық деңгейдегі жетістігіне айналасындағы үлкендердің ықпалы 
зор. Зередей ақылгөй әженің, Ұлжандай кемеңгер ананың, Құнанбайдай 
шешен де саясаткер әкеден алған тәлім мен тәрбиенің нәтижесі де осылай 
болары анық. Менің айтпақ ойым, бала тәрбиесі ең алдымен отбасында 
дұрыс өріліп, одан кейін мектеп қабырғасында жалғасын табуы керек. 
Мектеп пен отабасындағы тәрбиенің бір-бірімен тығыз байланысып, астасып 
жатқанда ғана жемісті болары сөзсіз. 
Білім ордасы - тәрбиенің ошағы деген қалыптасқан пікір бар. 
Расында да қоғамдағы құбылыстарға жан-жақты дайын болуға, өмірлік 
құндылықтарды сақтай білуге үйрететін мектеп тәрбиесі. Ең алғаш келген 
күннен бастап мұғаліммен дұрыс тіл табыса білудің өзіндік орны бар. 
Қазақта: «Сәлем – сөз басы» деген тағлым бар. Олай болса мектепке келген 
шәкірттің 
айналасындағылармен 
дұрыс 
байланысы 
амандасудан 
басталатынын ұмытпағанымыз дұрыс. Қазір қоғам дамып, заман жаңашыл 
сипат алды. Осыған сәйкес адамдар да жаңашыл тұрғыда әрекет етуі тиіс. 
Соңғы жылдары білім беру жүйесіне еніп жатқан жаңалықтар көп ұзамай өз 
нәтижесін көрсетті. Білім мен тәрбиенің егіз ұғым екенін ескерсек, білім 
беруде тек оқулықтағы тапсырманы орындатумен шектелмеуіміз қажет. 
Жаңаша әдіс-тәсілдердің барлығы оқыта отырып тәрбиелеуге бағытталуы 
тиіс. Біз жаңа дәуірдегі Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұрпақты 
тәрбиелеудеміз. Олардың әрекеті, білімі, тәрбиесі осы үдеден шыға білгенде 
ғана озық өркениеттің тұлғасына айналарымыз анық. Бүгінгі ұрпақ 
тәрбиесіндегі басты ұстаным – ұлттық сипатта болуы шарт. Біз бір ғасырға 
жуық Кеңес үкіметінің шырмауында болып, уақытты да құндылықтарды да 
жоғалтып алдық.
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап сол құндылықтарымызды 
қайта жаңғыртуға басымдық бердік. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың: 
«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты стратегиялық мақаласы 
жарияланды. Негізгі идея – ұлттық кодты сақтап қалу. Қазақ баласы қанша 
білімді болып, озық өркениетте өмір сүрсе де, ұлттық болмыстан ажырамауы 
керек. Себебі біздің тегіміз қазақ, түбіміз Алаш. Қазір ақпараттық 
коммуникативтік құралдардың дамыған дәуірі. Жаһандану кезеңіндегі 
сандық технология біздің тұрмысымызға еніп, қалыпты құбылысқа айналды. 
Балалардың дені смартфонға таңылып, әлеуметтік желілерге табынып қалды. 
Алайда, «Өзгенікі таңсық, өзімдікі қаңсық» деп батыс пен шығыстық 
мәдениетті үлгілеп жүргендері қаншама? Сондықтан сабақ процесінде 
қолданылатын әр стратегия адамгершілік тұрғыда білім беруге бағытталуы 
тиіс. Егер баланың жасынан берілген ұлттық болмыстағы тәрбиесі мықты 
болса, болашақта дұрыс, кемел азамат болуының кепілі деп есептеймін. Жай 
ғана тарихи фильмдерді сабақ кезінде оңтайлы қолдана білу жолдарын 
қарастырған дұрыс. Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы: «Әдіс- керекшіліктен 
шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет