Тақырып 15. ҚР салық қызметі: құрылымы, құқықтық базасы, басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланысы.
1.Салық органдарының экономикалық мәні.
2. Салық қызметі органдарының ұйымдастырушылық құрылымы, мақсаттары, міндеттері.
3.Салық қызметін құрудың объективтік қажеттілігі.
Тақырып 16. Салықтық бақылаудың қажеттілігі және экономикалық мазмұны.
1.Салықтық бақылау элементтері.
2.Салықтық бақылау әдістері.
3.Салықтық бақылау жіктелуі..
Салықтық бақылау элементтері.
Салықтық бақылау – бұл тексеру немесе тексеру мақсатындағы қадағалау.
Салықтық бақылауды іске асыру үш стадиядан тұрады:
- ақпараттарды жинақтау;
- ақпараттарды бағалау;
- жинақталған ақпараттарды реттеу.
Салықтық бақылаудың ерекше белгілері:
1. Салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады, яғни ол мемлекеттің бақылау қызметін іске асыратын өкілетті мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
2. Салықтық бақылау қаржылық бақылаудың бір түрі ретінде қарастырылады. Салықтық бақылауды іске асыру кезінде мемлекеттің қаржы жүйесінің келесідей бағытын яғни берілген елдің қаржы жүйесінің құрамына енетін, ақшалай қорларды қалыптастыруды бақылау қамтамасыз етіледі.
3. Салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың маманданған бір түріне жатқызылады. Бұл өз кезегінде салықтық бақылауды тек осы міндет жүктелетін органдар ғана іске асыру қажет екендігін қөрсетеді.
4. Салықтық бақылаудың функционалдылығы, салықтық бақылау органдары көрсетілген шектерден шықпауы қажет.
Салықтық бақылау келесідей элементтерден тұратын күрделі құрылымдық жүйені білдіреді:
1. бақылау субъектісі;
2. объект;
3. пәні;
4. бақылау мақсаты;
5. салықтық бақылауды іске асыру әдістері.
Салықтық бақылаудың аталған элементтерінің мазмұны келесі сұрақтармен ашылған:
- нені тексереді, бақылау субъектісі;
- кімді тексереді –бақылау объектісі;
- не тексеріледі –бақылау пәні;
- не үшін тексеріледі – бақылау мақсаты;
- қалай тексеріледі - бақылау әдістері.
Салықтық бақылаудың субъектісі ретінде салықтық бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттің салық қызметі органдары қарастырылады.
Салықтық бақылаудың объектісі болып салық заңдылығымен заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар табылады: салық төлеушілер, мемлекеттің салық агенттері, банктер, салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар.
Салықтық бақылаудың пәні болып тексеретін тұлғаның салық заңдылығымен жүктелген міндеттемесін орындауы табылады.
Салықтық бақылау мақсаттары:
- салық заңдылығын бұзушылық фактілерін анықтау;
- салық заңдылығын бұзушыларға әкімшілік шаралар қолдану;
- салық заңдылығын бұзуды болдырмау;
- уақытында төленбеген салықтарды өндіріп алу түрінде мемлекеттің материалдық қызығушылығын қорғау;
- салық заңдылығын бұзушыларға ескерту жасау.
Салықтық бақылау әдістері болып оны жүзеге асыруда қолданылатын нақты тәсілдер табылады.
2. Салықтық бақылауды әр түрлі негізділігі бойынша жіктеуге болады.
Іске асырылу формасы бойынша салықтық бақылау: тікелей және тікелей емес болып бөлінеді.
Тікелей салықтық бақылауда біріншіден, тексеру бақылау объектісінде іске асырылады, екіншіден, тексеретін тұлғалар салықтық есепке жататын алғашқы құжаттарды талдайды.
Тікелей емес салықтық бақылауда бақылау сырттан жүргізіледі.
Өзінің іске асырылу уақыты бойынша салықтық бақылау алдын-ала, ағымдағы және кезекті болып бөлінеді.
Ағымдағы салықтық бақылау қандай-да бір қаржылық іс-әрекетті іске асырғанға дейін жүргізіледі. Бұл бақылаудың міндеті салық заңдылығын бұзушылықтың алдын алу.
Ағымдағы салықтық бақылау қандай-да бір қаржылық операциялар жүргізіліп жатқанда іске асырылады. Бұл бақылаудың міндеті жасалған операцияның заңдылығын анықтау.
Кезекті салықтық бақылау салықтық міндеттеме орындауға тапсырылғаннан соң жүзеге асырылады.
Салықтық бақылау ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі салықтық бақылауда бақылау субъектілері мен объектілері бір ұйымдастырушылық жүйенің звенолары болып табылады. Мысалы, министрліктер оларға бағынышты кәсіпорындардың салық міндеттемесін орындауын тексереді.
Сыртқы салықтық бақылау бағынышты емес субъектілерге қатысты жүргізіледі. Мұндай бақылау салық комитеті органдарымен іске асырылатын тексерулерге тән.
Ведомствалық салықтық бақылау белгілі бір министрліктің салықтық бақылау органдарымен іске асырылады, ал надведомственный салықтық бақылау салық комитетінің территориялық органдары тұлғасындағы салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады.
3. Тәжірибелік сабақтар- жаңалықтарды үйренуге және оқиғалардың бірқалыптылығын дамытуға арналған оқу сабақтарының формасының бірі.
Тақырып 1. ҚР – сы салық жүйесінің құрылу кезеңдері мен жағдайына сипаттама.
Сабақтың мақсаты: студенттерді салық жүйесі туралы ұғыммен, салықтар жіктелуімен, ҚР – ның салық жүйесінің қалыптасу этаптарымен таныстыру. Студенттерді ҚР – да салық қызметінің қалыптасуы және дамуымен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
Салық жүйесі туралы ұғым. Салықтардың жіктелуі.
ҚР – сы салық жүйесінің қалыптасу этаптары.
ҚР – ның қазіргі кезеңдегі салық жүйесіне сипаттама. Бюджеттік жүйе звенолары арасында салықтарды тарату.
4.Салық қызметінің қызмет етуінің құқықтық аспектілері.
5.Бюджетке түсетін төлемдерді дұрыс есептеу, уақытында және толық түсуіне салық органдарының жауапкершілігі.
6.Мемлекеттік салық және кедендік қызметті ұйымдастыру.
Экономикалық диктант сұрақтары:
Салық жүйесі дегеніміз не?
Салық жүйесін құрайтын міндетті элементтер.
Экономикасы дамыған елдердегі салық жүйесін құру принциптерін атаңыз?
Салық салу объектісіне байланысты салықтар қалай жіктеледі?
Тура салықтар дегеніміз не және оған қандай салықтар жатады?
Нақты және жеке салықтардың айырмашылықтары қандай?
Бекітілген және реттеуші салықтарға анықтама беріңіз.
ҚР – ның салық жүйесінде қандай өзгерістер бар?
ҚР – ның салық жүйесінің қалыптасу этаптарын атаңыз?
ҚР – да қазіргі уақытта қандай салықтар бар?
11.Мемлекеттік салық қызметінің құрылымы.
12.Қаржы Министрлігінің функциялары.
13.Салық қызметі органдарының құқықтары мен міндеттері.
14.Семей қалалық Салық комитетінің құрылымы.
15.Салық органдарының басқа да мемлекеттік органдармен өзара байланысы.
Өздік жұмыс тақырыптары:
ҚР – ның салық жүйесін реформалау.
Салықтарды бюджет жүйесінің буындары бойынша бөлу.
Тақырып 2. Заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салық.
Сабақтың мақсаты: студенттерді мүлік салығының экономикалық мәні, объектісі, ставкалары, есептеу және төлеу тәртібімен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
Меншікке салықтардың экономикалық мазмұны.
Заңды және жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығының объектілері.
Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер.
Мүлік салығының ставкалары, есептеу және төлеу реті.
Есептер шығару.
«Абай» кітапханасының мүлкінің орташа жылдық қалдық құны 450600 т. Мүлік салығының сомасын есептеңіз.
Үйдің құны жалпы ортақ үлесте және ол 2500000 т. құрайды. Біріншінің үлестік қатысуы 1000000 т, екінші қатысушы «Отан» орденімен наградталған. Мүлік салығын есептеңіз.
«Ардақты ана» иелерінің мүлкінің құны 1500000 т. бағаланды. Мүлік салығын есептеңіз.
Жеке тұлғаның мүлкі 4400000т, гаражы 44 м.т, саяжайы 145000т. бағаланды.Мүлік салығын есептеңіз.
«Асем» ЖШС – де бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес келесідей негізгі құралдар есептелген: 2004 ж. 1 қаңтарына негізгі құралдардың бастапқы құны – 6100000т, жинақталған тозу – 1200000т. 1 наурызда серіктестік 350000т. негізгі құралдар сатып алды. Ағымдағы төлемдер сомасын есептеңіз.
Өэдік жұмыс тақырыптары:
Мүлік салығының есептесу механизмі және қызмет ету проблемалары.
ҚР – да заңды тұлғалардың мүлкіне салық салу практикасы және оны жетілдіру бағыттары.
Тақырып 3. Көлік құралдарына салынатын салық.
Сабақтың мақсаты: студенттерді көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мәні, салық салу объектісі, төлеушілер, есептелу тәртібімен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
Көлік құралдарына салынатын салықты құру негіздері, төлеушілер,салық салу объектісі, ставкалары.
Көлік түрлеріне байланысты түзету коэффициенттерін қолдпну ерекшеліктері.
Көлік салығын есептеу және төлеу тәртібі.
Есептер шығару:
ВАЗ – 2106 көлігінің двигателінің көлемі 1600 см3. 2001 ж шыққан салық мөлшерін есептеңіз.
Мазда көлігінің двигателінің көлемі 3250 см3. 2001 ж шыққан салық мөлшерін есептеңіз.
«Али» АҚ – да келесідей көлік құралдары бар: 1988ж шыққан отыру орны 36 кісілік 12 Икарус автобусы, 2001ж шыққан двигателінің көлемі 1698см3 3-ВАЗ 21010 және двигателінің көлемі 4000 см3 жүк көтергіштігі 4 тонна 2 ГАЗ – 53 шыққан жылы 1995. көлік құралдарына салынатын салықты есептеңіз.
Семей қаласының тұрғыны 2 топ мүгедегі, зейнеткердің меншігінде ВАЗ 2106 двигателінің көлемі 1570см3 1999ж шыққан, ВАЗ 2109 автокөлігі двигателінің көлемі 1450см3 2000ж шыққан. Көлік салығын есептеңіз.
Жеке тұлғаның меншігіндегі «Мерседес» автокөлігінің двигателінің көлемі 4100см3, 1998ж шыққан.
Өздік жұмыс тақырыптары:
1.Көлік құралдарына салынатын салықтың қалыптасуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
Тақырып 4. Жер салығы.
Сабақтың мақсаты: студенттерді жер салығының экономикалық мәні, төлеушілер, салық салу объектісі, жер салығын есептеу және төлеу тәртібімен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
1. Жер салығының экономикалық мазмұны, төлеушілер, салық салу объектісі.
Жер салығын ҚР – дағы жер санаттарына байланысты есептеу. Салық ставкасын түзету.
Жер салығын есептеу және төлеу тәртібі.
Есептер шығару:
Жеке тұлғаныңменшігіндегі саяжайының алып жатқан жерінің көлемі 0,83 га. Жер салығының мөлшерін есептеңіз.
Семей қаласында тұратын жеке тұлғаның меншігіндегі жер учаскесінің көлемі 1800 м2, оның 600м2 жерін тұрғын үй құрылысы алып жатыр. Жер салығын есептеңіз.
Өскемен қаласында орналасқан АЗС жер көлемі 400 м2. Жер салығын есептеңіз.
Алматы қаласында орналасқан 5 этажды тұрғын үй 1500 м2 жер учаскесін алып жатыр. Үй иелерінің жалпы тұрақты пайдаланудағы жер учаскесінің көлемі 2000 м2. Үйдің жалпы ауданы 5000 м2. 1 комнаталы пәтер 32 м2 жерді алып жатса жер салығының сомасы қанша болады?
Семей қаласында тұратын жеке тұлғаның меншігіндегі жер участогының көлемі 16 соток. Оның 5 соток жерін тұрғын үй құрылысы алып жатыр.Жер салығының мөлшерін есептеңіз.
Экономикалық диктант сұрақтары:
Жер салығын төлеушілер және салық салу объектісі.
Қандай жерлер салық салуға жатпайды?
Жеке тұлғалардың саяжай үшін арналған жерлеріне салық ставкалары?
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы қалай есептеледі?
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салық ставкалары?
Жер салығын төлеуден босатылатындар?
Жер салығын есептеу және төлеу тәртібі қандай?
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу мерзімдері.
Тақырып 5. Қосылған құнға салынатын салық.
Сабақтың мақсаты: студенттерді қосылған құн салығының экономикалық мәні, есептеу тәртібі және ҚР – ның салық жүйесінде алатын орнымен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
ҚҚС экономикалық мәні. ҚҚС алу әдістері.
ҚҚС төлеушілер және салық салу объектісі. ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару.
Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт. ҚҚС ставкалары.
ҚҚС төлеуден босатылатын айналымдар және импорт.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар.
ҚҚС бойынша есепке жатқызу механизмі.
ҚҚС есептеу тәртібі, бюджетпен өзара қарым – қатынас.
Есептер шығару:
Кәсіпорын ҚҚС ескеріп өнімін 135000 т өткізді, ал шикізат және материалдарды ҚҚС ескеріп 89000 т сатып алды. Бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасы қандай?
Кәсіпорынның салық салынатын айналымы 1500000 т, ал сасық салынатын айналымы 640000т құрады. Жалпы айналымды, салық салынатын айналымның үлес салмағын, есепке алынатын ҚҚС сомасын анықтау керек.
Кәсіпорын өнімді 3200000 т сатты (ҚҚС қоспағанда). Шикізат материалдарын 182500т сатып алды (ҚҚС қоспағанда). Бюджетке төлеуге жататын ҚҚС сомасын анықтаңыз?
Товардың кедендік құны 2000 т, кедендік төлемдер 120 м.т, акциз 250 м.т. Салық салынатын айналымды және товарды кедендік рәсімдеу кезінде төленетін ҚҚС анықтаңыз.
200000 т сомасында жеңіл автомобиль сатып алды, автомобильдің баланстық құны 150000 т. Салық салына тын айналымды, ҚҚС сомасын анықтаңыз?
Өздік жұмыс тақырыптары:
ҚҚС: есептесу механизмі және оның қызмет ету проблемалары.
ҚҚС, қызмет ету проблемалары.
Жанама салықтар құрамындағы ҚҚС мәні.
Тақырып 6. Акциздер.
Сабақтың мақсаты: студенттерді акциздердің экономикалық мәні, есептесу тәртібімен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
Акциздердің экономикалық мазмұны және жанама салықтар жүйесіндегі рөлі.
Салық салу объектілері, төлеушілер, салық ставкасының түрлері.
ҚР – да акцизделетін тауарларға салық салу.
Акциз салығын есептеу және төлеу реті.
Экономикалық диктант сұрақтары:
Акциз салығын төлеушілер.
Акцизделетін тауарлар тізбесі.
Абсолюттік сомадағы акциз ставкалары нені білдіреді?
Акциз салығының салық базасы қалай анықталады?
Акциз салығын төлеу мерзімдері.
Өздік жұмыс тақырыптары:
Жанама салықтар құрамындағы акциздер мәні.
ҚР – да акциздік салық салудың мәселелері және даму перспективалары.
Мемлекеттік бюджеттің кірістер құрылымындағы акциздердің алатын орны.
Тақырып 7. Экспортталатын шикі мұнайға, газ
конденсатына салынатын рента салығы.
Сабақтың мақсаты: студенттерді экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығының экономикалық мәні, есептесу тәртібімен таныстыру.
Практикалық сабақ сұрақтары:
1. Эспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеушілер,
салық салу объектілері.
Эспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу және төлеу тәртібі.
Тақырып 8. Корпорациялық табыс салығы.
Сабақтың мақсаты:студенттерді корпорациялық табыс салығының экономикалық мәні, төлеушілер, салық салу объектісі, есептелу тәртібімен таныстыру.
Сабақтың барысы:
Ауызша сұрау.
Экономикалық диктант өткізу.
Есептер шығару.
Рефераттар тыңдау.
Практикалық сабақ сұрақтары:
Заңды тұлғалардың табысына салық салудың экономикалық мазмұны.
Корпорациялық табыс салығының құрылу негіздері:төлеушілер, салық салу объектісі.
Жылдық жиынтық табыс құрамы және құрылымы. Жылдық жиынтық табысты түзету. Шегерістер.
Салық салынатын табысты анықтау және түзету.
Корпорациялық табыс салығының ставкалары.
Инвестициялық салық преференциялары.
Салық төлеушілердің кейбір категорияларына, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері.
Корпорациялық табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі.
9.Коммерциялық емес ұйымдар: ұғымы, функциялары.
10.Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу ерекшеліктері.
11.Есептер шығару.
Бақылау жұмысының сұрақтары.
1-вариант.
Жылдық жиынтық табыс құрамы. Салық салынатын табысты түзету.
Жылдық жиынтық табыстан жүзеге асырылатын шегерістер.
Амортизацияны есептеу тәртібіне тіркелген активтер бойынша шегерістер.
2-вариант.
Корпорациялық табыс салығының ставкалары.
Залалдарды ауыстыру тәртібі.
Корпорациялық табыс салығының уақытында және толығымен төленуіне жауапкершілік.
Есептер:
Негізгі өндіріс туралы жер болып табылатын заңды тұлғаның 2004 жылғы түзетуді есепке алғандағы салық салынатын табысы 300000 теңге. Корпорациялық табыс салығын есептеңіз.
Заңды тұлға өзінің еншілес фирмасына 60000 теңге тұратын 30 телевизор сатты, ал оны 48000 теңгеге сатып алған. Еншілес фирманың табысын анықтаңыз.
№ 5 топтың құндық балансы салық кезеңінің соңына 60000 теңге құрады. Жөндеуге жұмсалатын шығындарды есептеңіз.
№ 8 топтың құндық балансы салық кезеңінің соңына 180000 теңге құрады. Жөндеуге жұмсалған нақты шығындар 35000 теңге құрады. Салық кезеңінің сонына топтың құндық балансын анықтаңыз.
Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемі ретіндегі табыс 80000 теңге құрады. Корпорациялық табыс салығының сомасын анықтаңыз.
Рефераттар тақырыбы:
Қазақстанда заңды тұлғалардың табысына салық салу жүйесінің дамуы.
Мемлекеттік бюджеттің кірістер құрылымындағы корпорациялық табыс салығының рөлі.
Шет елдерде заңды тұлғалардың табысына салық салу ерекшеліктері.
4.ҚР – да коммерциялық емес ұйымдарға салық салу ерекшеліктері.
5.Коммерциялық емес ұйымдарды ұйымдастыру.
6.Шетелдерде коммерциялық емес ұйымдарға салық салу жүйесінің ерекшеліктері.
Тақырып 9. Қазақстанның салық жүйесіндегі
салықтық преференциялар.
Сабақтың мақсаты:студенттерді Қазақстанның салық жүйесінде қолданылатын салықтық преференциялармен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Инвестициялық салық преференцияларының экономикалық мазмұны.
2. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану тәртібі.
3. Преференциялардың қолданылуын тоқтату.
Тақырып 10. Жеке табыс салығы.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді жеке табыс салығының экономикалық мәні, төлеушілер, есептеу тәртібімен таныстыру.
Сабақтың барысы:
Ауызша сұрау.
Экономикалық диктант өткізу.
Есептер шығару.
Рефераттарды тыңдау.
Практикалық сабақ сұрақтары:
Жеке табыс салығының эволюциясы және оның экономикалық мазмұны.
Жеке табыс салығының құрылу тәртібі: төлеушілер және салық салу обьектісі.
Төлем көзінен салық салуға жататын жеке тұлғалардың табысының құрамы және құрылымы.
Жеке табыс салығының ставкалары.
Төлем көзінен салық салынбайтын табысты есептеу.
Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру тәртібі.
Экономикалық диктант сұрақтары:
Жеке табыс салығын төлеушілер.
Төлем көзінен салық салынатын табыстың құрамы.
Салықтық шегерістер.
Жеке табыс салығының ставкалары.
Жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру тәртібі.
Жеке табыс салығы салынбайтын табыстар.
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түрлері.
Жеке табыс салығын төлеу тәртібі.
Есептер:
Жеке тұлғаның қаңтар айындағы табысы 50000 теңге. Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасын анықтаңыз.
Жеке тұлғаның наурыз айындағы табысы 35000 теңге, асырауында бір баласы бар, сонымен қатар сәуір айында бір баласы болды. Ақпан және сәуір айларына жеке табыс салығының сомасын есептеңіз.
Жеке тұлғаның 2004 жылдың қаңтар айындағы табысы – 25000 теңге, ақпан айындағы табысы – 35000 теңге. Асырауында үш баласы бар. Ақпан айына жеке табыс салығының сомасын есептеңіз.
Жеке тұлғаның айлық еңбек ақысы 30000 теңге. Жеке тұлғаның асырауында бір баласы бар, тоқсан сайын (еңбек ақыдан 25 %) сый ақы, сондай- ақ наурыз айында баласы болады, бала туғанда төленетін жәрдем ақы 20 АЕК құрады, шілде айында баласына лагергеге жолдама берілді, қыркүйек айында іс сапар шығындары төленді – 15000 теңге, желтоқсан айында 25000 теңге сомасында ұтыс алды. 2004 жыл үшін төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының сомасын анықтаңыз.
Жеке кәсіпкердің болжанатын табысы – 1150000 теңге. Жеке табыс және әлеуметтік салық сомаларын анықтаңыз.
Рефераттар тақырыптары:
Жеке табыс салығының экономикалық мазмұны және принциптері.
ҚР—ның салық жүйесіндегі жеке табыс салығының құрылу негіздері.
ҚР – да жеке табыс салығының құрылу негіздері.
Шет елдерде жеке тұлғалардың табысына салық салу ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |