0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет271/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

217 
 
қылуына қарай» деген пікірі осы мәселенің нүктесін қойғандай. Сондай-ақ, 
қазақ ертегілері мен аңыздарының желісінде түсірілген мультипликациялық 
фильмдер, ұлттық тәрбие туралы бейнероликтер жаңашыл білім мен тәрбиені 
қалыптастыруда ерекше мәнге ие. Оқу үрдісіне іріктелген жаттығу, 
тапсырма, ойындардың шығармашылық сипатта болуы маңызды. Оның 
маңыздылығы төмендегіше сипатталауы тиіс: 
-оқушылар үшін өмірмен байланыстылығы; 
- олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуына ықпал етуі; 
- қызығушылығын туғызуы; 
- белгілі бір нәтижеге бағыттылығы. 
Адам баласы өмірге патриот болып келмейді. Жан-жағындағы құбылыстар 
мен берілген тәрбиенің арқасында түрлі сезімдері қалыптасып, адами 
тұрғыда дами бастайды. «Біз өз бойымыздағы әдеп сезімін дамытуға тиіспіз, 
өйткені адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуы мүмкін. Бұл 
қателігі үшін адамдар өмірден өте көп зиян шегеді...» деген И.Гетенің
тұжырымы тіл ұшына еріксіз оралады. Жоғарыда айтып өткенімдей, әдепті 
арлы болу, адамгершілікті болу қазаққа ғана тәне қасиет. Жаңашыл болу 
жаңалық ашу деген сөз емес. Ескіге жаңаша тұрғыда өң беріп, жаңғырта 
отырып қолданысқа енгізу. Бойында қаны бар, намысы бар әрбір адам енді 
тәуелсіздігімізді қалай кемелдендіреміз, елдің көсегесін қайтсек көгертеміз 
деп ой-санасын қамшылауы тиіс. Бүгінгі біздің тақырыпқа арқау болған 
инновациялық тұрғыда тәрбиелеу – оқушыны интеллектуалды, кәсіптік 
адамгершілік, рухани азаматтық және адами келбетінің қалыптасуына әсер 
етеді, өзін-өзі дамытуға көмектеседі.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үмітін артар ұрпағын білімді, 
мәдениетті, озық ойлы етіп шығару – ұстаздардың алдына қойылған міндет. 
Осы тұрғыда инновация, инноватор деген терминдер қолданысқа енді. 
Инновациялық тәсілдерді меңгеру үшін мұғалімнің өзі шығармашыл, 
ізденімпаз сипатта қалыптасуы шарт. Сондықтан қазіргі білім берудің ұлттық 
моделіне өту – оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселесіне айналып отыр. Бала 
жас бұтақ секілді, қалай исеңіз солай майысады. Тәрбие мен білім де қалай, 
қаншалықты дәрежеде берілгеніне байланысты сол өз жемісін беретін 
болады. Менің ұстанымым бойынша – әр баланың тұлға болып қалыптасуы 
санасына сіңірген білім мен бойына егілген тәрбиенің дұрыстығына 
байланысты. Рухани бай адам – кез келген жаңалықты жатырқамай 
қабылдап, жаңа тұрпатта өмір сүруге бейім келеді. Себебі руханилықтың 
астарында жан тазалығы, Абай айтқан жылы жүрек, ыстық қайрат, нұрлы 
ақыл бар. Ал мұндай қасиеттер бойынан табылған адам бес қаруы сай батыр 
сияқты. Ежелде ата-бабамыз жаугершілік заманда ақ білектің күшіне, 
ақнайзаның ұшына сеніп, сан ғасырлық арманын аяқ асты етпеу жолында 
өмір сүрді. Ал бүгінгі күннің талабы мүлде басқаша. Өткен тарихты сыр қып 
айтып, бүгінгіні шындық деп таныған адам ертеңін кемел етуге дайын 
тұрады. Хан Абылай: «...Білекке сенген заманда, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет