143 1-оқушы: Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан
сахналық көрініске кезек берейік.
Сот үрдісінен көрініс ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен : -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы
1873 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-
қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы.
Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған.
Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек
көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын
қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түрде
ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне,
баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58
бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!
(
тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады) Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен
Өз ауылымның иттері үріп қашқаны...
Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,
Айдай бер қалса адамның қуылмаған.
(
Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайра шығады) Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары-көр,
Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.
Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,
Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.
Оқушы: 1937 жылы екінші рет ұсталып, сталиндік репрессияның пышағына ілініп,
атылады. Қазақ халқы өзінің рухани көсемінен осылайша мәңгіге айрылды.
Асықпаңдар! Артымызда қазы бар,
Тергеп талай, көрлеріміз қазылар…-
деп өзі айтқандай 1988 жылдың 4 қарашасында Қазақ ССР-нің Жоғарғы
Соты Ахмет Байтұрсыновты ешбір қылмысы жоқ деп тауып, оны толық
ақтау туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, ғалымның адал азаматтық есімі
қалпына келтірілді
Мұғалім: -Ахмет Байтұрсынұлының -еңбегі жанған жанның бірі. Істеген
ісінің жемісі-соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне
тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ах
өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана