5. Шала өткізгіштердің қоспалы өткізгіштігі
42. Шала өткізгіштерге қоспа қосып, олардың не электрондық еткізгіштігін, не кемтіктік өткізгіштігін басым етуге болады.
43. Электрондық өткізгіштік қасиеті бар шала еткізгіш (п типтес1) шығарып алу үшін донорлық қоспаларды пайдаланады. Донорлық қоспалы атомдардың қайсыбір бос емес тыйым салынған зонасында болады да, бірақ өткізгіштік зонасына шекаралас орналасады (17-сурет).
Сонда қоспалы деңгейдің электрондары-ның біраз бөлігі жылулық қозғалыс нәтижесінде өткізгіштік зонасына ауысады да, ондағы электрондар концентрациясын арттырады. Мысал ретінде кремний кристалын қарастырайық. Кремний атомында төрт валенттік электрон көршілес атомдармен коваленттік байланыс жасайды (18-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |