Пәннің негізгі мазмұнын: Болашақ мамандар мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математиканы оқытудың теориялық негіздерін, әдістеменің қалыптасуы мен дамуын, әр түрлі жастағы балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру ерекшеліктерін, сондай ақ мектеп жасына дейінгі балаларды математикамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру түрлерін меңгерулері тиіс.
Пәнді оқудың мақсаты:Студенттерді мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қажетті болатын білім, білік, дағдыларымен қаруландыру.