ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ Досмаханова Бану Ельбаевна
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ үшін қасиетті есімдердің біріде бірегейі. Өз
елінің бағы жанып тұруы үшін барлық сала бойынша бой көрсеткен тұлға.
Осылай айтуымызға дәлел – оның даңқы. Ахмет-қоғам қайраткері, ақын,
әдебиет
зерттеуші
ғалым,
түркітанушы,
публицист,
педагог,
ағартушы,ұлттық жазудың реформаты, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану
ғылымдарының негізін салушы ғалым.
« Ахметтің тағдыры қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр, ғұмыры ащы,
арманға толы алайда тек қазақ үшін ғана емес жалпы адамзатқа үлгі
боларлық тағдыр» деп сипаттаған.Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы 5
қыркүйекте Ақкөл ауылы, Жангелді ауданы, Қостанай облысында дүниеге
келді.
«Ұлт ұстазы кім?»деген сұрақ болса, ойымызға алғаш келетіні Ахмет
Байтұрсынұлы. Педагог мамандығы ХХ ғасырдың бас кезінде үлкен
құрметке ие болғаны анық. 1882-1884 жылы ауыл мектебінде оқыды,
Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін (1890), Орынбордағы
мұғалімдер мектебін 1895 жылы аяқтап шығады. Ағартушылық қызметіне
кірісіп, халықтың сауатын ашып, білім жолына түседі. 1895-1909 жылдар
аралығында Ақтөбе, Қостанай Қарқаралы уезіндегі орыс – қазақ
училищесінде қызмет атқарып жүріп қоғамда болып жатқан құбылыстардан
қалыс қалмады.