2020 жыл мақалалары 1 – ші журнал
Тақырыбы: «Сыныптан тыс жұмыстарды өткізуде инновациялық сабақтарды ұйымдастыру тиімділігі»
Авторы:
Еспенбетова Шолпан, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы.
Мурзакешова Асем, №277 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі
Аннотация:
Мақала бойынша инновациялық сабақ түрі – дебат-сабақ жоспары көрсетілген. Инновациялық сабақ бұрын қолданылмаған қандай да бір жаңа элементтерді енгізуді ұйғару деп айтуға боолады. Инновациялық сабақтарда әр түрлі әдістемелік, педагогикалық және психологиялық сипаттағы мақсатттарға жетуге болады. Белгілі бір тақырып бойынша оқушының білім, білік және дағдысын бақылау жүзеге асыралады, сабаққа деген ынтасы ашылады, байсалды қарым-қатынасы қамтамасыз етіледі, сабақта оқытушының ең аз қатысуы қарастырылады.
Кілт сөздер: Дебат-сабақ
Тақырыбы: «Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттырудың жолдары»
Авторы:
Еспенбетова Шолпан, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы.
Пошаева Жадыра, №110 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі
Аннотация:
Мақала бойынша оқушының химия пәніне деген қызықпаушылық себептерін анықтауда анкета сұралатыны жазылған. Яғни, анкета арқылы оқушының химия пәніне деген қызығушылықтың жоғалу себептерін ашады. Химиялық эксперимент арқылы оқушының бақылау қабілетінің дамуына, теориялық білімін пайдалана отырып, байқаған құбылыстарды түсіндіре білуіне, себеп-салдар байланысын құруға әсер етеді.
Кілт сөздер: анкета, химиялық тәжірибелер
Тақырыбы: «Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының рөлі»
Авторы:
Еспенбетова Шолпан, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің аға оқытушысы.
Рсалиева Гүлім, №277 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі
Аннотация:
Мақала бойынша білім алушыларға змия пәнінен алған іргелі білімдерін практикалық мақсаттарға қолдану, сонымен қатар оқушылардың ғылыми ойлау, танымдық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру мәселелері қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |