0 Қызылорда, 2022



Pdf көрінісі
бет275/303
Дата11.05.2022
өлшемі3,47 Mb.
#142458
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   303
Байланысты:
АХМЕТ ПЕДОКУ ЖИНАГЫ

220 
 
Осы оқулықтарды қолға алғанын, алайда арнайы баспахана болмағандықтан 
шығару ісіндегі қиындықтарды баяндайды. 
«Қазақтың өнері орыс халқымен тығыз байланысты» деп келешекке 
көрегенділікпен қарап, орысша оқу орыс қол астында тұрған жұртқа керек. 
Жаңа жолдың көшбасшысы жаңа оқып шығып келген жас мұғалімдердің 
қолында. 
А. Байтұрсынов Қазан төңкерісіне дейінгі ауыл мектебінің кемшіліктерін 
де дұрыс көрсете білді. 
“Бұлардың кемшілігі сол»,-деді ол-бала оқыту ғылымын меңгергендер, 
оқығандардың ішінде кем болуы. Дыбысты жақсы білмей тұрып, жаңаша 
буындап оқыту жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Дыбыспен 
жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге пайдасы көп екенін білмегендік, 
я білсе де, істеп көрмегендік-тәжірибесіздік” деп оқытудың әдістемелік 
мәселесін қазақ топырағында тұңғыш рет сөз еткен де Байтұрсынов болды. 
Ол осы пікірін әрі қарай жалғастырып, «Оқыту жайынан» атты мақаласында 
«... оқу жұмысы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. 
Осын үш тіреуі бірдей тең болса, оқу қисаңдамайды, ауытқымайды, түзу 
жүреді дегенді айтты. Ол осы пікірін іске асыру жолында нақтылы еңбек етті. 
А.Байтұрсынов 1912 жылы тұңғыш қазақша сауаттандыратын «Оқу 
құралын» жазды. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1- бөлімі «Тіл 
құралы» деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді.
Ол осы оқулықтарда қазақ грамматикасына қатысты категориялардың 
әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынды. Күні бүгінге дейін 
қолданылып жүрген зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, 
шылау, одағай т.б сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы 
А. Байтұрсыновтікі. 
Оқулықтың тағы бір құндылығы – қазақ тілі грамматикасының басты 
салалары – фонетика- дыбыс туралы ғылым, ал синтаксис – сөйлем 
құрылысын зерттейтін ғылым деп, тұңғыш рет қазақ тілі білімін ғылыми 
зердемен саралап берді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазып, «Тіл 
жұмсар» деген атпен екі бөлімді кітап етіп ұсынып, 1928 жылы Қызылордада 
бастырып шығарды. 
Бұрынғы ескі қадім жазуы бойынша әр әріптің таңбасы сөз басында 
біртүрлі, сөз ортасында біртүрлі, сөз аяғында біртүрлі болып белгіленетін. 
Және бас әріп, кіші әріп таңбасы болатын, сөйтіп 28 әріптің 145-150 таңбасы 
қойылған. Ал ол баланың тез сауаттануына үлкен кедергі келтірді. А. 
Байтұрсынов осы әріп таңбаларын 56-ға түсіріп және жаңартып, мүлде 
жеңілдетті. Бұдан балалар тез сауаттанып, жылдам оқи, жаза алатын болды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   303




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет