223 халықтың сөйлеу тәжірибесіне икемдеу ушін, ғылыми терминдерді жасауға
кірістім және стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» , - деп
жазады (Архив КазПИ им. Абая. Опись Л-1, связка No 6 «Б», д. 209).
Ұзақ ғасырлар бойы қолданыста болған араб жазуының халықты тез әрі
жаппай сауаттандыру жолында бірқатар кедергілері мен қиындықтары болды
және араб әліпбиін пайдаланған күллі түркі халқы ортақ орфографиялық
заңдылыққа бағынған болатын. Ал бұндай жазуды ұлттық деңгейге көтерудің
ең басты тәсілі ретінде А.Байтұрсынұлы араб әліпбиінқазақ тілінің дыбыстық
заңдылығына сәйкес реформалау деп білді, осылайша ұзақ ғасырлар бойы
қолданылып келе жатқан араб графикасына өзгеріс енгізу идеясын алғаш
көтеріп, оны іс жүзінде реформалады. Араб жазуын реформалауға түрткі
болған ең басты себептер мыналар еді: бір дыбыс бірнеше әріптермен жазыла
беретін, дауысты дыбыстар көп жағдайда таңбаланбай, араб тілінің
заңдылығына сәйкес харакаттар арқылы берілетін, қазақ тіліндегі тоғыз
дауыстыға үш таңба (а, у, и) ғана арналған болатын. Міне, осымен
байланысты жазылған сөздің мағынасын ажыратуда қиындықтар мен
кедергілер көп еді және дауыстыларды таңбалайтын әріптер жеткіліксіз
болатын. Араб әліпбиіндегі осындай кемшіліктер халықты сауаттандыру ісін
тежеді. Бұл қиындықтарды шешудің жолын тауып, ұлттық әліпбиді
құрастырған және ана тілінде сауат ашудың ең тиімді құралын жасап шыққан
А.Байтұрсынұлы болды.
Көсемсөз шебері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттеріне
араб таңбаларын жетілдіру, лингвистикалық терминдерді тілге енгізу (дыбыс,
әріп, жуан, жіңішке, т.б.) туралы ой-пікір қозғады. Оның араб жазуын қазақ
тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртышылығы, әсіресе мұғалімдер жылы
лебізбен қабылдады. Себебі бұл реформа қазақ тілінің табиғатына, яғни
сингармонизм заңдылығына сүйеніп, ғылыми түрде жасалған еді. Сондай-ақ
Байтұрсынов ұсынған емле 1913 жылдан бастап мұсылман медреселерінде
де, орыс-қазақ мектептерінде де қолданыла бастады. А.Байтұрсынов 1926
жылы «Әліпбидің» жаңа түрін осы күнгідей суреттерімен берілген «Әліппе»
кітабы: «Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы «Әліпбиі» қазақ жұртына орасан
зор пайда келтірген еді… Мынау жаңа «Әліпбиі» бұрынғысынан артық.
Мұның мазмұны қазақ жағдайына сай болып шыққан. Әңгімелері бала үшін
қызықты, жеңіл, заманға лайық», - деп бағаланды. Осылайша, ол оқу
жүйесіне түбегейлі реформа жасады. Өйткені соған дейінгі оқыту жүйесі таза
араб тілінің фонетикалық ерекшеліктеріне негізделіп, құран сүрелерін
жаттауға бағытталатын әрі жазба тіл араб, парсы, түркі тілдерінің
грамматикалық ерекшеліктеріне сүйенетін. Қарапайым халықтың ұғынуына
қиын тиетін бұл оқыту жүйесін ұлттық, жалпыхалықтық деңгейге көтеріп,
«жаңа (жәдид) бағытта» дамытты.
Ұлт көсемі қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде (Орынбор, 1924),
құрылтайында (Баку, 1926) араб жазуындағы әліпбидің қажеттілігін,
құндылығын жан-жақты тұжырыммен дәлелдеген ғылыми баяндама жасады.
Бұл әліпби ұлттық жазудың қалыптасуындағы ірі мәдени жетістік болып