67 Өмірінің бір қыры ол – саяси қызметі. Ахмет педагогтық саланы
дамытып қана шектелмей, халық бойындағы зейінінің езілгенін,
қараңғылықта жатқанын көріп қадірлі де қасиетті ұлт мүддесі жолындағы
жолды таңдады. «Алаш» атты саяси ұйымы құрылды, ұйымды
құрушылардың бірі және белсенді мүшесі Ахмет Байтұрсынов болды.
Ұйымның сол кездегі мақсаты – жер мәселесі, рухани жағынан отарлау, дінді
отарлаут.б. мәселелері қаралған болатын.
Тәуелсіздік алған жылдарға дейін Ахмет Байтұрсынов есімі мен
шығармалары көпшілік жұртқа таныс емес болатын. Себеп біреу ол – «Халық
жауы» болып есептелді. Тәуелсіздік алған сәттен мұралары зерттеле бастады.
Ахмет Байтұрсынов «Ел бүгін үшін, менікі ертең үшін» деп жазған
еңбектерінің барлығын келешек жастарға арнағанын ұғамыз. Ақынның
алғашқы кітабы «Қырық мысал» (1909), екінші кітабы «Маса» (1911).
ХХ ғасырдағы қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салған хан көсемі деп
бейнелесек артық айтпағанымыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының
Білім
және
ғылым
министрлігі
«Әліппе»
мазмұнын
Ахмет
Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде даярлауды ұсынды.