АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АҒАРТУШЫЛЫҚ БАҒЫТ Қойшыбаева Майра Ахмет Байтұрсыновтың өмірін ғылым, білімнің дамуына, ағарту ісінің
жандануына арнады.
Оқу- тәрбие жұмысын жетілдіру саласында із қалдырған «Тіл құралы»,
«Әдебиет танытқыш», «Әліпби» т.б оқу құралдарын жазумен қатар қазақ тілі
мен әдебиетін оқытудың әдістемелерін зерттеумен айналысты.
Тілдің табиғаты, араб алфавитін жетілдіру, терминдер жайлы ғылыми өрісі
жоғары еңбектері дүниеге келді.
1926 жылы Бакуде түрколегтардың I съезіне қатысып, араб, түркі тілдері мен
сол тілде қолданылатын әліпбилер туралы баяндама жасауы, мәдени-
ағартушылық, ғылымдық қызметінің жоғары деңгейде екендігін көрсетеді.
Абай салған жолмен орыс әдебиетінің классигі И.А.Крыловтың туындысын
аударып «Қырық мысал» деген атпен бастырып, оқулық есебінде шығарады.
Байтұрсынов Крыловты аударуда да ағартушылық мақсатты басты назарға
алды.
Халықтың өмірі, надандығы, жалқаулығы, алауыздығы ой салып,
әшкере ететін мысалдарды таңдап аударды.
Отарлау саясатының өзі халықтың хал- ахуалын төмендетіп, қиналғанын
көре білген Ахмет Байтұрсынов 1913 жылы «Жиған- терген» атты өлеңінде:
«Қанған жоқ па әлі ұйқың,