01"А" Қалымбекова Альбина жм студенттеріне «Балалар аурулары»



Дата08.02.2022
өлшемі11,63 Kb.
#118778
Байланысты:
Қалымбекова Альбина 401А


401"А" Қалымбекова Альбина


4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша
1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер
2020-2021 о.ж.


5 есеп

Бахытжан, 2 ай.
Шағымдары жөтел, дене температурасының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы.
Ауру анамнезі: бала 3 күн бойы ауырған, дене температурасының көтерілумен және тұмауратып бастаған. Амбулаторлы симптоматикалық ем қабылдаған, бірақ 3 күні жөтел, ысқырықты тыныс шығарумен сипатталатын тыныс алудың қиындауы дамыған. Бала мазасызданып бастаған, ұйқысы бұзылған.
Өмір анамнезі: бала бірінші жүктіліктен, бірінші жедетілген босанудан туылған. Жүктілік нефропатиямен қатар жүрген. Бірден шыңғырған, төске бірінші сағаттарда қойылған, белсенді емген. Туылған кездегі дене салмағы 2700 г, бойы 48 см. Төспен ана сүтімен тамақтандырылады. Бөлімшеге түскен кездегі дене салмағы - 4100 г.
Баланың түскен кездегі жағдайы ауыр. Дене температурасы С . Кеуде торы аймақтарының тарылуымен жүретін айқын ентігу, тыныс алу кезіндегі басының шайқалуы, периоральды цианоз, оральды крепитация, ауырланған ысқырықты тыныс шығару байқалады. ТЖ 68 рет мин. Өкпесінде қорапты дыбыстар. Аускультативті: қатқыл тыныс, тыныс алу мен шығару кезіндегі көптеген ылғалды майда көпіршікті сырылдар, тыныс шығаруы ұзарған. Жүрек үндері тұйықталған, ритмді, жиілеген. ЖЖЖ - 152 рет мин. Іші шамалы ісінген, пальпацияланады, бауыр төменгі қабырға доғасынан +1,5 см, консистенция жұмсақ-эластикалы. Көкбауыр ұлғаймаған.
Клинико-инструментальды зерттеулердің нәтижелері:

  • ЖҚА: эритроциттер-3,3х 10 12/ л, Hb 110 г/л, лейкоциттер - 5,6 х 109/л, с/я – 22 %, лф – 68%, эоз.-3 %, мон-7 % , ЭТЖ - 12 мм/сағ

  • Кеуде торының R – графиясы: өкпе алаңдары ісінген, өкпе түбірі суреті күшейген және деформирленген, диафрагмасы төмендеген, өкпе түбірі структуралы. Жүректің көлеңкесі ұлғаймаған.

Сұрақтар:

  1. Тыныс алу жетіспеушілігінің дәрежесін көрсетіңіз және негіздеңіз?

2ші дәрежесі. Өйткені бұл жерде балада айқын ентігу, периоральды цианоз, ЖЖЖ жоғарылаған, т.б.



  1. Баладағы тыныс алу жетіспеушілігінің себептерін көрсетіңіз және даму механизмін түсіндіріңіз?

Тыныс алу жетіспеушілігі мына себептерден: тыныс алу жолдарының тарылуынан, тыныс алу жолдарымен байланысты әртүрлі аурулардың салдары, олардың тарылуына әкеледі: астма, көмейдің ісінуі, цистикалық фиброз, бронхиолит т.б.
Патогенез: Ингаляциялық ауада оттегі концентрациясының төмендеуі, тыныс алу жолдарының желдетілуінің бұзылуы, альвеолярлы-капиллярлық мембрана функциясының бұзылуы артериялық қандағы оттегінің төмендеуіне (гипоксемия), тіндердегі оттегінің төмендеуіне (гипоксия), қандағы артық көмірқышқыл газының жиналуына әкеледі (гиперкапния) және балаларда тыныс алу жеткіліксіздігі синдромының дамуына әкеледі.



  1. ТАЖ басатын емдеу тактикасы қандай?

Емі:
1)Тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуына әкелген негізгі ауруды емдеу (мысалы, тыныс алу органдарының аурулары, нейромашыкулалық аурулар, жүрек жеткіліксіздігі).
2) Аэротерапия, оксигенотерапия.
3) тыныс алу жолдарының өткізгіштігін поддерживать ету.
4) гемодинамиканы, микроциркуляцияны, оттегіні өкпеден тіндерге тасымалдауды жақсарту.
5) тіндердің тыныс алу функциясын жақсарту.
6) қышқылдық-негіздік тепе-теңдіктің бұзылуын жою.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет