05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін


Жиындардың декарттық көбейтіндісі



бет22/81
Дата07.02.2022
өлшемі260,12 Kb.
#83635
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Байланысты:
071d3acd-7f13-11e5-8348-f6d299da70eeФЭМП каз

Жиындардың декарттық көбейтіндісі

Бізге Алматыдан және Астанадан, Стамбул, Москва және Пекин қалаларына барлық мүмкін маршруттардың жиынын құру керек болсын. Бұл маршруттар: Алматы-Стамбул, Алматы-Москва, Алматы-Пекин, Астана-Стамбул, Астана-Москва, Астана-Пекин.
Алматы және Астана қалаларынан тұратын жиынды Х арқылы, ал Стамбул, Москва, Пекин қалаларынан тұратын жиынды У арқылы белгілейік, яғни Х={Алматы, Астана}, У={Стамбул, Москва, Пекин}. Онда маршруттардың жиыны (18-сурет) бірінші компоненті Х жиынының, ал екінші компоненті У жиынының элементі болатын жұптардың жиыны екенін көреміз. Олай болса, маршруттардың жиынын былайша жазуға болады: {<Алматы-Стамбул>, <Алматы-Москва>, <Алматы-Пекин>, <Астана-Стамбул>, <Астана-Москва>, <Астана-Пекин>}.
Осылайша құрылған жұптар жиыны Х және У жиындарының декарттық көбейтіндісі деп аталады. Жалпы, Х және У жиындарының декарттық көбейтіндісі деп бірінші компоненті хÎХ, ал екінші компоненті уÎУ болатын барлық <х, у>жұптарының жиынын айтады.
Х және У жиындарының декарттық көбейтіндісін Х´У арқылы белгілейді, яғни
Х´У={<х, у> ïхÎХ, уÎУ}.
Тағы да мысал келтірейік. Х={1, 2, 3, 4} және У={а, в, с} жиындарының декарттық көбейтіндісін табу керек болсын. Анықтамасы бойынша ол мынадай жұптардан тұрады: Х´У={<1, а>, <1, в>, <1, с>, <2, а>, <2, в>, <2, с>, <3, а>, <3, в>, <3, с>, <4, а>, <4, в>, <4, с>}. Осы декарттық көбейтіндіні таблица арқылы жазған қолайлы:
Х´У жиынының әрбір элементі таблицаның сәйкес жолы мен бағанасының қиылысқан клеткасына жазылады. Олай болса, таблицаның клеткаларының жиыны Х={1, 2, 3, 4} және У={а, в, с} жиындарының декарттық көбейтіндісін береді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет