226 Ахмет Байтұрсынұлының есімі бүгінгі таңда әр жас ұрпақ жүрегінде
жатталып, мәңгі есте қалары хақ.
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі
мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай. Оның
өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз
қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір
маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол халықпен біртұтас, қалың елмен
тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері
санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа
сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы
үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Теоретик
А.Байтұрсынұлы таза ғылыми зерттеулермен шектелмей, күнделікті
сұранысты өтейтін оқулықтар жазу арқылы да білім беру саласына нақты
үлес қосуға мән бергені яғни ғылыми зерттеулердің нәтижелерін
қолданыстан шықпайтын өміршең оқулықтары арқылы қалың қазақ елінің
игілігіне асыруы – шынайы зиялы іскерліктің үлгісі болып қала бермек.
«Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет қылатын деген қазақ балалары
қазақ жұмысына қолынан келгенше, қарап тұрмай, кірісіп істей білсе – ұлт
жұмысы ұлғайып, толықпақшы».