014 топқа арналған білім алушылармен кезекті сынып сағаты өтті



бет2/3
Дата30.05.2024
өлшемі23,9 Kb.
#203033
1   2   3
Байланысты:
Хаттама

Сөйлеушілер:


Ата ана: Светлана апай бүгінгі айтылған мәліметтердің манызы зор екендігін, баланың тәрбиесіне ата-анасы екендігін айта келіп,баланың бойына жақсы қаспеттерді сініруіміз керек деп өз ойын түйіндеді.
жауапты
Ата-ана: Ұлықпанның анасы кибербуллингбуллинг туралы акпараттық мәлімет алғандығын, алдағы уақытта баланың білімі мен тәртібіне әрбір ата-ана жауапты екенін есте шығармайық деп өз ойын нақтылады.
Қаулы
1.Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі манызды екендігі ескерілсін.
2. Өмір қауіпсіздігі, санитарлық талаптар сақталынсын.
3.Оқушылардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына көңіл бөлінсін.

Топ жетекшісі: __________________Түлкібаева Ж.Б.


Хаттама №_________
Көксу политехникалық колледжінде
014 топқа арналған білім алушылармен кезекті сынып сағаты өтті.


Күн тәртібінде:

  1. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

  2. Ата – аналарға және білім алушыларға «Жемқорлық» туралы тұсініктеме беру және білім ордаларындағы өз құқықтарын түсіндіру;

Тындалды:
Топ жетекшісі Түлкібаева Жұлдыз Батырханқызы «Білім беру мекемесінде ақша жинау» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сынып сағатына Ата – аналар төрайымы Илимханова Светлана қатысты.
Бірінші тындалым кезінде Топ жетекшісі Түлкібаева Жұлдыз Батырханқызы жалпы сыбайлас жемқорлыққа толықтай анықтама берді: «Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде, құқыққа қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.
Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.
Екінші тындалым бойынша білім алушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылып және шығу жолын бірге қарастырылды. Жағдаяттық сұрақтардың біріне Қалбек Ұлықпан өзінің жауабын былай берді: Білім ордасында білім алушы үлгерімін көтеру мақсатында білім берушіге пара ұсынды. Менің оған жауабым келесідей: Ең бірінші жағдайда мен пара ұсынған білім алушымен сөйлесіп оған оның дұрыс еместігін және басқа да шығатын жолдар бар екендігін түсндіретін едім. Пара алу немесе пара беру біздің эліміздің жағдайына қаншалықты әсер ететінін түсіндіретін едім. Егер білім алушы түсінбеген жағдайда топ жетекшісіне ескертіп басқада іс шараларды қолданамыз.


Қаулы
Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Ол жол-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Топ жетекшісі: __________________Түлкібаева Ж.Б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет