0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет77/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

65 
 
Автор қазақ бастауыш мектептерінде қандай пәндер оқытылу керек 
дегенге де арнайы тоқталып, ол пәндерді: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, 
есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек деп саралап 
көрсетеді. А.Байтұрсынов осы пәндердің оқулықтарын шығаруды қолға 
алынғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан, кейбір оқулықтарды 
шығару ісіндегі қиындықтарды қынжыла баяндайды. 
“Қазақтың өмірі орыс халқымен тығыз байланысты” деп келешекке 
көрегендікпен қарап, “орысша оқу орыс қол астында тұрған жұртқа керек. 
Жаңа жолдың көшбасшысы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында. 
Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа – ниетті, жұртына 
қызмет ету…” екенін атап көрсетеді. Қазақ арасына білім нұрын шашуға 
нағыз қолайлы деп ауыл мұғалімдеріне үлкен үміт артады. 
А.Байтұрсынов 
Қазан 
төңкерісіне 
дейінгі 
ауыл 
мектебінің 
кемшіліктерін де дұрыс көрсете білді. “Бұлардың кемшілігі сол – деді ол – 
бала оқыту ғылымын (методикасын) меңгергендер, оқығандар ішінде кем 
болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, усул төте (жаңаша буындап оқыту) 
жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен жаттықтырудың 
оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп 
көрмегендік-тәжірибесіздік” деп оқытудың әдістемелік мәселесін қазақ 
топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды. 
Ол балаларға жылдам хат таныту үшін дыбысты ажырататын 
жаттықтыру әдіс-тәсілдерін терең қарастырды. Сауаттылықтың негізі жазуға 
жаттықтыру деп қарады. Көркем жазу мен мәнерлеп оқу дегендер жазу ісі 
мен оқу ісінің жетілдірілген түрі деген қорытынды жасайды. 
А.Байтұрсынов методикалық бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның 
негізінде 1920 ж. қазанда “Баяншы” деген атпен тілді оқытудың 
методикасына арналған әдістемелік құрал шығарды. Онда автор 
мұғалімдерге “Әліппені” оқытудың, сауат ашудың әдістерін ғылыми тұрғыда 
көрсетіп берді. 
А.Байтұрсынов 
оқытудың 
білімдік-танымдық 
жағымен 
бірге, 
тәлімгерлік жағына да баса көңіл бөлді. Оның жазған “Әдебиет танытқыш” 
атты оқулығы көркемсөз өнерінің қисыны әдебиет теориясының негізін 
тыңнан тұңғыш салған, жүздеген әдеби білімдік терминдерді тұңғыш 
тілімізге енгізген аса құнды ғылыми еңбек болды. “Өнер дүниесі ғылым 
арқылы да жасалады. Ол адам еңбегін жетілдіруге, жаңалық табуға, 
табиғатты меңгеруге, адамдардың әлеуметтік-өмірлік қажетін өтеуге қызмет 
етеді… Мұнан басқа адамның рухани қажетін өтеу үшін қызмет ететін 
түрлері бар. Ол көркемөнері (искусство), ол беске бөлінеді: біріншісі – сәулет 
өнері, екіншісі – сымбат өнері, үшіншісі – кескін өнері, төртіншісі – әуез 
(музыка) өнері, бесінші және ең бастысы сөз өнері (“өнер алды қызыл тіл”)” – 
дей келіп, бұлардың бәрі адамды әсемдікке бөлеуге, табиғаттың тамаша 
сырларын танып білуге тәрбиелейтіндігіне тоқталады. 
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың орны қандай болса, қазақ тіл білімі 
мен мәдениеті тарихында Ахмет Байтұрсыновтың орны сондай. Оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет