149 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ БІЛІМІНДЕГІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЕҢБЕКТЕРІМЕН САБАҚТАСТЫҒЫ Доскеева Өміргүл Молдахметқызы Қазақ
тіл білімінің негізін қалаушы, ұлы реформатор
–
А.Байтұрсынұлының қазақ халқының тілдік мәдениетіне қосқан үлесі орасан
зор. Ғалымның қай еңбегін алып қарасақ та,қазақ халқының сауатын
ашып,тілдік
құндылықтың
сақталып,ел
ертеңінедеген
азаматтық
жанашырлығына көз жеткіземіз. ХХ ғасырда жазып кеткен ғылыми
еңбектерінің бүгінгі күнде де ғылыми маңызы артып, бүгінгі ғылымның
дамуында пайдасы зор екенін уақыт көрсетіп отыр.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Қазақстан – 2030»
бағдарламасында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - тұлғаның ұлттық
және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде қалыптасуы, дамуы және жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау», -
деп көрсеткен болатын. Ендеше, осы бағытта бүгінгі ұрпаққа білім беруде
ертеңге пайдасы тиер, алған білімін өмірде пайдасына асырар өзіндік
көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға дамытуды мақсат ете отырып, білім беру
үдерісінде ерекше көңіл бөлуіміз қажет. А.Байтұрсынұлының өзі: «Мұғалім
әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс нәрсе
есебінде қолдану керек»,-деген болатын.А.Байтұрсынұлының еңбектерін
талдап қарайтын болсақ,онда танымдық,тағылымдық, тәрбиелік мәні бар
құнды дүниелердің қашан да қолданыстан шықпайтындығына куә
боламыз.А.Байтұрсынұлының
әдістеме
саласындағы
еңбектерінің
маңыздылығы – оның қазіргі таңда да тіл мамандарының қолданысынан
қалмауы. А.Байтұрсынұлының әдістеме саласындағы еңбектерін саралай
келе, ғалым ұсынған әдіс-тәсілдердің қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа
технологиялардың біразымен астасып,сабақтасып жатқанын көруге болады.
Ғалымның «Оқыту дегеніміз – асылында, оқушыны үйренуге үйрету» деген
қағидасы кезеңдік я бір дәуірлік міндетті емес, ұлттық шеңберден асып,
жалпыадамзаттың білім жүйесін құрудың өзегі болардай жүкті арқалап тұр.
Инновациялық технология – оқыту мен тәрбиелеудің ең озық, тиімді
ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту болып табылады.
Бұған А.Байтұрсынов негізін салған мына жұмыс түрлері дәлел бола алады.
Ол қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық мәселелерін айқындауда
төмендегі мәселелерді көтерген: Оқыту әдістерінің маңызына тоқталып,
олардың шығу тарихын, ұтымды жағын қарастырып, алғаш пікір айтқан.
Тұңғыш рет үлестірмелі материалдарды қолданудың жолын көрсетіп, оны
оқулық бетінде жариялаған. Әдістің бұл түрі күні бүгінге дейін өз мәнін
жоймай, ізденімпаз мұғалімдердің тәжірибесінде қолданылып жүр.
А.Байтұрсынов көрнекілік әдісіне де ерекше мән беріп, оны жасауға
қойылатын оқушы назарын ауытқытпау, жалықтырмау, оқушыны
қызықтырып отыру, жазуға тез үйрету, оқушының сауатын ашуды жеңілдету,
тездету сияқты негізгі талаптарды көрсеткен. Тілдік тақырыптармен