Қоспа ретінде бес валентті мышьякті қолданайық. Сонда оның төрт электроны кремнийдің көршілес атомының төрт электронымен ковалентті (қосарлы электронды) байланыс жасайды, ал бесінші электрон ковалентті байланысқа қатыспайды (19-сурет) және сондықтан кремний атомдарының валенттік электрондарына қарағанда әлдеқайда жоғарырақ энергетикалық деңгейде болады. Бұл энергетикалық деңгей кремнийдің тыйым салынған зонасындағы өткізгіштік зонасы астында орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |