222 де зерттеген ғалым және халықтың тез сауаттанып хат тануы үшін араб
жазуын реформалап, ұлттық деңгейге көтерген бірегей тұлға.
Халықты ағарту алдымен баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш
қазақ тілінде Әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балаларының көзі
ашық, жан-жақты әрі сауатты азамат болуына ықпал еткен. Қазақ әдебиетінің
атасы Ахмет Байтұрсынов оқулық жазумен қатар орыстың танымал
жазушыларының еңбектерін ана тілімізге аударып, көпшілікке ұсынған.
Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе
білген.
– Ахмет Байтұрсынұлының мол шығармашылық мұрасын талдап,
ғылымға, қазақ тіліне қосқан үлесін көрсету.
Ахмет - қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымның ағартушысы.
Оның ұлтым деп соққан жүрегі, өнегелі мұралары – жас ұрпаққа үлгі.
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің еңбек жолын ағартушылықтан
бастауының өзіндік үлкен мәні бар. ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ қазақ
интеллигенциясы қалыптасты. Қазақ жастары Петербор, Омбы, Қазан,
Уфа, Орынбор, Троицк, т.б. қалаларда оқып, мұсылманша немесе орысша
білім алды. Олар дәулетті, шағын, кедей ортадан шыққанымен, едәуір
білім алғандары әкімшілік, сот орындарында қызмет етіп, бас пайдасын,
өз мүддесін көздейтін болды. Ахмет Байтұрсынұлының тілімен айтқанда,
«...байға мал, оқығанға шен мақсат боп, жұрттың қамын ойлайтын адам аз
боп» тұрғанда, оқу-білімнен кенде, қараңғы қазақ қауымының сауатын
ашып, білім беру жолын таңдағандардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы да
болды.
Ұлт ұстазы 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен (графикасымен)
айналыса бастады. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да
пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін
қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыс жүйесіне икемдеп,
қайта түзуді қолға алды.
Ғалым жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болуы керек деп санады:
1)
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек;
2)
Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;
3)
Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс.
Осылайша, ол ең алдымен қазақ тілінің фонетикалык құрамын зерттеді.
1929 жылы 1 мамырда өз қолымен жазған (орыс тілінде)
«Өмірбаянында»: «...1901 жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос
уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен
шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен қазақ тілінің
дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан
кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс
істедім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын бөгде тілдік қажетсіз сөздерден
арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің [жағымсыз] әсерінен
тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, «қазақ прозасынң (яғни іс қағаздар
тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып,