Шала өткізгіштік диодта айнымалы ток тізбегінде р-п ауысудың кері кернеу кезінде негізгі «сорылуы» кері салдарынан ліктей болуы мүмкін (59-сурет) кері ток импульсы аз, оны электрондық лампылармен салыстырғанда шала өткізгіштік приборлардың бір артықшылығы:
шағындығы, қыздыру ток көзшің жоқтығы, үнемділігі, п.э.к. жоғарылығы, коректендіруші ток көзі кернеуінің төмендігі. Бұлардың кемшіліктері деп мыналарды айтуға болады: жұмыс сапасының темпе-ратураға тәуелділігі, тіпті бір прибордың езінің параметрлерінің турліше болып келуі, кері ток бола-тыны, электродтар аралық сыйымдылықтың (жазық диодтарда) елеулі болуы.
Шала өткізгіштік диодтардың негізгі параметрлері: түзетілген максимал ток, руқсат етілетін максимал кернеу, жұмыстық температура, жұмыстық жиілік, меншікті сыйымдылықтың шамасы. Параметрлердің кейбіреуі мына таблицада келтірілген (салыстыру үшін)
Кремнийлі Германийлі Селенді Параметрлері диод диод диод
Токтың рұқсат етілетін 100_200 80-200 0,03-0,07 тығыздығы (аісм2)
104
|
Жалғасы
_ Кремнийлі Германийлі Селенді Параметрлері диод диод диод
Рұқсат етілетін макси- 5_6 мал кері кернеу (в)
Тура бағытта диодтағы {Q_j g 5_Q5 Q5_07 кернеудің кемуі (в) ' ' '
Максимал жұмыстык 125_140 50-70 85-130 температура (С).
|
Бұл таблицадан германийлі және кремнийлі диод-тардың селенді диодтардан көп артықшылығы бар-лығы көрінеді. Міне, сондықтан да қазіргі кезде германийлі және кремнийлі диодтар селенді диодтарды ығыстырып шығаруда.
5. Түзеткіштер
Біз кенотронның, газотронның, шала өткізгіш-тік диодтьщ түзеткіштік әрекетімен таныстық. Міне, бұл приборлардың барлығы да электр схемаларында көбіне бір ғана жалпы шартты белгімен белгіленеді (60-су-рет). Сонымен бірге идеал түзеткіш элемент (вентиль) токты текбірға-на бағытта - анодтаи катодқақарай өткізеді, ал кері ток нольге тең деп есептелінеді.
Қарапайым түзеткіштің схемасы 61-суретте көрсетілген. Күштік трансформат кернеуді керекті шамаға дейін алдынала жоғарылату немесе төмендету қызметін атқарады. Яж- жүктік резистор (ток қабылдағыш), В - вентиль. Вентильдің бір жақты өткізгіштігі арқасында резистор (Rx) арқылы ток тек бір жарты периодта ғана өтеді.
Сондықтан түзеткіш бір жарты периодты деп аталады. Мұндай түзеткіш арқылы алынған ток толықсыма ток, яғни шама жағынан айнымалы, бағыт жағынан тұрақты. Ал ондай токтың тұрақты және айнымалы құраушылары бар екеніне көз жеткізу үшін мынадай тәжірибе жасаймыз: 62-суретте көрсетілгендей етіп тізбек құрастырамыз. RM резисторына тізбектей, тек тұрақты токқа ғана әсерленуші магнето-электрлік системалы амперметр, ал айнымалы ток өткізетін конденсаторға тізбектей айнымалы ток амперметрін қосамыз. Сонда екі прибор да тізбекте ток бар екенін көрсетеді. Былайша айтқанда, толықсыма ток, тұрақты құраушыдан басқа, гармоникалар деп аталатын толып жатқаң айнымалы құраушылар жиынынан тұрады. Біз тек қана бірінші гармониканы есепке аламыз, өйткені қалғандарының амплитудасы өте мардымсыз.
Достарыңызбен бөлісу: |