7. МОЛЕКУЛАЛЫҚ ФИЗИКА
Молекулалық физика – заттың құрылысын және қасиеттерін молекулалы-кинетикалық теорияға сүйеніп түсіндіру. Молекулалы-кинетикалық теория бойынша: барлық заттар атомдар мен молекулалардан тұратындығын, олардың үздіксіз ретсіз қозғалыста болатындығын көрсету. Молекулалық физикада заттың қасиетін оны құраушы көптеген бөлшектердің қасиетімен, қозғалыс ерекшеліктері мен және оны орташа динамикалық шамалармен (жылдамдық, энергия және т.б.) түсіндіру. Дененің температурасы молекулалардың ретсіз орташа жылдамдықтарына байланыстылығын анықтау.
Идеал газдың молекулалық – кинетикалық теориясы.
Идеал газ деп молекулалардың арасында өзара әсерлесу күштері болмайтын, жеке молекулалар көлемі ыдыс көлемімен салыстырғанда өте аз және молекулалар арасындағы өзара соқтығысу абсолют серпімді болатын газдарды айтады.
Молекула-кинетикалық теория бойынша: газ молекулалардан тұрады; молекулалар тәртіпсіз (ретсіз) қозғалыста болады; қозғалыс кезінде олар бір-бірімен немесе газ тұрған ыдыстың қабырғасымен соқтығысады. Молекулалардың өзара әсер күші өте аз болғандықтан, олар ескерілмейді. Молекулалардың мөлшері ыдыс мөлшерімен салыстырғанда өте кішкентай, сондықтан олар материалдық нүктелер деп қарастырылады.
Газдың күйі үш макроскопиялық параметрлермен сипатталады. температура – макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
- абсолют температура.
Достарыңызбен бөлісу: |