Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ.
Физика-математика факультеті
Физика кафедрасы
05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын
3 курс студенттеріне арналған
«Радиоэлектроника»
пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Семей, 2013 жыл
Оқу-әдістемелік бағдарламаны құрастырған: Физика кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к. Желдыбаева Б.С.
Кафедра отырысында бекітілді:
Хаттама №10, 19.06.2012 ж.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор____________ Маусымбаев С.С.
Физика-математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған
Хаттама № 6, 21.06.2012 жыл .
ФМФ оқу-әдістемелік кеңесінің төрайымы: Батырова К.А.
Физика-математика факультетінің ғылыми-кеңесінде бекітілді
Хаттама №.10, 29.06.2012.
Физика-математика факультетінің
деканы, ф.-м.ғ.д., доцент: Берикханова Г.Е.
Мазмұны
1. Пән бойынша глоссари 4
2. Лекциялардың қысқаша конспектілері 5
3. Лабораториялық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулар 33
4. СОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар 37
5. СӨЖ бойынша әдістемелік нұсқаулар 39
6. Бақылау - өлшеу құралдары 65
1. Пән бойынша глоссари
Жиілікті автоматты реттеу.
|
Жиілікті автоматты реттеу. Автогенератордың тербеліс жиілігін автоматты түрде басқару. Ол радиоқабылдағыштарды, радиотехникалық құрылғыларды кеңінен қолдылады.
|
Кушейтуді автоматты реттеу.
|
Сигнал кірісінде оның қуатын өзгертткен кезде радиоқабылдағыштың кушейтуін автоматты өзгертетін құрылғы.
|
Амплитудалық молудация.
|
Өшпейтін тербелістер оған сәйкес келетін модуляцияланған тербелістер мен амплитудасы бойынша модуляциялану.
|
Амплитудалық сипаттама.
|
Құрылғы шығысындағы сигналдың оның кірісіндегі сигнал амплитудасына тәуелділігі.
|
Амплитудалық – жиіліктік сипаттама.
|
З Құрылғы шығысындағы гармониялық сигнал а амплитудасының оның кірісіндегі тұрақты амплитудаға тәуелділігі.
|
Амплитудалық дискриминатор.
|
Анықталған амплитудалы электірлік сигналды бөлу.
|
Биполярлық сигнал.
|
Оң және теріс мәндер қабылдайтын аналогтық сигнал.
|
Биполярлық транзистор.
|
Екі таңбалы тасмалдаушылармен анықталатын процесс.
|
Қалпына келтіру уақыты.
|
Шыққандағы мен кіргендегі сигналдар арасындағы уақыт.
|
ИС тандау уақыты.
|
Шығыстағы информация сигналдар мен кірістегі сигналдар арасындағы уақыт.
|
Таңдау уақыты.
|
ИС сигналды берген уақыт пен шыққан уақыт
|
Адресті таңдау уақыты
|
Шығыста алынған сигнал информациясы мен кіріске келіп түскен адрес арсындағы уақыт.
|
Генератор
|
Элетр энергиясын өндіретін электротехникалық немесе радиотехникалық құрылғы.
|
Демодулятор
|
Модулясияланған сигналды қабылдайтын және қалпына келтіретін құрылғы
|
Демодуляция
|
Молдуляцияға кері процесс
|
Детертирлеу
|
Нәтижесінде басқа жиілік пайда болтын электр тербелістерін өзгерту
|
Электрлік импульс
|
Электр тогы немесе қайсы бір мәнінен аз уақыт ауытқуы
|
Импульстік модуляция
|
Нәтижесінде гармониялық тербелістер қысқа импуьлске айналатын модуляция
|
Тарату желісі
|
Жоғары жиілікті тербеліс энергиясын жеткізетін радиотехникалық құрылғы
|
Байланыс жиелісі
|
Таратқыштан қабылдағышқа хабарды жеткізуге көмектесетін техникалық құрылғылар мен физикалық орталар жиынтығы
|
Жеткізуші антенна
|
Келіп тускен жоғары жиілікті токтарды еркін электромагниттік толқындарға айналдыратын айналдырғыш
|
Айнымалы ток
|
Уақыт бойынша бағыты да өзгеретін электр ток
|
Тербебеліс фазасы
|
Әрбір уақыт мезетіндегі тербелмелістің уақытын өлшейтін шама
|
Фазалық модуляция
|
Жоғары жиілікті тербелістің фазасын реттейтін сигнал
|
Фаза айнылдырғыш
|
Фазалы модуляцияны іске асыратын қондырғы
|
Фазалық фильтер
|
Оның формасын өзгертпей сигналды ұстайтын электрлі фильтер
|
Фазалық фронт
|
Фазалары бірдей нуктелердің геометриялық орны
|
Фазоинвертор
|
Радиотехникада бір бірінен фазалар айырмасы 180 градусқа тең болатын екі шығыс сигналын айыратын құрылғы
|
Фаза қозғаушы тізбек
|
Фаза айландырғыш сияқты
|
Электроника
|
Электорндардың электор магниттік өрістермен әсерлесу туралы ғылым
|
Электроқозғаушы куш
|
Табиғи немесе жасанды әсердің нәтижесінде кернеудің пайда болуы
|
Электомагниттк толқын
|
Элетр және магнит өрістерінің бір біріне айналуы нәтижесінде пайда болатын тербелістер
|
КІРІСПЕ
Электроника — ғылым мен техниканың жаңа саласы. Алғашқы электрондық приборлар тек осы ғасырдың бас кезінде ғана шыға бастады. Алайда электроника қарыштап дамып, ғылым мен техниканың, күнделікті өмірдің саласында өріс алып орын тепті.
Радиобайланыс, радиохабар, дыбысты «ино, космос корабльдерін және жасанды спутниктерді басқару, космостан сигналдар қабылдаурпланеталар бетін фотоға түсіру, мұхит тұңғиықтарин және космос кеңістіктерін радиозондылау, байланыс спутниктерін және космос корабльдерін пайдаланып телехабарларды беру және радиобайланыс жасау, электрондық дефектоскопия, жйғары жиілікті терапия, телемехани-калық және кибернетикалық тетіктерді, шапшаң эрекет етуші есептеу машиналарын жасау, міне, осылардың бәрін электрониканың арқасында іс жүзіне асыруға мүмкіншілік туып отыр. Біздің еліміздін, халық шаруашылығында электроника жоспарлаудың тиімді тәсілдерін пайдалануға мүмкіндік береді, курделі өндіріс процестерін басқаруға көмектеседі. Электрониканың маңызы КПСС Программасы сияқты тарихи документте де атап көрсетілген.
Электрониканың жетістіктері — ғылым мен техниканың түрлі салаларының творчестволық бірлесуінің, отандық және шетелдік көрнекті ғалымдар мен конструкторлар еңбегінің нәтижесі болып табылады. Электрониканың дамуына жол ашқан жағдайдың бірі Александр Степанович Поповтың 1895 жылы радионы ойлап табуы болды. Атап айтқанда, радиотехника өндірістік электрониканың бірінші «тұтынушысына» айналды.
Электрониканың дамуына электрондық лампыларды ойлап табушылар — Дж. Флеминг, Вайнтрауб, Ли де Форест, М. А. Бонч-Бруевич, фотоэффект құбылысын зерттеуші орыс ғалымы А. Г. Столетов және алғашқы техникалық жарамды фотоэлементтерді жа-саушы конструкторлар — Ю. Эльстер және Г. Гейтель, электро-сәулелі түтіктерді жасаушылар Ф. Браун, Б. Л. Розинг, В. К- Зворыкин, А. П. Константинов, П. Ф. Тимофеев, Л. А. Кубецкий, П. В. Шмаков, осы заманғы шала өткізгішті приборлардың алғашқы үлгісін жасаушы конструктор О. В. Лосев, транзистор жасаушылар Д. Бардин, В. Браттейн жэне В. Шокли үлкен үлес қосты.
Электрониканың дамуында совет ғалымдары академиктер — Н. Д. Папалекси, А. И. Берг, А. Ф. Иоффе, Л. И. Мандельштам, И. Е. Тамм, Б. А. Введенский, В. П. Вологдин, А. Л. Минцтің сіңірген еңбектері зор. Совет радиофизиктері мен радиотехниктерінің аса қүнды еңбектері үшін үкімет наградалары, мемлекеттік және арнаулы сыйлықтар берілді. Квант гене-раторлары мен күшейткіштер теориясын жасап, оны зерттегені үшін совет физиктері Н. Г. Басов пен А. И. Прохоровқа 1964 жылы ғылым жэне техника саласында ашқан аса көрнекті жаңалығы үшін беріле-тін халықаралық сыйлық - Нобель сыйлығы - берілді.
Электроника - электрондық, иондық жэне шала өткізгіштік приборлардың жұмыс принциптерін, құрылысын және қолданылуын зерттейді. рінің физикалық негізін зерттейді, ал бұл приборларды конструкциялау, жасап шығару технологиясы және пайдалану мәселесі техникалық электроникаға жатады.
Электрондық вакуумды приборлардың жұмысы вакуумдағы электр тогы заңдылықтарына негізделген, ал иондық приборларда газдардағы электр разрядтарының алуан түрлері пайдаланылады. Шала өткізгіштік приборлардың жұмыс принциптері электрондық-кемтік ауысудың электрлік қасиеттерімен байланысты.
Электроникада вакуум ұғымы - прибор баллонындағы газдардың сиретілуі өткізгіштік электропдардың нақтысында сол газ атомдарымеы соқтықпайтындай дәрежеге жетуімен анықталатын ұғым. Электрондық вакуумды приборларда (электрондық лампылар, электрон-сәулелі түтіктер, вакуумдық фотоэлементтер) газдың қысымы 10~6 тор1 шамасында, тіпті одан да кем болады. Иондық приборларда (газотрондар, сынапты вентильдер, газ толтырылған фотоэлементтер, стабилитрондар, тиратрондар) газдың қысымы электрондық приборларға қарағанда әжептәуір жоғары: 10~3 тор және одан да көп. Тіпті атмосфералық қысымнан да жоғары қысым түсіретіндей етіп газ толтырылған приборлар да (разрядииктер) болады.
Шала өткізгіштік приборларға кристалл диодтар, транзисторлар (триодтар), тетродтар, фотодиодтар, шала өткізгіштік терморезисторлар, термоэлементтер жатады.
Разрядсыз өткізгішті приборлар тобын жеке атап кетуге болады. Олар: қыздыру лампылары, бареттерлер, вакуумдық термоэлементтер.
1 1 тор - итальян ғалымы Эванджелиста Торричеллидің құрметіне осылайша аталған қысым бірлігі.
1 тор=\ мм сын. бағ.
Көбіне приборларды • өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай (генераторлық, күшейткіш, түзеткіш, детекторлық түрлендіргіш, индикаторлық приборлар), жүмыс режиміне қарай (импульстық, үзақ жүмыс істейтін приборлар), электр тогына әсеріне қарай (басқарылатын және басқарылмайтын приборлар), электродтар санына қарай (екі электродты, үш электродты, көп электродты приборлар), жүмыстың жиілігінің спектріне қарай (темен жиілікті, жоғары жиілікті, аса жоғары жиілікті приборлар), катодтың электрондық эмиссиясының түріне қарай (термо-электрондық, фотоэлектрондық приборлар) деп те түр-түрге беледі.
І ТАРАУ
АТОМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЗОНАЛЫҚ ТЕОРИЯ ТУРАЛЫ ҮҒЫМ
1. Электрондық, иондық және шала өткізгіштікт приборлардың жұмысы — заттардың құрылысының ерекшеліктерімен, олардың электрлік қасиеттерімен тығыз байланысты.
Зат құрылысының молекула-кинетикалық теориясы негіздерімен біз химия және физика сабақтарында танысқанбыз. Заттың химиялық бөліну шегі атом екендігін естеріңізге сала кетеміз. Атап айтқанда, бұдан 2000 жыл бұрын ғалымдар атомды заттардьщ бөлінбейтін бөлшегі деп есептеді. Гректің «атомос» деген сөзі «бөлінбейді» дегенді білдіреді. Алайда өткен ғасырдың екінші жартысында ашылған ұлы жаңалықтар — Менделеевтің -периодтық заңы, катод және рентген сәулелері, термоэлектрондық эмиссия, фотоэффект, радиоактивтілік — ғалымдарды заттардың құрылысы туралы көзқарастарын қайта қарауға мәжбүр етті.
Бұған дейін тәжірибелер жүзінде жинақталған мәліметтер атом құрылысының күрделі екендігін, ол ерекше қасиеттері бар белшектерден түратынын, ол бөлшектер бір-біріне эсер ететінін керсетті.
Сөйтіп, атомды байыптап зерттеу, сол арқылы оның құрылысы туралы ғылми негізделген теорияны жасау қажеттігі туды.
1. Резерфордтың альфа-бөлшектердін, шашырауы жөніндегі тәжірибесі
2. Радиоактивтілік қүбылысы ашылысымен-ак ағылшын ғалымы Эрнест Резерфорд альфа, бета және гамма-сәулелердің табиғатын және қасиеттерін зерттеуге кірісті.
1-сурет. Резерфордтың альфа-бөлшектердің шашырауы жөніндегі тәжірибесінің схемасы:
1 — альфа-бөлшектер шығаратын заттар (радий препаратымен қапталған пластинка); 2 —диафрагма; 3 — күкіртті мырыш-тан жасалған экран; 4 — микроскоп; 5 — сыналатын заттың пластинкасы.
Альфа-сәулелер — гелий атомдарының оң зарядталған ядролар ағыны, бета-сәулелер — электрондар ағыны, ал гамма-сәулелер табиғаты — электромагниттік сәулелер болып табылады.
3. Резерфорд және оның қызметтес серіктері Гейгер, Марсден, Чадвик 1906 жылы альфабөлшектердің заттар арқылы өтуін зерттеу жөнінде тәжірибелер жүргізе бастады.
Ол тәжірибелердің идеясын 1-суреттен тұсінуге болады. Альфа-бөлшектерін шығаратын көзден (1) бөлшектер диафрагма (2) арқылы жіңішке шоқ түрінде етеді де, люминесценциялаушы затпен қапталған экранға (3) келіп түседі, сол түскен жерінде жарқыл-даған дақ (сцинтилляция) пайда болады. Бақылау жоне жарқыл санын есептеу микроскоптыц (4) көмегімен орындалады.
Егер диафрагма мен экранный; арасына зерттеле-тін заттан жасалған өте жұқа пластинканы, мысалыіұқа алтьш пластинканы орналастыратын иилсак,, нда экрандағы сцинтилляцияның жарқыл дағы кө-:ескіленеді, оның жиегі шайылғандай болады. Ал ақтан тысқары жерлерде жекелеген сирек жарқыл-ар пайда болады. Бұл жарқылдарды әз траектория-арын өзгерткен, яғни шашыраған, альфа-белшектер ^дырған. Қейбір альфа-бөлшектер бағытынан 90°-тан. а артық ауытқиды.
4. Резерфорд тәжірибесінде алтын пластинка арылы көптеген альфа-бөлшектер өткен болып шықты.Бірақ қатты денелердің атомдары бір-бірімен тығыз орналасқан. Атап айтсақ, қалыңдығы 1 микрон алтын пленка атомдардың 3300 қабатынан тұрады. Демек,альфа-бөлшектер заттың атомдары ар қ ы л ы өткен. Ал кейбір альфа-белшектердің траекторияларын өзгертуін заттың электрондарымен өз ара әсерлесуінен деп түсіндіруге болмайды, өйткені электектрон массасы альфа-белшектер массасынан шамаен 8000 есе аз. Олай болса, альфа-бөлшектерің шашырауын жұқа алтын пластинканы орналастыратын болсақ, онда экрандағы сцинтилляцияның жарқыл дағы көмескіленеді, оның жиегі шайылғандай болады. Ал дақтан тысқары жерлерде жекелеген сирек жарқылдар пайда болады. Бұл жарқылдарды өз траектория-ларын өзгерткен, яғни шашыраған, альфа-бөлшектер тудырған. Қейбір альфа-бөлшектер бағытынан 90°-тан. да артық ауытқиды.
4. Резерфорд тәжірибесінде алтын пластинка арқылы көптеген альфа-бөлшектер өткен болып шықты. Бірақ қатты денелердің атомдары бір-бірімен тығыз орналасқан. Атап айтсақ, қалыңдығы 1 микрон алтын пленка атомдардың 3300 қабатынан тұрады. Демек, альфа-бөлшектер заттың атомдары а р қ ы л ы өткен. Ал кейбір альфа-бөлшектердің траекторияларын өзгертуін заттың электрондарымен өз ара әсерлесуінен деп түсіндіруге болмайды, өйткені электрон массасы альфа-белшектер массасынан шамамен 8000 есе аз. Олай болса, альфа-бөлшектердің шашырауын
Атомдардыңоң зарядталған, нығыз массалы бөлшек-терінің әсері тудырған деп жорамалдауымыз ғана қалды (2-сурет). Міне, бұл ерекше бәлшектерді Резерфорд атомдар ядролары деп атады.
2-сурет. Альфа-'бөлшсктердің шашырауы.
( + ) —таңбасы бар ақ дөңгелектер — альфа-бөлшектер; ( + ) — таңбасы бар қара дөңгелектер — атомдар ядросы; (—) — таңбасы бар нүктелер — элек-трондар.
Ал іс жүзінде енді альфа бөлшектердің кепшілігінің алтын пластинкадан нақтысында шашырамай өтіп кетуі атомда ядроның әте аз көлемді алып тұратынын көрсетеді. § 2. Атом құрылысының планетарлық моделі
5. Резерфорд көптеген тәжірибелердің нәтижелерін қорыта келіп, 1911 жылы атом құрылысының ядролық моделін: атомның центрінде өлшемі тіпті шамалы ғана, оң зарядталған ядро болады да, ал оның айналасында айтарлықтай қашықтықта теріс зарядталған бөлшектер — электрондар — айналып жүреді деген тұжырым ұсынды. Міне, мұндай модельді планетарлық модель деп атайды, өйткені ол планеталық системаға ұқсайды. Атомның өлшемі ядроның елшемінен ондаған мың есе артық. Мысалы, сутегі атомы ядросының радиусы 5'10~16ж, ал электронның ядродан ең мүмкін болатын қашықтығы 0,53- 10—10 лг. Демек, біздің мысалымызда атомның елшемі ядроның өлшемінен шамамен 100 000 есе көп, электрон массасы сутегі атомы ядросының массасынан 1836 есе аз.
6. Тәжірибе атомның қалыпты жағдайда электрлік бейтарап екенін керсетеді. Демек, бұл ядронын, оң заряды электрондардың теріс зарядымен компенсацияланады деген сөз:
qo = eZ, (1)
мұндағы е — электрон заряды (1,60 • 10~19 к), Z— атомдағы электрондардың саны, ол берілген элементтің Менделеев таблицасындағы реттік нөміріне тең. Мысалы, гелий элементінің (Z = 2) бейтарап атомы ядросының айналасында екі электрон, ал бор атомын-да (Z = 5) бес электрон айналып жүреді.
Ядро зарядтарының шамасын анықтау мақсатымен Чадвик жасағап алғашқы тәжірибелер тәжірибе жұзінде табылған деректердің теориялық мәліметтерге сәйкес келетінін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |