144
тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны-«Қырық мысал», «Маса»,
«Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі,
өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих
ұмытпайды.
-Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны
жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын,
публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі,
тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы
миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз
қызмет етуге арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |