0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет280/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

224 
 
табылады. Ол халыққа ғылым-білімнің қажеттілігін түсіндірумен ғана 
шектелмей, білім беру ісін жолға қоюға күш салды. Орыс, татар 
мектептерінен оқып шыққан ұлт мамандарының өз тілін қолданудағы 
кемшіліктерін көріп: «Әр жұрттың түрінде, тұтынған жолында, мінезінде 
қандай басқалық болса, тілінде де сондай басқалық болады. Біздің жасынан 
не орысша, не ноғайша оқыған бауырларымыз сөздің жүйесін, қисынын 
нағыз қазақша келтіріп жаза алмайды не жазса да қиындықпен жазады, 
себебі, жасынан қазақша жазып дағдыланбағандық» деп тұжырымдады. 
Байтұрсынов оқытудың түрлі әдістерін зерттей жүріп, қазақ 
мектептерінің мұқтаждығын өтеу мақсатында 1912 жылы «Оқу құралы» атты 
еңбек жазды. Аталмыш еңбек – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі 
саналды Бұл әліппе оқытудың жаңа әдістері тұрғысынан өңделіп, 1925 жылға 
дейін бірнеше рет қайта басылды. Бұл құрал қазіргі әдістеме тұрғысынан күні 
бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Байтұрсынұлы қазақ тілінің тазалығын 
сақтау үшін көп еңбектенді. Өзі жазған «Өмірбаянында» (1929): 
«…Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 
мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі 
мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, 
қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, 
синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; 
төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық 
сөйлеу 
тәжірибесіне 
ыңғайластыру 
үшін 
ғылыми 
терминдерді 
қалыптастырумен айналыстым» дейді.
Ғалым қазақ тілін пән ретінде үйрететін тұңғыш оқулықтар жазды. 
Қазақ тіл білімінің терминдерін алғашқы болып қалыптастырып және оның 
негізгі салаларын: Дыбыс жүйесін (фонетика); Сөз жүйесін (морфология); 
Сөйлем жүйесін (грамматика) тұңғыш рет зерттеп, ғылыми негізін салып 
берді. Сөйтіп, үш бөлімнен құралған «Тіл – құрал» жарық көрді. Оқулық 
қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ 
тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін 
салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми 
тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл 
грамматикалық терминдерді қалыптастырды. Мысалы: зат есім, сын есім, 
етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, 
сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық 
терминдерді жасады. Бұл оқулық – «Қазақ тіл білімі» атты ғылым саласының 
ана тіліміздегі дұрыс жазылған, жақсы бастамасы. Себебі қазақ тілінің 
дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз топтарын ажыратып, сөз 
тұлғаларын көрсетуде де, сөздердің септелу, тәуелдену, жіктелу тәртібін 
танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да бүгінге дейін 
А.Байтұрсынұлының аталған оқулықтарының негізі сақталып келеді. Тілдік
әр категорияның классификациясынан бастап, барлық терминдеріне дейін
қазіргі мектеп оқулықтарында А.Байтұрсынұлының ізі бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   276   277   278   279   280   281   282   283   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет