66 өмірбаяны, бар тірлік-тынысы, ой-арманы туған халқына деген қалтқысыз
қызметтен тұрады. Оның өмірін сондықтан да жеке адамның, жеке бір
маманның өмірі деп қарауға болмайды. Ол халықпен біртұтас, қалың елмен
тамырлас, ел жүгін қайыспай көтерер нағыз халық перзенті.
Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында
жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген
үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін
қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.