148 емес пе еді?...Қазақтың көбі жер сатуды кәсіп қылып алған жоқ
па?...Атқамінер пысықсынған адамдардың жер сатуды кәсіп қылмағаны бар
ма екен?»деп, өз қазағынан басқаны тағы кінәлай алмай, ойсыздығына
қапаланады. «Қазақ жерін алу туралы низам»деген мақаласында да жерге
қазақ хүкіметі өзі билік етсе деген мәселе көтереді.
Жер, шаруа жайы, егін, мал бағу мәселелерін көтереді де, оның шешу
жолдарын қарастырады:
- әр азамат жеке жерінің мемлекеттікі екенін ұғу;
- мұжықтың тиын-тебеніне атадан қалған жерді сатпау;
-егіннен жақсы өнім алу үшін егін жайына байланысты білім үйрену;
-мал жайлымы тарыла бастағандықтан, оны қолда ұстап, баптау, жем-шөпті
уақытпен беру, жерсінетін асыл тұқымды мал асырау.
Мені 21-ғасырдың өзінде Ахмет Байтұрсынұлы айтқан жер,егін егу, мал
тұқымын асылдандыру мәселесі әлі өзекті күйінде келе жатқаны
қынжылтады. Кәсіп үшін берілетін уақ қарызды да қазақ алу жолын білмей
жүргендігі туралы «Уақ қарыз» мақаласы да осы жер, егін, мал асырау
мәселесіне байланысты жазылған. Бұл мақаладан да қазіргі уақытта
мемлекеттен кәсіп үшін берілетін қаржылай көмекке қаржылық
сауатсыздығынан, талапсыздығынан, бейғамдығынан қол жеткізе алмай
жүрген жандардың бейнесін көрдім. Сол кездегі мимырт тіршілік әлі
жалғасып келе жатқандай үрей биледі бойымды.Мемлекет тарпынан қанша
қолдау болып жатса да, өз өніміміз өзімізге жетпей отырғандығынан-ақ әлі
мәселе көп екенін түсінемін. Біз қазақ өзгердік пе, өзгереміз бе деген ойға
қаламын да, қазақ жолында еңбек етемін деп өзімді қайраймын.
Дәрігерлік, мемлекеттен уақытша қарыз алу турасындағы мақалалары
қазақтың көзін ашсам, үйретсем деген ойды қозғайды. Қанша айтып
бергенменен, өзің сүңгіп оқығанға жетпейді, сондықтан қатарластарымды
Ахмет мақалаларын оқуға шақырамын.Бұл мақалаларды айтып отырған
себебім, оқи отырып, қазіргі жағдайды көргендей болдым. Ілгерілеушілік
бар дегенмен, қазақтың кейбір мінездері сол бойынша өзгермеген сияқты.
Мақтаншақтық, уақытша пайданы ойлау, қарапайым халыққа сапасыз қызмет
көрсетіп қанау, жалқаулық, салғырттық мінезіміз қалса екен. Ахмет сілтеген
жолмен жүріп, Ахметтің армандарын іске асырсақ екен.
Ахмет ата армандаған айбынды Алаш елінің дамуы жолында күресеміз.Жер
туралы жазған мақалалары әр қазаққа жөн сілтейді, ой салады,
рухтандырады, халқымыздың қилы тарихынан хабар береді. Маңыздылығы
да осында.