147 егіндері көбінесе қазақ егіндерінен жақсы шығады. Ол, әуелі орыстардың
қазақтардан гөрі егін жақсы шығатын шарттарын артық білгендігінен, екінші,
ол шарттарын қазақтардан гөрі көбірек орнына келтіріп еккендігінен.»
Осылай елдегі өзекті мәселені қозғай отырып, 1913 жылы жазған мақаласын
былай түйіндеп, халыққа көмек қолын созады:«Түрлі жерге түрліше егін
шығуы жеріне қарай бірдей жерге бірдей егін шықпау, әрине, егуден
болмақшы. Егін жақсы шығуына керек шарттар көп.Олардың ішінде
шаруаның қолынан келетіндері де, келмейтіндері де бар. Келмейтіндерін істе
деп ешкім айтпайды, келетіндерін істеу егіншілердің әрқайсысына тиіс.
Мұнан былай егін жақсы шығуына нені біліп, нені істеу керек екендігін егін
ғылымында айтылған сөздерден теріп алып, жазып тұрмақшымыз»
Әттең, мақалада айтылған жердің тозуы, оны жаңалау, залалды нәрселерден
тұқымды қорғау, тұқым шашудың тәсілдері деген сияқты қазақ біле
қоймайды деген әрекеттерді жариялап отырамыз деген Ахметтің арманы
өзімен бірге қуғын-сүргіннің құрбаны боп кете барды.
«Шаруа жайы» мақаласында да егіндік жердің жайына ерекше тоқталып,
қала боламыз деп, ер басына 15-тен жер алып, оны тоздырып немесе дұрыс
ебін таппай отырғандардың жайын айтады. Бұл жайттардың бәрін қала
боламыз деп жер алған қазақтардың ісін көріп, айтқан уайымдарын естіп
қалам тартып отырғанын жазады. Олардың 15 сотық жерді егін салуға игере
алмай, бірнешеуі бірігіп, жер телімдерін бір-біріне қосып, біріктіріп, бірін
қыстау, бірін жайлау етпекші дейді. Оларға да жөн сілтейді.
Мал жайына да кеңінен тоқталады. «Малдың асылын ұстау үшін қазақ
қолындағы малын асылдандыру керек, асыл малдың ішінде қазақ жерін
жерсінетін, жерсінбейтіні болады...»деп, малды көбейте бергеннен гөрі, оны
асылдандырып, сүттілігене, еттілігіне, жалпы өнімділігіне мән беру
керектігін ашып жазады, түсіндіреді. Бұл мақаланы да « Егін егу, мал бағу
жайын жақсы білетін адамдардың сөздерін мұнан былай әр уақыт газетаға
жазып тұрамыз,»-деп аяқтайды.
«Жер жалдау жайынан»мақаласында жердің толық қазақтың қолында емес
екенін, оған өздерінің кінәлы екенін жазады. Переселендерді әкеп заңды
түрде орнықтырмай тұрып-ақ, жер сатып алам деген мұжыққа жерін сата
берген, өзім байысам болды деп, халықтың, мемлекеттің болашағы дегенді
ойламайтынына қынжылады. «Жұрт жері кетпесе, менің де жерім кетпес,
жұрт жерден айрылса, мен де жерден айрыламын ғой деп, сатып, пайдаланып
қалайын деп ойлайды. Мұжықты қазақ жеріне үйір қылып, қоңсы қондырған
әуелде де осылай ойлағандық еді, осы күнде де сол ой қалған жоқ...қазақ
жеріне мұжықтарды шақырып кіргізген үкіметтен бұрын, қазақтардың өздері