[03. 05, 05: 22] Матышева Жанерке: Дәріс №9. Тақырыбы: Жалпы білім берудегі ақыл-ойы баяу дамыған балалар



Дата05.10.2022
өлшемі41,51 Kb.
#151802
Байланысты:
рубежка инк


[03.05, 05:22] Матышева Жанерке: Дәріс №9.
Тақырыбы:Жалпы білім берудегі ақыл-ойы баяу дамыған балалар.
Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Олигофрения және оның деңгейлері.
2.Ақыл-ойы баяу дамыған балалар.
3.Көмекші мекемелер және оның негізгі міндеттері.

1.Ақыл-ой сана және психикалық түрдегі дамымаушылық – олигофрения.


Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар. Орталық жүйке жүйесі қызметінің зақымдануының нәтижесінде балада ақыл–ой, сананың баяулығы байқалады, бұл ең алдымен бас миының дамымауы болып саналады.
Олигофренияның болу себептері әртүрлі факторлардың әсер етуінен болады:
Бұлар экзогендік (сырттай) және эндогендік ( ішкі ) сипатқа байланысты келеді.
Экзогендік фактор – анасынын жүкті болу негізіңде түрлі инфекциялық аурулармен ауруы ( вирустік аурулар ), анасының организіміне түрлі кеселдің тусуі, түрлі травмалар мен соққылар.
Эндогендік фактор – туа пайда болатың олигофренді алып келеді .
Бұған патологиялық тұқым қуалаушылық (ата-анасының түрлі венерологиялық аурулары, сондай –ақ екеуінің біреуінің ақыл-ой кемістігі, хромосом тобының бұзылуы, резус-фактор бойынша кан құрамының сәйкес келмеуі.
2.Ақыл-ой кемістігі болуының 3 сатысы бар:
 Идиотия;
 Имбециль;
 Дебил.
Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі. Мұндай балаларда бұзылыстар өте ауыр, қиын болып келеді. Олардың өзіне-өзі кызмет көрсетуі қиын және жай, ал кейбіреулерінде бұл дағдырлар тіпті қалыптаспайды. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен.
Имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) - идиотиямен салыстырылғанда жеңілірек келеді. Бұлар белгілі бір дәрежеге дейін сөйлеуді игерген күрделі, емес еңбек дағдыларын менгерген, Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Имбецил балалар көмекші мектептерде оқуда үлгіре алмайды.
Дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық) – ақыл ой кемістігінің жеңіл сатысы. Бірақта интеллектісі төмен, эмоционалдық ерік сапасы әлсіз, жалпы мектептегі білім беру бағдарламасын меңгере алмайды.
Оларға білімді меңгеру қиындық келтіреді және күрделі жазу мен оқуды игермейді, дыбыс пен әріп арасындағы байланысты түсінбейді, түсінген жағдайда да қиындықпен игереді.Қарапайым математикалық операцияларды үлкен қиындықпен менгереді. Орта мектепте мұндай балалар оқыған жағдайда тарих, география, сызу,химия,физикат.б. пәндерден үлгіре алмайды.
3. Арнайы білім беру мекемелер түрлері
1) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (60000 балаға бір кеңес)
2) оңалту орталығы (облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда);
3) психология – педагогикалық түзету кабинеттері (район орталықтарында);
4) мектептердегі логопедиялық пункттер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда)
Мүмкіндігі шектеулі ата-ана қарауынсыз қалған немесе жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі (әртүрлі категориядағы балаларға);
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі және жалпы үлгідегі балалар үйі функцияларын атқаратын аралас балалар үйі.
Арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастырудың негізгі жалпы қағидалары:
• мекемелерді негізгі кемістік (ауытқу) қағидасы бойынша толықтыру;
• топ тәрбиеленушілерінің саны 15-ке дейін;
• қызметкерлер штатына дефектолог мамандарды енгізу;
• тәрбиешілер мен дефектологтар арасындағы сабақтар түрлерін қайта бөлу;
• сабақтардың арнайы түрлерін ұйымдастыру (есту зейінін дамыту, емдік, дене шынықтыру, т.б.)

Бекіту сұрақтары:


1.Олигофрения және оның деңгейлері туралы не білдіңіз?
2.Ақыл-ойы баяу дамыған балалардың себептері туралы не айта аласыз?
3.Көмекші мекемелер және оның негізгі міндеттері қандай?

Әдебиеттер:


1. «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» Астана, 2010 ж.
2. Искакова А.Т., Мовкебаева З.А., Айтбаева А.Б., Байтурсынова А.А. Основы инклюзивного образования (учебное пособие). - Алматы: L-Pride, 2013. – 280 с.
3. Z.A.Movkebayeva, A.T. Iskakova, Inclusive Education, Almaty, 2016. – 200 с.
4. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқулары бар балалар: Оқулық құрал. – Қарағанды, 2005– 380 б.
5. Г. Қасымова «Танымдық іс-әрекетті түзету». Көмекші мектепке арналған байқау бағдарламасы. – Алматы, 2004. – 180 б.
6. «Инклюзивті білім беру – толеранттылық қоғамның бастауы»республикалық ғылыми лекторий баяндамалар тезистері кірген жинағы – Астана, Еуразия гуманитарлық институты, 25 қазан 2017 ж. – 71 б.
[03.05, 09:31] Матышева Жанерке: Жалпы білім берудегі аутизм синдромына шалдыққан балалар.
Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Ерте балалық шақ кезіндегі аутизм ауырлығына жіктелуі.
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы психологиялық ерекшеліктері.

1.Балалар аутизмі – психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды .


Мұндай жағдайда психиканың кей тұстары уақытымен дамыса, енді бірі уақытынан озып кетеді, ал кей түрлері мүлде артта қалып қояды.
Аутизмі бар балаларда интеллектуалдық және эмоционалдық дамудың айырмашылығы үлкен болады, бір салада көп жетістікке жетсе, бір сала дамымай қалады.
Аутистік дамудың бір ерекшелігі – сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды.
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы ерекшеліктер:
[03.05, 09:32] Матышева Жанерке: Жалпы білім беретін мекемелерінде тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар.
Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Тірек-қимыл аппараты бұзылған туралы түсінік.
2.Тірек-қимыл аппараты бұзылыстарының себептері мен түрлері.

1. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда негізгі кемістік –қозғалыс кемшілігі (дамымау,бұзылу немесе қозғалыс қызмет жоғалуы).Мұндай балаларда қимыл-қозғалыс бұзылушылығы олардың психикалық және сойлеу тілінің бұзылуымен қабат келеді, сондықтанда көпшілігі тек қана емдеу және әлеуметтік көмек қажет етумен бірге, олар психологиялық-педагогикалық және логопедиялық түзетуді қажет етеді .Тірек-кимылы бұзылған кейбір балалардың танымдық қызметтері бұзылысыз келеді, олар арнайы оқыту-тәрбиелеуді қажет етпейді. ДЦП-аурулардың толықтай пісіп - жетілмеген, яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезенде пайда болады. Бұл туғаннан және жүре бара пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5-7% кездеседі. Тірек – қимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты туғаннан және жүре бара пайда болады.


Жүре пайда болған және тірек-кимыл аппаратының зақымдануы:
- жұлын,мойын,бас,бойы,қол-аяқ , травмалық соққы - полиартрит,
- қаңқа ауруы - (туберкулез сүйек ісігі, остеомиелит)
- қаңқа ауруының жүйелілігі (хондродистрофия, рахит).
Жүйке жүйесінің ауруы:
ДЦП (детский церебральный паралич) полиомелит;
Тірек қимыл аппаратының туғаннан бұзылу патологиясы: туғаннан жамбастың және омыртқа дамуының кемістігі – сколиоз;
Қол-аяқ кемшілігі және дамымауы,саусақ ұштарының кемісті дамуы – ортрогрипоз.
2.ДЦП–ның болу себебі негізінен қолайсыз факторлар әсерінен болады:
Преднаталдық (ішкі даму жағдайында);
Наталдық (дүниеге келу сәтінде);
Постнаталдық ( дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы кезеңде).
Бұзылудың нақты себептері де анықталмай қалуы мүмкін. 1-3 жас аралығындағы балаларды түзетудің педагогикалық емдік жұмысының басты мақсаты: заттық монипуляциялық іс-әрекетті, сенсорлық тәрбиені, қоршаған ортаға қатысты сөйлеу тілін, заттық іс-әрекетті, өз-өзіне қызмет ету мен әлеуметтік қызмет көрсетуді дамыту. Жұмыстың басты бағыты: ұсақ және жалпы маториканы дамыту, коммуникативтік тәртіпті қалыптастырып, дамыту болып табылады.
Түзету жұмысы баланың ауыр түрі мен жас ерекшелігін ескеріп жүргізіледі. Заттық- тәжірибелік және ойын іс-әрекетінің негізінде үлкендердің көмегімен сенсорлық-моторлық тәртіппен дауыстық әрекет қалыптасады. Тежелу және жеңілдету әдістері қолданылады. Бұлшық ет тонусы жетекшілік ететін қажетсіз патологиялық қимыл тежеліп, бір мезгілде еркін сенсорлық-моторлық активтілік жеңілдетіледі.
Басты, денені, аяқ-қолды қалыптастыруында артикуляциялық аппараттың жұмысын жеңілдетіп, көру-моторлық координаттарын жаттықтыру үшін түрлі қалыптастыру жұмыстары пайдаланылады.
Кондуктивтік тәрбиенің әдістерін қолдану және жалпы және ұсақ моторикасының тәрбиенің жүйелілігінің қалыптасуын жүзеге асырады.
Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:
Қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай қалыптасады;
Ортада дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі); балалардың басым көпшілігі өздігәнен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан.
Жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;
Бұл балалардың көпшілігінде, тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен бірге, екінші кемістер жиі кездеседі. Мұның клиникалық көрінісі – қозғалыс кемістігі (жетілмеу, зақымдану, дамуындағы тежелу т.б).
Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы жеке жұмыс жоспары құрылады, сол жоспар арқылы еңбек дағдылылары мен таным қабілеттерін қалыптастыру мақсатында жеке түзете-дамыту жұмыстары үнемі үздіксіз жүргізіліп отырады. Балалардағы қимыл қозғалыс патологиясымен байланысты, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын игеру мәселесі, айрықша мағызды болып саналады. Ал, бұл дағдылардың қалыптасу қиындығы, науқастың ерекшеліктерімен байланысты. Көптеген балаларда, апраксия байқалады, яғни мақсатты практикалық іс-әрекеттерді орындай алмау. Мұндай балалар, киіну, шешіну, түймелену, бәтеңкенің бауларын байлау сияқты дағдыларды қиындықпен үйренеді; текшелер мен таяқшалардан құрастыруға, ұзақ уақыт бойы үйрене алмайды т.б. Өзіне-өзі қызмет ету дағдылырының орнығуына ғана кері әсер етіп қоймайды, сонымен бірге, іс-әрекеттің басқа түрлерінің дамуына кедергі жасайды.
[03.05, 09:32] Матышева Жанерке: Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару.Инклюзивті білім беру жағдайдағы әлеуметтік психологиялық тренинг.
Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Білім беру дегі инклюзивті үрдісті басқару.
2.Мүмкіндігі шектеулі балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
3.Педогогикалық жобалау көп функциялы білім беру қызметінің ерекше түрі ретінде.
4.Мүмкіндігі шектеулі жандарға тренинг жүргізу түрлері.

1.Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе инклюзивті білім беру. Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз — барлық балаларды,соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалар жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына,шығу тегіне,дініне,жағдайына қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ,ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзету-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау,яғни,жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін» және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айрықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Инклюзивті білім беру-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайдағылардың тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді. Бұл баланың өзін-өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына, өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезінуіне жол ашады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудің ерекшелігі: жеке тұлғаның әлеуметтік өзіндік танымға қабілеттілігі және оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы, оқыту іс-әрекетіндегі негізгі білімділік және біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау. П.Шуман «Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» — деп айтып кеткен.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды инклюзивті оқытуды жүзеге асыру мен ұйымдастыруда білімгерлер бойында кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті.


2. Баланы тәрбиелеу қиын да жауапкершілікті процесс, ал мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу екі есе көбірек жауапкершілікті, көп қуат пен уақытты қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі баланың отбасында дүниеге келуі отбасы өмірін өзгертпей қоймайды. Көбіне ата-аналар достары, таныстары кейде туыстарынан да алшақтап кетіп жатады. «Ерекше» балаларды тәрбиелеу педагогикалық шеберлікті қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналар бастапқыда баланы қалай тәрбиелеп, дамыту керектігі жайлы білмей жатады. Бала бойындағы сенімділікті қалыптастыру – басты педагогикалық қағида болып табылады. Мұндағы ата-аналардың атқаратын рөлі зор. Себебі, баланың болашақта өзін қалыптастыра білуі, өз-өзіне сене білуі кішкене кезіндегі қалыптасқан сенімділікке байланысты. Баланың мықты болуы, тікелей отбасының мықты болуымен байланысты. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі балалы отбасыларға қойылар талап десек те болады. Ата-ананың мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыстағы басты міндеті – баланың тек мықты жақтарын көре білуі.
Отбасы – әр баланың қалыптасып, тәрбиеленіп, жетілетін микроорталығы. Баланың толықтай дұрыс тұлға болып қалыптасуы бірінші кезекте отбасына байланысты. Сондықтан да мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасынан жеке зерттемеу керек. Себебі, мұндай балалар өзге балаларға қарағанда отбасына, ата-аналарына ерекше тәуелді болатыны белгілі. Сол себепті, балаға көмектескіміз келсе, бірінші кезекте ата-анаға көмектескеніміз абзал. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалы отбасыларға реабилитациялық құрылым ретінде қарау қалыптасқаны анық. Бұл әрине, дұрыс. Неліктен? Себебі, мұндай балалы отбасылар өзгелерге қарағанда бала тәрбиесіне ерекше ден қоя білулері қажет. Ол үшін бала ата-аналары баланың толықтай қалыптасуына ыңғайлы жағдай жасай білулері қажет. Әр отбасы өзінше ерекше, ондағы балалар да ерекше, олар кезіктіретін қиыншылықтар да соған сәйкес әртүрлі болатыны мәлім. Сол себепті де олардың әрқайсысымен жүргізілетін жұмыстар да бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін .
Кез келген психологиялық жұмыс барысында көбіне отбасының мына жағдайлары ескеріліп жатады: отбасы құрылымы, оның мәдениеттілік деңгейі, діни көзқарастары, отбасылық тәрбие ерекшеліктері және т.б. Отбасы құрылымы тұрақты емес. Ол үнемі өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Мәдениеттілік деңгейі мен білім деңгейлері отбасы тәрбиесіне тікелей әсер ететін дүние. Отбасымен жұмыстағы ерекше маңызды фактор – оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы болып табылады. Отбасында «Ерекше» баланың туылуы, отбасы психологиясы мен оның жағдайына әсер етпей қоймауы мүмкін емес. Салмақ тек әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан емес, психологиялық, физиологиялық тұрғыдан да түсіп жатады. Кез келген дені сау бала күтіп жүрген ата-ана дүниеге мүмкіндігі шектеулі сәби келгенде, оны бірден қабылдай алмайтыны анық. Осыған байланысты атақты психологтар Р.Ф. Майрамян, О.К. Агавелян «ерекше» балалар ата-аналарының бастапқы психологиялық күйлерін 4 кезеңге бөліп көрсеткен болатын:

Баланың отбасылық микроорталығын зерттеу үшін, ата-аналармен диагностика-аналитикалық жұмыс:


1. Диагностиканың ең кең тараған түрі – сауалнама жүргізу. Ол отбасының жалпы жоспарын, ата-ана жастарын, білім деңгейлерін, баланың ата-анамен қарым-қатынасын анықтауға көмектеседі. Бірақ кейде сауалнаманың да баланың өзі жайлы, оның отбасындағы рөлі жайлы толық ақпарат бермей жататын кездері де болады.
2. Сондықтан индивидуалды жұмыста маңызды әрекет ретінде отбасымен кездесу өткізу саналады. Бұл ата-аналармен индивидуалды жұмыстағы эффективті форма. Мұндағы басты мақсат – баланың өзі және отбасымен оған ыңғайлы жерде танысу. Баланың ата-аналарымен әңгімесінің өзінен-ақ оның қызығушылығы, денсаулық жағдайы, әдеттері, қабілеттері, мінез-құлқы жайлы көп мәлімет алуға болады.
3. Индивидуалды жұмыстың тағы бір формасына – кеңес беру мен әңгімелесу жатады. Мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасына көмектескіміз келсе олармен әңгіме құрып, кеңес бергеніміз дұрыс. Кеңес беру ата-аналардың мазасыздықтарының, өз балалары жайлы әңгімеден қашудың алдын алу үшін қолданылады. Сауатты әңгіме мен пайдалы кеңес ата-ана мен маманның жақсы қарым-қатынасқа келуіне, отбасылық өмірді жақынырақ тануға әкеледі.
Ата-аналармен қарым-қатынаста маман өзін дұрыс ұстай білуі керек. Ол ата-аналарға қысылып, қымтырылатын сұрақтар қоймауы тиіс. Тиімді тәсіл мысалға мынадай болуы керек: «Біздің алдымызда ортақ мәселе тұр. Оны шешу жолында қандай іс-шара қолданғанымыз дұрыс деп ойлайсыздар?» деген тәрізді.
4. Ата-ана, бала және маман (мысалға, педагог) біріккен іс-шараларды да өткізу де тиімді әдістердің бірі. Мұндай іс-шараларда ата-аналар балаларының оқу процестеріне белсенді араласып, олардың жетістіктері мен кемшіліктерін қадағалап, олардың болашақта алдын алуларына мүмкіндіктері болады.
5. Ата-аналарға балаларының іс-әрекеттеріндегі сурет, бейнежазбаларын көрсетіп тұру.
6. Ата-аналардың да балаларының үй жағдайындағы жетістіктері мен кемшіліктері жайлы бейнежазбаларын мамандарға көрсетіп тұруы.
Мүмкіндігі шектеулі балалы отбасылармен топтық немесе ұжымдық жұмыс:
1. Ата-аналармен бірге дәрістер өткізу. Бұл ата-аналардың балалармен жұмыстағы педагогикалық қабілеттерін қалыптастырудың бірден-бір жолы.
2. Ата-ана жиналыстары. Бала білім алатын орталық пен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың ең әмбебап әрі негізгі формасы.
3. Біріккен іс-шаралар. Балалар мен олардың ата-аналарының белсенділігін арттыруға септігін көп тигізеді. Бұл іс-шара ойын-сауық түрінде не болмаса, туған күн кештері, мерекелер түрінде өтуі мүмкін. Мысалға: балаларға ата-аналарына деген қандай да бір бағдарламалар, әдеби-музыкалық кештер өткізуге болады. Мұндай іс-шаралардан балалардың да, ата-аналардың алатын әсері мол болары сөзсіз. Бала өзін жаңа қырынан көрсетіп, жаңа қабілеттері шыңдалса, ата-ана қоғамға еніп, өзгелермен қарым-қатынаста ашылып, баласы үшін бойын мақтаныш сезімі билейтін болады.
3.Топтық және ұжымдық жұмыстың ата-аналармен мына түрлерін да өткізуге болады:
1. Педагогикалық қонақ үй. Мұндай кездесуді жыл басында немесе соңында өткізуге кеңес беріледі. Кездесулерде ата-аналардың түрлі іс-шараларға қатысулары жайлы сөз қозғалады. «Ата-ана-бала-мектеп» сауалнамасы жүргізіледі. Жыл басында сауалнама баланы жақынырақ тану үшін жүргізілсе, жыл соңында өткен жылдың қорытындылары шығарылады, баланың кетірген қателіктері анализделінеді.
2. «Педагогикалық конференция». Іс-шара өткізілмес бұрын ата-аналар қандай да бір бала бойында кездесетін қателіктерге байланысты тапсырмаларды шешулері тиіс. Сол тақырыпқа байланысты ұстаздар ата-аналарға сұрақ қойып, балаға қатысты мәселені қалай шешуге болатыны жайлы көзқарастарын сұрайды. Ата-аналар өз көзқарастарын айтып, ұстаздар кеңестерін береді. Ең тиімді ұсыныстар мен шешім жолдары «педагогикалық сандықшада» сақталып отырады.
3. «Семинар-практикум». Мұндай кездесулерге тек ұстаздар ғана емес, ата-ана, психолог, әлеуметтік педагог және тағы да басқа мамандар қатыса алады. Ата-аналармен бірге ең өзекті проблемалық жағдайлар шешіледі, тренингтер өтілуі де мүмкін.
Алдын ала тақырып анықталынып алынады. Басты ұйымдастырушы ретінде тек ұстаз емес, ата-ана немесе мамандар да жүре алады. Мысалға, егер тақырып бала қорқынышы жайлы болатын болса, жүргізуші ретінде педагог-психолог қызмет етсе де болады. Қысқаша теориялық анықтама келтіріліп, ата-аналар өз пікірлерін білдіріп, өзгелер бала қорқыныштарының алдын алу үшін қандай жағдайлар жасауға болатынын айтады.
Қорытындылай келе, Отанымыздың әр сәбиінің болашағы алаңдататын болғандықтан, өз тарапымнан ұсыныстарды да қосуды ұмытпағаным жөн. Мүмкіндігі шектеулі балалы отбасыларға көмек барынша жан-жақты көрсетілуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыс тек денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау органдарының ғана жұмысы емес, қоғамдық және қоғамдық емес ұйымдар да қоғамда мүмкіндігі шектеулі балаларды моральдық тұрғыдан қолдап, олардың мәселелерін барынша жақсы түсінуге жағдай жасап, балалардың әлеуметтік дамуларындағы барлық кедергілерді жоюға бірге атсалысулары қажет. Сөз соңын атақты кеңес педагогі В.А. Сухомлинскийдің сөзімен: «Тек ортақ күшпен ғана біз балаларға үлкен адами бақыт сыйлай аламыз» деген аяқтағымыз келеді.
3. Оқушыларға арналған әлеуметтік-психологиялық тренинг негізіне өзін-өзі тану, өзіндік;
Оқушыларды психологиялық дайындау процесінде қолданатын әлеуметтік-психологиялық тренинг мақсаты төмендегідей
1.Тренингке қатысушы оқушылардың өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзіне деген
2. Оқушылардың өзін-өзі актуализациялауға, реттеуге белсенділігінің артуы.
3. Топтық тренингке қатысушылардың объект-субъект (субъект-объект) формадағы қарым-қатынастан субъект-субъект
4. Оқушылардың болашақ маман позициясында белсенділігінің артуы.
5. Субъект-субъект және объект-субъект (субъект-объект) формалар негізіндегі қарым-қатынастың
6. Қарым-қатынас барысында партнерлердің тең позицияда болулары қажет екендігін
7. Жауапты, белсенді, инициативалы, тең позициядағы қарым-қатынасты жүзеге асыруға
8. Қарым-қатынасты жүзеге асырушылардың оның нәтижесіне тең дәрежеде жауапты
9. Өзара әрекеттестік пен өзара қатынас механизмдеріне негіз
Сонымен қатар, дәстүрлі түрдпе әлеуметтік-психологиялық тренинг теориясы кері байланыс.Әлеуметтік-психологиялық тренинг барысында басты механизм кері байланыс болып табылады.
Топтық тренингтің әсері әлеуметтік-перцептивтік салада пайда.Қазақ оқушыларын тәжірибелік бағытта психологиялық дайындау мақсатымен қолданылатын әлеуметтік-психологиялық.
Топтық тренингтің негізгі құрамдас компоненттерінің бірі нақты жағдайларға талдауды:
1)әрбір оқушының өз сезімі, жағдайы және қатынасы жайлы
2)әрбір оқушының өз сезімі, жағдайы және қатынасы
3)әрбір оқушының өзі жайлы түсінігі видеожазбадағы өз
4) әрбір оқушының қарым-қатынастағы өзінің және партнерінің позициясы жайлы
Сонда тренинг кезінде оқушылардың вербальді және вербальді емес
Талдаудың негізгі бірлігі ретінде И.Атватер, Х.Миккин, Л.А.Петровская сөйлеу формалары.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің әдістері – жаттығулар, рольдік ойындар, топтық дискуссия
Әлеуметтік-психологиялық тренингтің тиімді өтуі бөгде байқаушылар, көрушілер болмауына
Тренингтік топтағы жұмыс тренингке қатысудағы еріктік; тренингтегі белсенділік; қатысушылар
Әлеуметтік-психологиялық тренинг полифункциональді болады. Басқаша айтқанда тренингтің құрамдас компоненті
Мақсатқа байланысты және әлеуметтік-психологиялық тренингтің полифункционалдығын ескере отырып.Тренингтік сабақ ұйымдастыру сатысынан басталады. Бұл сатының басты міндеттері
Осы сатыда әлеуметтік-психологиялық тренингтің принциптері мен топта жұмыс жасау.Ұйымдастыру сатысының келесі процедурасы – топ жұмысына қатысушылардың әрқайсысы.Тренингтің келесі – диагностикалық сатысында әрбір оқушының оқу әрекетіндегі.Тренингтің келесі сатысы оқушылардың өзін-өзі тануына бағытталады. Мұнда екі.Талдаудың мынадай жалпы схемасы қатысушылардың белсенділігіне.Тренингтік сабақтың келесі сатысы өзін-өзі адекватты бағалаудың, өзін-өзі актуализациялаудың.

Бекіту сұрақтары:


1.Мүмкіндігі шектеулі жандарға тренинг жүргізу түрлерін біле алдыңыз ба?
2.Мүмкіндігі шектеулі балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушылармен жүргізілетін жұмыстары туралы не білесіз?
3.Білім берудегі инклюзивті үрдісті басқару туралы не білдіңіз?
4.Педогогикалық жобалау көп функциялы білім беру қызметі туралы не білдіңіз?
[03.05, 09:32] Матышева Жанерке: Мүмкіндігі шектеулі балалар және оларды тәрбиелеу.
Дәріс жоспары:
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу.
2. Мүмкіндігі шектеулі балаларды педагогикалық қолдау.
Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

1.Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез-келген адам өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы – ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреу даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Адамға нағыз бақытты тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз де тегін айтылмаса керек. Адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген уақыттан бастап ата-ана алдында нәзік те, қиын қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол – бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінен, ата-анасынан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер, яғни тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, отбасындағы үлкендердің үлгісімен сіңеді.Ал, мүмкіндігі шектеулі балалаларды тәрбиелеу ерекшелікті қажет етеді. Ата-ана тарапынан ұстамдылық, шыдамдылық, төзімділік, сабырлық сияқты қасиеттер болуы тиіс.Отбасының бала тәрбиесіндегі алар орнын халқымыз « ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық оймен түйе білген. Кемістің түріне де және күрделілік деңгейіне байланысты балаларды тәрбиелеу мүмкіндігі де өзгеріп отырады.


Арнайы әдістерді пайдалана отырып, тәрбиеші бала тәртібіндегі кемшіліктерді тікелей түзетуге ықпал етеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу кезінде жаттығу түзетудің арнайы әдістерінің бірі болып табылады. Жаттығуларды орындай отырып бала өзін ортада дұрыс ұстауға, мейірімділікке, төзімділікке үйренеді. Бірақ жаттығуға толығымен жүгінуде балаларды агрессияға, мінезіндегі қиқарлықты тудыруы мумкін.Баланың түзету дамыту жұмыстарының бір түрі ересектер мен құрбылардың ықпалы. Ересек балалар үшін қайталау обьектісі. Яғни жүріс – тұрыс, сөйлеген сөзі, іс-әрекеті. Баланы ересектер әрдайым қадағалап жүру керек , дұрыс іс-әрекетте қолдап, бұрыс істеген жағдайда тәртіпке шақырып түзеп отыру қажет.Ұжымдағы бала мәртебесін өзгерту де тиімді тәсілдердің қатарына жатады. Мысалы, баланың тұрақты теріс қылықтарын қарамастан, оған жауапты тапсырма беру.
2.Педогогикалық қолдау әдісін қолдана отырып, ересек адам бала тұлғасын, оның тәртібін негативті бағалаудан бас тартады, тәртіпті сақтауға деген тілекті қолдайды анық және ашық түрде балаларға көмекке дайындығын білдіреді. Оқыту мен тәрбиенің түзету әдістері баланың күн тәртібін және ұстаз тұлғасына сәйкес өзгеруі.Дұрыс ойластырған күн тәртібі ырықты тәртіпті қалыптастырудың оның кемшіліктерін түзетудің қажетті шарты, әрі құралы болып табылады. Ұйымдастырылған күн тәртібі баланың психоэмоционалдық жағдайына жағымды әсер етеді. Күн тәртібі икемді, көп вариантты, келеңсіз жағдайлары ескерілуі тиіс. Күн тәртібі үшін уақыт дұрыс анықталуы тиіс.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде бала бойындағы кемшілікті түзету үшін негізгі бағытты анықтаған жөн:
Бірінші баланың оқу мен тәртібінде тұлғалық дамуында жағымсыз құбылыстарды ертерек анықтау және түзету
Екінші педогогикалық талдау жүргізу, түпкі себептерді анықтау, оны жоюға деген дифференциалдық көзқарас.
Үшінші арнайы әдістерді пайдалану. Педогогтар мүмкіндігі шектеулі балаларды тереңірек түсініп, тыңдап, баланың көңіл-күйіне назар аудару керек.
Қазіргі тңда мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:Тәрбиеленуші мен тәрбиешінің арасында педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы.Тәлім – тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы.Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.
Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт.Әр тапсырмаларды орындау барысында балалардың міндеті мен мүмкіндік деңгейлерін ескеру керек.Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу өте қиын болғанымен, әрқашан қиындықтарға тап болу дегенді білдірмейді. Мүмкіндігі шектеулі балаларға да жақсы тәрбие берсе, ол да өз ата-анасына қуаныш пен бақыт сыйлауы мүмкін.
0
[03.05, 09:32] Матышева Жанерке: Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік-психологиялық бейімдеу.
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтік-психологиялық бейімдеу туралы.
2.Мүмкінді шектеулі балаларды бейімдеу жолдары.
Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

1.Адам баласында өмірге келген сәттен бастап, белгілі ортаға бейімделу процесі жүреді. Психологияда бұл процесті адаптация деп атайды. Адаптация-жеке адамның немесе әлеуметтік топтың ортамен әрекеттестігі, оған осы ортаның нормалары мен құндылықтарын игеру, сонысымен қатар ортаның мақсатына сәйкес өзгеруі, қайта құрылуы жатады. «Бейімделу» (адаптация) ұғымы психологияда адамның қоршаған орта жағдайына бейімделуін білдіреді. Бұл ұғым индивид пен ортаның тепе-теңдік байланыстары туралы гештальтпсихология, ақыл-ойдың даму теориясы сияқты психологиялық концепцияларда да маңызды орын алады.


Бұл терминді еңгізген Г.Селье. Үш стадиядан тұрады:
1.Алаңдау стадиясы– бір неше сағат немесе екі күн созылуы мүмкін, мұнда адамға белгілі әсер келіп адам одан қорғануға тырысады;
2.Қарсы шығу стадиясы – адам әсерге қарсыланады;
3.Тұрақтану немесе әлсіздену стадиясы.
Бейімделудің негізгі түрлері –сенсорлық бейімделу мен әлеуметтік бейімделу. Сенсорлық бейімделу–түйсіктердің бейімделуі.
Әлеуметтік бейімделу –бейімделудің еңжоғары дәрежесі, бір жағынан, үнемі жүретін индивидтің әлеуметтік орта жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, екінші жағынан, бұл процестің нәтижесі. Осы екі компоненттің өзара қатынасы индивидтің қажеттіліктеріне, оларды қанағаттандыру мүмкіндігіне тәуелді. Бейімделу үздіксіз жүретін процесс болса да, оны әдетте, адамның өмірінде негізгі әрекеттердің және әлеуметтік ортаның ауысуымен байланыстырады.Психологиялық бейімделудің негізгі көріністері – адамның айналасындағы адамдармен белсенді қарым-қатынас жасауы. Психологиялық бейімделудің басты құралы-тәрбие, білім, еңбек және кәсіби даярлық болып табылады. Психологиялық адаптация, адам өміріндегі кез келген өзгерістерде жүзеге асады. Мысалы, «үйкүшік» баланың балабақшаға келген соң, жаңа жағдайларға бейімделуіне тура келеді. Мектепке келу-жаңа талаптарды орындауға, жаңа жағдайларға бейімделуді қажет етеді. Еңбек жолын бастаған жастарда, бейімделу кезеңін басынан кешіреді. Тіпті микросоциумдағы (отбасы) өзгерістер: ата-аналардың ажырасуы немесе жақын адамдардың қайтыс болуы т.б. жаңа жағдайлар туғызады.
Әлеуметтік бейімделу – тек дені сау адамдардың ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың да әлеуметтік ортаға қосылуы, қоғамда өмір сүруге бейімделуі. Мүгедек бала - тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Мүмкіндігі шектеулі балалардабейімделу үдерісі үнемі сәтті, қиындықсыз бола бермейді. Кейде, адекватты емес мінез-құлық реакциялары, қиын психологиялық ситуациялар туындайды. Бір сөзбен айтқанда, дезадаптация пайда болады. Балалардағы дезадаптация күйі оңай пайда болғанмен, адаптация үдерістері ұзақ уақытқа созылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімделу немесе адаптация қиындықтарын жеңілдету, психикалық дамуын қалыпты балалардың психикалық дамуы деңгейіне жақындату коррекция және компенсация жолдарымен жүзеге асады. Дәлірек айтқанда, коррекция (түзету) ұғымы – психикалық және дене бітімдік дамудағы кемшіліктерді, психологиялық-педагогикалық және емдеу-сауықтыру шараларының жүйесі көмігімен түзету. Бұл жүйе баланың психикасының, дене бітімінің ауытқуларын жеңілдетуге және жоюға бағытталады. Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол сезімдік тәжірибе мен моториканың дамуы автоматты түрде ойлауды дамытады, себебі олар ойлаудың алғышарттары деп есептейді.
[03.05, 09:33] Матышева Жанерке: Тақырыбы:Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері.
Дәріс жоспары:
1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагогтардың жұмысы.
2. Инклюзивті білім беру мекемелерінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану.
Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.

1.Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беру идеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек.


Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек. Сонымен қатар, оларға қажет: − балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау; − әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау; − барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін атааналармен өзара әрекеттесу; − сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау; − әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары болатындығын білу.
2.Сонымен бірге, Мовкебаева З.А. мен Оралканова И.А. балаға бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдануды ұсынады.
Ол әдістер:
− барлық балаларға ойнауға, оқуға және жауапкершілікті бөлуге көмектесу;
− оқудағы қиындықтардың дәрежесі мен ауырлығын төмендетіп, қиындықтың ары қарай дамуына жол бермеу;
− мінез-құлық проблемаларын шешу;
− оқу жоспарында күнделікті өмірде қолданатын дағдыларды пайдалану;
− оқуды қызықты түрде жасау;
− өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру;
− балалардың қызығушылығын сақтау және оларға өздерінің жеке темптерімен сәйкес оқуға мүмкіндік жасау үшін оқыту жылдамдығы мен әдістерін түрлендіру;
− сыныпта өзара қарым-қатынасты жақсарту;
− мұғалімге өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу. Тағы бір ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім беруде маңызды болып табылады.
Оның ойынша, педагогтар:
− қарапайым, түсінікті тілде сөйлеп, материалды логикалық, дәйекті түрде түсіндіруге;
− вербалды емес тілдің тәсілдерін білу және дұрыс өңдеу, дене тілін түсіну, дауыстың ырғағын, бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.;
− көбіне сөйлесуде бақылайтын емес, қолдайтын және мадақтайтын тәсілдерді қолдануға;
− сөйлеу тілімен қолдана алмайтын, нашар еститін немесе ана тілі оқу тілінен басқа даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік танытуға;
− балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер жасап отыруға; − оқу материалының барынша аудиовизуалды қолжетімділігін қадағалауға тырысу керек.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімі:
- оған берілген балалардың денсаулығы мен өмірі үшін тікелей жауапты
- мектеп сабақтарын, экскурсиялар, сыныптан тыс шаралар мен ойынсауықты балалардың жасына сай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және бағдарламалық материалдарға сәйкес жоспарлайды және жүзеге асырады;
- сыныпта типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін жағдай жасайды;
- басқа мамандармен және мұғалімдермен бірге мерекелер, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды дайындайды;
- барлық оқушылардың біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады (басқа мамандармен бірге); - мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әрбір оқушыға жеке ыңғай жасайды; - балаларды отбасында тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оларды мектеппен белсенді әрекеттестікке тартады; Қолданбаған жөн! Көру қабілеті зақымданған адам есту қабілеті зақымданған адам мүгедектігі бар оқушы дене мүшелері зақымданған бала интеллектуалды бұзылыстары бар бала оқуында қиындықтары бар қыз соқыр саңырау мүгедек жарымжан ақыл-ойы кем оқытылмайтын Қолдануға болады! - балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балалардың жеке дамыту бағдарламасын жасауда және жүзеге асыруға қатысады; - баланың әр түрлі әрекет түрлерінің даму деңгейін, коммуникативті белсенділік ерекшеліктерін, мақсатқа бағытталған әрекет деңгейін, өзіне өзі қызмет көрсету, мәдени-гигиеналық дағдыларын анықтайды; - мамандардың ұсысыныстарын орындайды.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы бір маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар, қазіргі таңда педагогтардың барлығы өздерінің белгілі бір салада «білмейтіндіктерін» мойындап, әріптесінің көмегін қабылдай алмайды. Инклюзивті білім берудің «алтын ережесі» - топта жұмыс жасау, осыған педагогтарды даярлауда ерекше мән беру керек. Арнайы педагогика саласында өзінің кемшіліктерін мойындау, әріптестері мен мамандардың көмегін қабылдау, мамандармен тұрақты байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу жағдайындағы білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында, оның барлық субъектілеріне, яғни әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады: - әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу; - өзін мамандар тобының мүшесі ретінде мойындау; - бір-біріне сыйластықпен қарау; - көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және оны тыңдауға дайын болу; - топтың ортақ мақсатын мойындау және сол мақсатқа жету үшін еңбектенуге тырысу. Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы педагогика саласындағы білім жеткіліксіздігін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене және психологиялық ерекшеліктерін түсінуі, мамандардан көмек сұрай және қабылдай алу маңызды. Мұғалім өзінің «кәсіби Мен» дегенді басқа мамандардың білімдеріне «бағындыра алу» қабілеті - мұғалімнің барлық әрекеті мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосуға бағытталған «инклюзивті білім берудің алтын ережесіне» жатады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша педагогикалық ұжымның әрекетін координациялау үшін инклюзивті білім беру бойынша координатор деген жаңа штаттық бірлікті енгізген дұрыс (Леонтьева Е.Е. жасаған ұсынымдар).
Инклюзивті білім беру бойынша координатор жоғарғы дефектологиялық білімі бар (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог, мұғалім-логопед, т.б.), инклюзивті білім беру саласында даярлықтан өткен және көру, есту, тірек-қимыл немесе интеллектуалды дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеген кез келген маман бола алады. Интеллектуалды бұзылыстарға психикалық даму тежелуі, интеллектуалды жетіспеушілік, оның ішінде Даун синдромы, балалар церебралды параличі, аутистік бұзылыстар және т.б. жатады. Координатордың қызметіне кіруі мүмкін: 1. Әкімшілік: - инклюзивті мәдениет пен құндылық, философия мен идеология, ұйымдастырудың ерекше тәртібін қалыптастыру; - инклюзивті білім беру саласында педагогикалық ұжым әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтау (нақты қадамдарды жоспарлау, жүзеге асыру және талдау – ұйымдастырушылық компонент), барлық балаларға бірдей көңіл бөлуді қамтамасыз ету және сол мақсатта қолдағы ресурстарды нәтижелі қолдану; - инклюзивті практиканы қолдау (әріптестерге кәсіби қолдау мен ынталандыру, әсіресе, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі жұмыс істеу үлгілерін таратуда, түзете-дамыту жұмысының, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері туралы сұрақтарды шешуде пәнаралық, «командалық» ыңғай жасауды қамтамасыз ету). - даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктерін, баланы дамытуда ұзақмерзімді мақсаттарды талдау, бала мен оның отбасын қолдау стратегиясы.
2. Білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум маманының (жетекшісі) қызметтері:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мамандарымен өзара әрекеттесу;
- білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мүшелерінің әрекетін координациялау;
-психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум отырыстарын жаспарлау және жүргізу; -жеке білім беру жоспарын (баланың жеке даму бағдарламасы) жасауға және жүзеге асыруға қатысу; - психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның шешімдерін ата-аналар мен әкімшілікке жеткізу. Консилиумның мүшесі ретінде координатордың міндеттерінің ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ендіру үдерісінреттеу және тиімді ету бойынша нақты шараларды бөлуге болады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке және топтық түзету сабақтарының кестесі, оқушыларды (тәрбиеленушілерді) қосымша құрылғылармен қамтамасыз ету сұрақтары; баланың мектепте болу тәртібін ата-аналармен келісу және психологиялықпедагогикалық қолдауды ұйымдастыру.
3. «Сыртқы» серіктестермен өзара әрекеттестік: - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен, - психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен, - түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерімен, - оңалту орталықтарымен, - ата-аналарға арналған кеңестік пункттермен - инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі коммерциялық және коммерциялық емес, басқа да қоғамдық ұйымдармен. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мектеп мұғаліміне кейбір кездері жалпы білім беру үдерісіне баланы нәтижелі енгізу үшін қосымша кеңес пен қолдау керек болуы мүмкін. Кеңесті әр түрлі дереккөздерден алуға болады: - Консультативті-әдістемелік орталықтар, педагогтарды қолдау орталықтары немесе ресурстық орталықтарда балаға бағдарланған нәтижелі, инклюзивті білімберу әдістері, материалдар мен сабақтағы әрекеттер бойынша кеңестер алуға болады. - Әлеуметтік педагог немесе бала психологы психологиялық жарақат алған немесе оқудағы қиындықтар туындаған жағдайда, баланың әлеуметтік немесе мінез-құлық проблемалары оның отбасымен немесе/және құрдастарымен байланысты үзуге әкелген жағдайларда көмек көрсете алады. - Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтары мен логопедтер нақты әрбір балада негізгі дағдыларының (күнделікті өмір, ойын, араласу, оқыту) даму ерекшеліктерін практикалық түсінуді қалыптастыруға, бұл балалармен жұмыс жоспарын жасау мен бағалауда көмектесе алады. - Медициналық қызметкерлер, әр түрлі маманданған дәрігерлер, диетологтар әр түрлі органикалық немесе қызметтік себептерден болған бой өсуінің тежелуі, көруі немесе естуі нашарлаған, оқуы мен мінезқұлқында проблемалар туындаған жағдайда елеулі көмек көрсете алады.
Қазақстандық зерттеуші Оралканова И.А. өзінің бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастыруға арналған диссертациялық зерттеуінде мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастырудың келесі компоненттерін, критерий мен деңгейлерін бөліп көрсетіп, сипаттайды:
- адаптивті
- репродуктивті
- оптималды.
Адаптивті деңгейге, автор инклюзивті білім берудің идеологиясы мен философиясын толыққанды қабылдамау және жеткіліксіз түсінуді, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге құлықтың болмауын, балаларға нәтижелі инклюзивті білім берудің формалары, әдістері мен құралдары туралы түсініктің фрагменттілігін жатқызды. Репродуктивті деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының критерийлеріне шартты түрде сәйкес келумен сипатталады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласында білімін жетілдіруге мотивацияның әлсіз болуы, инклюзивті білім беру ұйымы туралы дифференциалды теориялық түсініктерінің болмауы, инклюзивті білім беру үдерісінде кәсіби міндеттерді шешу жолдарын нашар меңгеру. Оптималды деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтып көрсетеді: оқу-кәсіби міндеттерді шешуде саналылық, өз беттілік, рефлективтілік байқалады, инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіну мен қабылдау, балаларға инклюзивті білім беруге сананың бағыттылығы мен тұлғалық бағдарлығы.
Бұл деңгейдегі мұғалімнің мотивациясының дәрежесі едәуір жоғары, олар эмпатия мен толеранттылық танытады, инклюзивті білім беру мен балалардың мүмкіндіктеріне қарамастан олардың құндылығын мойындайды, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттері өзінше ерекше және шексіз екендігіне сенеді, олармен жұмыстың ерекшеліктері туралы білімдері терең, толық, тұтас және жүйелі, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды оқыту нәтижесін бағалау, сипаттау, болжау, құрастыру қабілеттері бар, ата-аналармен және басқа мамандармен «топта» жұмыс істеуге дайын болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет