Еңбегі ерен азамат



Дата29.01.2018
өлшемі54,31 Kb.
#35916
Еңбегі ерен азамат

Үлкен досым, әріптесім болған Орал Қабекенұлы Рахимов жайлы сыр шертпекпін. Ер- азаматтың төрт жұрты бар деп есептеймін - төртінші жұрты ол қымбат достар жұрты, басқа жұрттар сияқты мін - сын тақпайды, қолынан келгенше қолдайды, көмектеседі...



Менің төртінші жұртымның біреуі, бірегейі Рахимов Орал Қабекенұлы. Орал Қабекенұлы Рахимов 1954 жылы 7 наурызда Дөңғілағаш ауылы, бұрынғы Көкшетау ауданында дүниеге келген. Ал оның жары, бүгінде орны толмас... Майкен Хамитқызы Джуасова - Зеренді тумасы.Бұл кісілермен қызмет бабымен таныстым., яғни Көкшетау педагогика институтын бітіргеннен кейін екі - үш жыл көрші ауылда Шестековка орта мектебінде қызмет істеп, 1979 жылы күзде Айсары орта мектебінде оқу - тәрбие жөнінде директордың орынбасары және физика пәнінен сабақ берсе, жұбайы Мәйкен физика- математика пәнінен сабақ берді. Аз уақытта оқушылар мен мұғалімдердің ортасында білім - біліктілігімен және ашық, жайдары мінездерімен құрметке бөленді. Алланың жазуымен біз екі қабатты үйде, қарама - қарсы есікте бір - бірімізбен жақын араласқан көрші болдық. Орал мектепті қазақша облыс интернатында оқып, орысшаға шорқақтау, ал өз тілінде алдына сөз салмайтын ағып тұрған шешен және күлдіргі әңгімелер айтып отырған жерін ойыy күлкіге бөлеп отыратын домбырашы, әнші. Үлкен қызы Айнаш Айсарыға келгенде екі - үш жаста ғана үлпілдеген нәзік еді. Айсарыда екеуі ұлды болып, біз кіндік әке- шеше болдық, өкінішке орай 15 жасында дүниеден өтті. Мен ол кезде тәрбие жөнінен директордың орынбасары болып істеп, Орал екеуіміз қоян - қолтық жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жеттік. 1980 жылы екеуімізде екі елге Айсары мен Ленинградский мектептеріне директор болып тағайындалдық. Айсары мектебі дәстүрлі ән -күй саласынан аудан бойынша ерекше көзге түсіп жүрді және Айсары оқушылар бригадасы бірнеше жыл аудан, облыс көлемінде жүлделі орындарға қол жеткізіп жүрді оған Орал Қабекенұлының қосқан үлесі өте зор болды. Сонымен қоса Айсары оқушылары еркін күрестен аудан командасының негізін қалады. Аудан бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен Смағулов Зайкен Смағулұлы және физикадан Орал Қабекенұлы мен жұбайы Мәйкен Хамитқызы екеуі үздік танылып аудан мұғалімдерімен тәжірбие алмасып, методикалық бірлестіктерге жетекшілік етті. Аудан бойынша оқушыларды тегін тамақтандыру басшылармен тіл табысып, бірінші болып бастады. Басқа мектептерде 1-4 аралығы болса, Айсары мектебінде 1-11 сыныптарын қамтыды. 1988 жылы денсаулығына байланысты директор қызметін тастап, маған елге кел деп, 1988 тамыздың 27-нде мен елге мектеп директоры болып тағайындалдым. Орал Қабекенұлын мұғалімдер, оқушылар, ата –аналар арасында үлкен абырой-құрметке ие болғанына көзім жетті. 1990 жылы білім беру үздігі белгісімен марапатталды. 1995 жылы туған елі Дөңгілағашқа мектеп директоры болып қоныс аударды. Ал жолдасы Мәйкен екеуі мектепті қолға алып, Мәйкен Айсары мектебінде 8 жыл оқу- тәрбие ісінің мектеп директорының орынбасары болып істеді. Аудан бойынша орталау мектептерінің арасында жақсы жетістіктерге жетіп мол тәжірибелермен әріптестерімен бөлісті және мектепті алдынғы қатарға жеткізді. Ауыл ішінде өздерінің жоғарғы мәдениетті отбасы ретінде танылды. Өз елінде ұлан – ғасыр той жасап қызын Айнашты ұзатты, ұлы Жанболатты үйлендіріп , той жасады. Бүгінде олардан немере , жиендер сүйіп отыр. 2007 жылы мектептерді балалар санына байланысты оптимизация жүріп, сабақтардың қысқаруына байланысты олар отбасымен Шағалалы ауылына қоныс аударып, екеуі агробизнес колледжіне физика -математика пәнінен ұстаз болып орналасты. Аз уақыттың ішінде екеуі де жоғары дәрежелі ұлағатты ұстаз ретінде көрсетіп, бүгінде үлкен құрмет, сыйға ие болды. Колледждің бүкіл іс - шараларына белсене қатысып, мол тәжірбиелерімен бөлісіп, абыройға ие болды. Өкінішке қарай, зейнеткерлікке шығып, бала- шағасының немере, жиендерінің қызығын көретін шақта Мәйкен досымыз орны толмас қайғығы бөлеп, кенеттен жүрек ауыруынан көз жұмды. Біз үшін жаны қымбат жан, ақ дидары, мейірімге толы жанары әрқашан бізбен болады. Орал досымыз басына берген қиындықты көтере білді, қандай ауыр болса да бойын түзу ұстады. Өзінің жүрек жылуын, мейірімін ұл - қызына әріптестеріне, достарына жүрек жылуын аямады.

7 наурыз 2017 жылы зейнеткер жасына жетеді, зейнеткерлердің қатарына қосылады. Біз үшін достарына, ағайын - туыстарына, әріптестеріне қымбат адам болмақ. Еліне қадірлі азамат, қымбатты әке, ата, ағайын- туысқа сыйлы, құрметті, дос - жарандарына ардақты асыл - жан. Қырық жылдан астам уақытын білім саласына арнаған , еңбегі сіңген, үздік атағын алған. Бұл күнде еліміздің әр тарапында шәкірттері қызмет істеп, ұстазына деген үлкен ілтипаттарын, сый - құрметтерін көрсетуде.



Уақыт озады демекші кеше ғана жалынды жастық шақ артта қалып, үлкен өнегемен, көптеген игілікті істермен аты алты Алашқа танымал досымыз, бауырымыз Орал Қабекенұлы Рахимов зейнеткерлік жасқа да жетті. Сіз барлық атқарған мәртебелі қызметтерде  жоғары белсенділік танытып, ел ішінде үлкен беделге ие болып отырсыз. Осындай абзал істерге аянбай еңбек еткен қадірлі азаматқа  деніңіз сау, ғұмырыңыз ұзақ болып,  отбасына береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін!


Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.

Жандар емес босқа уақыт өткерген,
Бар өмірі бала, шәкірт деп келген.
Олар кеше жасай алған ұлылық,
Білім беріп қара тақта, ақ бормен.

Олар сенің атаңды да оқытқан,
Олар сенің анаңды да оқытқан.
Қарайласаң солар жүрген өткенге,
Тәлім алған ағаң-дағы, әпкең де.
Солар айтар, жас көңілің сенбесе,
Саған да ұстаз - осы жандар, ендеше.

Олар да асқақ білім жолын ән қылған,
Тәлім алған талай-талай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.

Бірге жасап өмір-жолда мектеппен,
Өткен талай сынақтардан, өтпектен.
Бүгін, міне, шәкірттері олардың
Өздері ата, өздері әже боп кеткен.

Болашаққа өткеніңмен қадам бас,
Көрінсе де өз заманың саған жас.
Кешегі ұстаз - осы, ізетпен сәлем бер,
Кешегі ұстаз - осы, ұрпақ, амандас.

Березняковка ОМ

Мұнаев Т.К.

( аға ұстаз және тарих

пәнінің мұғалімі)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет