0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет274/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

219 
 
Ұйықтайтын бар не сиқың»- деген қазақ елінің ахуалын тебірене, 
жанашырлықпен жыр етті. 
Ағартушылық ой пікірлері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде 
жарияланған мақаладарынан көріне бастады.
«Қазақтың өкпесі» мақаласында, «Өзге жұрттар өнер- білім қуғанда, 
қазақтың ханы да, халқы да ғылым өнерді керек қылмаған. Сондықтан өз 
беттерінше хандық құра алмай хандарымыз Ресейге қосылған» деп 
шындыққа жанасатын пікір айтты. 
Абайша өсиет айтып, «Шаруаңды түзет. Жалқаулықтан арыл, адал еңбек ет, 
кәсіп үйрен, тер төк... Дүниеде елге теңдік, кемге кеңдік беретін, азды көпке 
теңгеретін, ғылым мен өнерді үйренетін ағайын!» деп көкке жар салды. 
«Қазақ» газетінде жариялаған «Оқу жайлы» атты мақаласында мәдениетті 
елмен, оқу- білімсіз елдерді салыстыра келіп, « оқусыз халық қанша бай 
болса да, біраз жылдан соң оның бар байлығы өнерлі халықтың қолына 
көшпекші, мұның себебі бұл заманда не нәрсе болмасын машинаға айналды. 
Адам баласын көкке құстай ұшырған, суда балықтай жүздірген-ғылым»,- деп 
Байтұрсынов надандықтан сақтандырды. 
«Қазақ» газетінде жариялаған «Қазақша оқу жайында» мақаласында: «Біз 
әуелі елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек»- дейді. 
Оқудың қоғамды өзгертуші күш екендігін тура айтып отыр. 
А.Байтұрсынов өз халқының білім алуын, ілім- білімге ұмтылуын аңсады. 
«Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білім 
де сондай керек»- деп жазды ол. 
Бірақ ауыл мектебінің сол кездегі хал- күйі оның қабырғасына батты. Бұл 
жөнінде: «Ауыл мектебінде оқуға керекті құрал жоқ. Оқыта білетін мұғалім 
аз...»,- деп орыстану саясатына қатты мән беріп отырды. 
Қазақ даласында патшалық Ресейдің отырлау саясатының қалай іске 
асырылып жатқанын әшкерелейді. 
А.Байтұрсынов «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 62 санында «Мектеп 
керектері» мақаласында « Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика, 
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Екіншісі- оқыту ісіне 
керек құралдардың қолайлы, пәнге сый болуы». Үшіншісі- мектепке керегі 
белгіленген прогромма»- деп оқытуға қажетті мәселелерді ғылыми тұрғыда 
талдап береді. 
Ахмет Байтұрсынов бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылу 
керек дегенде: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа- кәсіп, 
қолөнері, жағрафия, жаратылыс болуы керек деп көрсетіп берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет