Бір обручпен ойнау арқылы жиынды класстарға бөлу. Үстелге немесе еденге обручты орналастырады(қарапайым гимнастикада қолданылатын). Әрбір баланың қолына бір бір блок беріледі. Балалар тәрбиешінің тапсырмасы бойынша блоктарды кезекпен орналастыра бастайды, мысалға қызыл блоктарды обруч ішіне, ал қызыл еместерін обруч сыртына.Бұл тапсырмаларды шешу, блоктарды түс бойынша ажырата алатын және обручтың іші мен сыртын түсінетін балалар үшін, аса қиындыққа әкелмейді. Тапсырманы орындаған соң екі сұрақ қойылады: «Обруч ішінде қандай блоктар орналасқан?» және «Қай блоктар обруч сыртында жатыр?». Бірінші сұрақ балалар үшін қиын емес, өйткені сұрақ, берілген тапсырма шартында берілген. Екінші сұраққа жауап қайтарарда, басында біраз қиындықтар туындайды, өйткені тапсырма шартында «қалған блоктар» десе, екінші сұрақта «қандай» деген сұрақ қойылып тұр. Біздің сұрағымызға қажетті дұрыс жауапты(«Обручтың сыртында қызыл емес барлық блоктар жатыр») лезде аламаймыз. «Обручтың сыртында көк және сары блоктар жатыр» деген жауапта дұрыс. Бірақ біз обруч сыртында орналасқан блоктардың қасиетін көрсетуіміз керек, өйткені ол, обруч ішіндегі блоктарға қарама-қарсы келіп тұр. Обручтың сыртында орналасқан блоктарды бір «қызыл» сөзін пайдаланып, қасиетін анықтауға мүмкіндік беру керек. Кейбір балалар түсініп алады да, болашақта, осы ойынды кішкене өзгертумен ойнау барысында қиындық туғызбайды.
Ойын барысында белгілі бір қасиеттін білдіруден, оны терістеуге өту процесі орындалады: Обруч ішінде обруч сыртындаҚызыл қызыл емесКвадрат квадрат емесҮлкен кішкентайЖуан жіңішкеДөңгелек емес дөңгелекСары сары емес және т.б.Мұндай дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты неде? Мұндай дидактикалық ойындарды өткізу арқылы балаларға жалпы білім беру жүйесіндегі еңмаңызды икемділік – заттарды классификациялау икемділігін құрастыруға процесін дамытады. Екі обручпен ойнау арқылы жиынды класстарға бөлу. Екі обручты қолданатын ойынды қарастырайық.Жазықтыққа екі түсті обручтарды қиылысатындай(ортақ бөлігі бар) орналастырады(мысалға, қара және қызыл), сосын балаларға ойын шартын түсіндіреді: қызыл обручтің ішіне қызыл блоктарды, ал дөңгелек обручтарды қара обручқа орналастыру керек. Басында кейбір балалар қателік жасайды. Олар қызыл блоктарды қызыл обручқа орналастырып жатып, онда дөңгелек блоктарды да қара обручтың ішіне емес орналастыруы мүмкін. Сосын қалған барлық дөңгелек блоктарды қара обручқа, бірақ қызыл обручтан тыс орналастырып қоюы мүмкін. Аяғында, обручтардың ортақ бөлігі бос қалып қоюды.Кейбір балалар «Барлық дөңгелек блоктар қара обручқа ма?» деген сұрақтан кейін, жіберілген қателерін түсінеді де, дөңгелек, әрі қызыл блоктарды екі обручтың ортақ бөлігіне ауыстыра бастайды. Балалар бұл түзету барысында, неге ауыстырып жатқандарын түсіндіреді(қызыл обручта қызыл блок болған соң және қарада дөңгелек блок болған соң).Балалар бұл ойындағы блоктарды орналастырып болған, стандартты төрт сұрақтарға жауап береді: «Қандай блоктар 1) екі обручтың ішінде; 2) қызыл обруч ішінде; 3) қара обруч ішінде, бірақ қызылдың ішінде емес; 4) екі обручтың ішінде де емес?». Ойындағы блоктарды екі негізгі қасиеттер – түсі мен формасы арқылы атау керектігін нақтылап көрсету керек. Үш обручпен ойнау арқылы жиынды класстарға бөлу. Енді үш обручпен ойналатын ойындарды қарастырамыз.Бұл ойынға қызыл, қара, көк түсті обручтар қажет. Құрылған аймағы аталған үлгіге сәйкес болған жағдайда (барлық обручтардың ішінде, яғни қызыл мен қара обручның ішінде, бірақ көк обручтың сыртында және т.с.с.), екі обручты ойынға қарағанда қиынырақ болып келетін блоктардың классфикациясына байланысты тапсырмалар шешіледі. Блоктарды орналастыру ұсынылады, мысалы, қызыл обручтың ішінде қызыл блоктардың орналастырылуы, ал қара обручтың ішінде шаршылар, ал көктің ішінде барлық үлкен блоктар. Блоктарды орналастыру тапсырмасын орындағаннан кейін, үш обручпен ойналатын кез келген вариантта үлгіқалыпқа сәйкес сегіз сұрақ қойылады. Қандай блоктар жатыр: 1) үш обручтың ішінде; 2) қызыл және қараның ішінде, бірақ көк обручтың сыртында; 3) қара мен көктің ішінді, бірақ қызылдың сыртында; 4) қызыл мен көктің ішінде, бірақ қараның сыртында; 5)қызылдың ішінде, бірақ қараның және көк обручтың сыртында; 6) қараның ішінде, бірақ, қызыл мен көк обручтың сыртында; 7) көктің ішінде, бірақ қызыл мен қара обручтың сыртында; 8) барлық үш обручтың сыртында?