225 Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын
қалаған ғалым-ағартушы. Себебі ол практикалық құрал ретінде «Тіл
жұмсар», мұғалімдерге арналған «Баяншы» деген әдістемелік кітаптар
жазды. 1920 жылы Қазанда “Баяншы” атты оқулығы - оқытудың
методикасына арналған әдiстемелiк құрал.Ол сауаттылықты негiзгi жазуға
жаттықтыру деп қарады. Жазу дегенiмiз – әрiптердiң суретiн салу, ал оқу
дегенiмiз – суретi салынған әрiптердiң дыбысын дұрыс айту. Балалар
дыбысты ажыратып үйренген соң, сол дыбыстың таңбасы – қарiптi көрсету
керек. Оны меңгергеннен кейiн оқу, жазу жұмыстарының бәрiне сол тiреу
болады деп балаларды оқуға, жазуға үйретудiң әдiс-тәсiлдерiн сөз еттi. Оның
оқулығындағы тілдік категорияларды ұғындыру мақсатында енгізген
«сынау», «дағдыландыру» деген арнайы бөлімдер қазіргі заманғы әдістеме
ғылымы үшін де ерекше маңызға ие.
Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым-тілші, әдебиеттанушы
ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. 1923 жылы
Байтұрсыновтың 50 жасқа толғаны Орынбор, Ташкент қалаларында
салтанатты түрде аталды. С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, М.Дулатов,
Е.Омаров сияқты замандастары мақалалар жариялап, Байтұрсыновтың қазақ
халқына сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Әуезов Ахмет туралы «Ақаңның
елу жылдық тойы» деген мақаласында «…Кешегі күндерге дейін бәріміз
жетегінде келгенбіз. Қаламынан туған өсиеті, үлгісі әлі есімізден кеткен жоқ.
Патша заманындағы хүкіметтік өр зорлыққа қарсы салған ұраны, ойымызға
салған пікірі … әлі күнге дейін үйреніп қалған бесігіміздей көзімізге жылы
ұшырайды, құлағымызға жайлы тиеді» деп жазды». Байтұрсынұлы тұлғасына
«аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Ол қазақ тілі емлесінің
реформаторы және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деген
ғылыми әділ баға берілді. Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты,
берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын,
аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов
қазақ елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы.
Оқыту әдiстерiн жетiлдiрудi, оқытудың әдiс-тәсiлдерiн жаңартуды
ойлайды. “Оқыту жайында” атты мақаласында “Оқу жұмысының үш жағы
үш нәрсеге тiреледi. Бiрi ақшаға, бiрi құралға, бiрi мұғалiмге. Осы үш тiреуi
бiрдей тең болса, оқу қисаймайды, ауытқымайды, түзу жүредi… дейдi.
А.Байтұрсынов оқытудың бiлiмдiлiк-танымдық жағымен бiрге тәлiмгерлiк
қызметiне де баса көңiл бөлдi. Әрбiр оқылатын тақырыптардың бiлiм бере
отырып, тәрби де беруiн қарастыруды талап еттi. Ол туған халқының білім-
ғылымға ұмтылуын әр қазақтың тым болмағанда бастауыш білім алуын
армандады. «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек», -
деп жазды.
Хаббас Тоғжанов былай дейді: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап
оятқан Ахметті қазақ еңбекшілері де қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді».
Ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы