070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі


«Малта» сөзіне сәйкес келетін



бет17/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
«Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап

  1. Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт.

  2. Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі.

  3. Езілген құрт түйіршіктері.

  4. Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт

  5. Қайнап жатқан құрттың көбігі.

  1. Мәтінде кездеспейтін нұсқа

  1. Атеросклероз ауруының алдын алады.

  2. Сүйектердің қатаюына әсер етеді.

  3. Баланың бойын өсіреді.

  4. Бауырдың қызметін жақсартады.

  5. Қант қосылып жасалады.

2110 – Нұсқа 1-мәтін
Нан тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы нанның өсімдігі бидай да, сұлы да, арпа да емес, кәдімгі емен екен.

Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан үй жасаған. Бұған археологтардың қазба жұмыстары дәлел. Дәнді-дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген. Сұйық ботқа - қазіргі нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.




  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

  1. Ас - елдің құты C) Жаман ayруға жақсы ас E) Ac иесімен тәтті

  2. Ас атасы – нан D) Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп

  1. Алғашқы нан неден жасалған?

  1. Арпа-бидайдан C) Шырша жаңғағынан E) Қарағай жаңғағынан

  2. Ұннан D) Емен жаңғағынан




    1. мәтін

Әйгілі жазушы Г. Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге кабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды. Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:



  1. Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих ІІІлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.

  2. Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.

  3. Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.

  4. Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол шетел тілін үйренуде жақсы көмекші.

Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!


  1. Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренугс негіз болатын басты әрекет

  1. Тілдердің ұқсастығы D) Күн сайынғы жаттығу

  2. Музыка тыңдау E) Қорқынышты жеңе білу

  3. Адамның жеке қабілеті

  1. Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?

  1. Басқа пәле - тілден.

  2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

  3. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

  4. Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.

  5. Тіл қаруы сөз, сөз қаруы - ой.

  1. Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады?

  1. Әдемі сөйлеу арқылы D) Ән шырқау арқылы

  2. Әуезді саз тыидау арқылы E) Музыка жазу арқылы

  3. Көп әңгімелесу аркылы

  1. «Полиглот» деп кімдерді айтамыз? А) Жазушылық қабілеті бар адамдарды В) Екі тілді меңгерген адамдарды

С) Он щақты тіл меңгергендерді

  1. Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды Е) Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды

    1. мәтін

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше оларды ештеңеден қақпай, қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен де өсе келе үлкен қызының мінезі өзгере бастапты. Ол үнемі мұңайып, бақытсыз кейіпте жүретін болыпты.

Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді.

«Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызда қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті.

Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын аңди бастапты. Қараса, екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты.



Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан ол дәптерде жазылғандарды жатырқамапты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз құлағы мен көзіне өзі сенбепті. Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай жүзеге асырғанын сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі керінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оғап енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап, патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.


  1. Мәтіндегі негізгі ой кімнің сөзі арқылы беріледі?

  1. Саяхатшының C) Кіші қыздың E) Қызметкерлердің

  2. Үлкен қыздың D) Патшаның

  1. Кіші қыз неге бақытты еді?

  1. Патша бетінен қақпайды D) Ақылдылығына сенімді

  2. Өзіне жасалған игі істерді ойлайды E) Әкесі қатты еркелетеді

  3. Өзінің көркіне көзі тояды

  1. Патшаның үлкен қызының дертке шалдығуының себепшісі

  1. Сарай қызметшілері C) Өзі E) Саяхатшы

  2. Әкесі D) Сіңлісі

  1. Саяхатшы неліктен қыздардың күнделігін жасырын оқыды?

  1. Патшалықтың құпиясын ашу үшін

  2. Кіші қыздың науқасын білу үшін

  3. Қыздардың сырын ашу үшін

  4. Қыздардың ақылдылығын білу үшін

  5. Қыздар тәрбиесімен айналысу үшін

  1. Қай даналық ой (тағылым сөз) мәтіннің түйінін ашады?

  1. Құрметті адам болғың келсе – көптің сөзін сөйле, халық жағында бол.

  2. Ізгіліктен басқа таусылмайтын, бұзылмайтын байлық жоқ.

  3. Шапағатты ойға беріл, шапағатты сөзге беріл, шапағатты іске беріл.

  4. Тәрбиеліден тәлім, ғалымнан - ғибрат, өнерліден өнеге ал.

  5. Қаруың – білімің мен тілің, сүйенішің, тірегің ақылың болсын.

  1. Мәтіннің стилі қандай?

  1. Публицистикалық стиль D) Ауызекі сөйлеу стилі

  2. Ресми іс-қағаздар стилі E) Көркем әдебиет стилі

  3. Ғылыми стиль

    1. мәтін

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі – ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта

«Айдарлы бала айбарлы бала» деген сөз бар. Айдар шаш ер баланы тіл мен көзден сақтайтын көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.



Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығып кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.


  1. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

  1. Бала сырқатынан айыққан кезде D) Алғаш аңға шыққан кезде

  2. Жеті жасқа толған кезде E) Мүшел жасқа келген кезде

  3. Үйленген кезде

  1. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз

  1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.

  2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.

  3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.

  1. Екінші мен үшінші C) Тек екіншісі E) Тек біріншісі

  2. Тек үшіншісі D) Біріншісі мен екіншісі

  1. Мәтінге атау беріңіз

  1. «Айдар» есімі туралы C) Қарын шаш E) Тайландтық «Айдар»

  2. Бүгінгі шаш үлгісі D) Айдар шаш

  1. Mәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?

  1. Сүндетке отырғызған кезде D) Қырқынан шығарған кезде

  2. Тәй – тәй басқан кезде E) Он жасқа толған кезде

  3. Тілі шыққан кезде




  1. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

  1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.

  2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

  3. Наурызбай батырдың айдары болған.

  1. Үшеуі де бұрыс C) Үшеуі де дұрыс E) Біріншісі меп екіншісі

  2. Біріншісі мен үшіншісі D) Екіншісі мен үшіншісі

  1. Мәтін стилін анықтаңыз

  1. Ресми C) Ауызекі сөйлеу E) Ғылыми

  2. Көркем әдебиет D) Іс қағаздар

  1. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі

  1. Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі

  2. Бұрымды қыздар жиі кездеседі

  3. Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі

  4. Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі

  5. Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі

  1. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз

  1. Баланың дос-жарандары көп болады D) Бала аурудан тез сауығып кетеді

  2. Бала дәулетті, бай адам болады E) Бала болашақта ғалым болады

  3. Тіл мен көзден сақтайды

2111 – Нұсқа 1-Мәтін


Тау басын қар түсіпті. Тау басынан аса алмаған жырым-жырым ақша бұлттың бауырынан өрт шалғандай, аспандағы жалынның алауы парттай қызыл перде боп әр үйдің әйнегінде жүр. Қарағайлы алқаптың жықпылында қара киімге жасырынған ақ жамаудай іркілеп тұман жатыр. Апта бойы толастамаған нөсер тайғаны да есеңгіреп тастапты: тым бұйығы, самалы таусылып, сызы ғана қалғандай, бұрынғысынан да аспандап, керме иық мінез көрсетеді.Көк жүзіне сіңбей

кемер- кемерге іркіліп қалған ақша бұлттардың сүт реңі мұздай суық, шызынаған көк шағыр аспан ызғар ескендей. Еркімен өріп өз аяғымен қайтатын мал да бақайының сықырын байқатпай бүрісіп, ауылға ұрланып кіріп жатыр.


1. Мәтінде қай жыл мезгілі суреттелген

А) жазғы тұрым В) жаз С) күз D) қыс Е) көктем 2.Мәтін мазмұнында сөз болмайтын табиғат сипаты

А) мөлдіреген таңғы шық С) қарағайлы алқап Е) тау басы В) толастамаған нөсер D) көк шағыр аспан


  1. Мәтін

«Көптік құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған сондай істері арқылы бауырмалдығын, ынтымағын, бір біріне ізет құрметіне танытып отырған. Ел ішіндегі күш қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнай ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ қанша қалжыраған халі кетсе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным арымның садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасаса да ол сөз адамның намысына тимеуі керек. Барлық шара сол негізде құрылады. Сондай шараның бір түрі асар. Жалғыз басты қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт желеңдері жабыла қолғабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, қоғамдық және әлеуметтік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында шаруасын тындырып алады.

Асардың да ел қолдаған жон жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Ел назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады.Күші мығым қайратты жігіттердің құрдастарын жәрдемдесуге шақыру асарға жатпайды. Асарды үйіне қайратты кісісі жоқ не науқасқа шалдығып қалған, шаруасының науқаны өтіп бара датқани адамдар жасайды. Ағайын жұрты мұны қолдайды. Сөйтсе де асар салушы жинаған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектіні толық әзірлейді.

Асар қазақ арасында біріне бірі көмек көрсететін ымыралы салт.Ағайынын разы ету үшін

қандай қиындық болса да көптің біріккен кқшімен қатар тұрып жеңудің амалы нақты шара




  1. Мәтінде қозғалатын мәселе

А) жолдастық С) шыдамдылық Е) аяушылық В) туысқандық D) қамқорлық

  1. Асты сызылған сөзге балама болатын нұсқа

А) келісімге келу С) тіл табысу Е) ақылы көмек беру В) жоспарлы көмек беру D) бірлесіп көмек беру

  1. Берілген мақал –мәтелдердің қайсысы мәтіннің бірінші бөлімінің мағынасын ащып тұр А) көп түкірсе -көл

В) қолы қимылдағанның, аузы қимылдайды С) жаманбұзар, жақсы түзер

  1. барымен базар, жоқты қайдан табар

Е) қайраты жоқ кісінің берекеті жоқ ісінің

  1. Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар А) үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар

В) күші мығым қайратты жандар

С) шаруасының науқаны өтіп бара жатқан қауқарсыз адамдар

D) үйінде қайратты адамы жоқ балалы шағалы әйелдер Е) жалғыз басты қарт адамдар


  1. Мәтін

Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қалыпты. Анау темірқазық. Анау жетіқарақшы. Анау ақбота, көкбоз... Анау Аңырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ , бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ соған қарамастан қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз. Неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайток еді! Жаздың

жаңбырлы, құрғақ , ыстық жайлы жайсыз болатынын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды.Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар. Бәлкім, олар мынау ұйытқымасы көп аласапран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана аман қала алатын шығар...

Жолға шыққанда Үркердің маңдайынана туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді?! «Үміт артсаң, Үркерге қара» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдында жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

Үркердің қарсы алдынан туғаны маңдайыңның ашылайын дегені ме екен?!

Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттан боса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді!

Енді не де болса бір үміт бар емес пе!

Ендеше мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи да осылай үміт шырағы туып тұрғандай.




  1. Мәтіндегі Үркер сипаты

А)Ұсақ, солғын шоқ жұлдыз D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз В) тез туып, тез сөнетін жұлдыз Е) Ерекше жарық жұлдыз

С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз



  1. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

А) Дәстүрді құрметтегендіктен D) таң алдында ғана көрінетін жұлдыз В) Жақсылыққа жорығандықтан Е) Ерекше жарық жұлдыз

С) түсі көгілдір, оқшау жұлдыз



  1. Автордың « ... Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басып соққан контері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

А) Келешегінен қорқу С) Өткенді дәріптеу Е) Болашаққа сенім арту В) Болашаққа алаңдау D) Өткеніне налу

  1. Автордың жұлдыздар мен түнгі аспанды суреттеген жыл мезгілі А) Жаз В) Күз С) Қыс D) Көктем Е) Жазғытұрым

  2. Мәтін мазмұнына сәйкес «бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

А) бірлікке С) сабырлыққа Е) сыпайылыққа В) сенімділікке D) турашылдыққа

  1. Мәтіннің тақырыбы қандай?

А) дала халқы С) күндізгі аспан Е) сабырлы халық В) ырымшыл халық D) жайлы ауа райы

  1. Мәтін




  1. Тау іші .Иен жайлау . Ұшқөан құс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді.

Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз қонақтаған. Аспан да жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстапкөкке шаншыла қарап тұр. Сай-ссаладан құлай ағып жатқани көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-таспай , салқын сабырмен жуасын ғанасырғиды.

  1. Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді.

  2. Кеш батысымен иен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін- еркін тіміскілейді. Қош жолдарына, айдалған мал ізіне түсіп, тұмсықтарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек қажалап, тері- терсек, жүн-жұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында қалып қойған тоқты- торымды іздеп сандалады. Жердегі жемістес досына қарайлап, көкте құзғын айналады...

  3. Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнараға оранған. Бұл Тарбағатай сілемдерінің бір- бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы.Нардың жалғыз өркешіндей болып, көзге алыстан шалынады.

  4. Арғы бетке өтетін жолаушы қиын болса, көбінше осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені өркеш-өркеш тауларға, терең құздар мен терең өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Юиік

жалдың басында жыртқыш аңдар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі табанының астында жатады.

  1. Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай қара шал осы Етікші асуының бір оқшау биігіне көтеріледі. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп, зорға жылжып келеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсән-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап жатып алған қырсық асудың төбесіне ббір шықсам-ау деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады.

  2. Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыққанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ шоқша сақалы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында бірталай тұрып қалды.

  3. Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, тұла боцын суық қармап сірестіре бакстады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүре кетті.

  4. Бірі тәуірі, ендігі беталысы төмен, еңіс екен. Ылдиға қарай құлдырап тез төмендеді. Көк жалап, жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып жатып қалған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады.

  5. Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы құрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмей, тәлтіректеп барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық жатты. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой» - деді талмаусырып жатып, жолдың көбі кетіп, азы қалды».

13. Кейіпкердің мақсат еткен асуын бағындырған кезі суреттелген азатжол А) алтыншы С) оныншы Е) жетінші

В) тоғызыншы D) бенсінші 14.Табиғат көрінісі суреттелген азатжол

А) бірінші С) үшінші Е) сегізінші

В) екінші D) алтыншы

15.Жолаушының Етікші шыңының жотасымен жүруді таңдау себебі А) ауыр жол С) ұзақ жол Е) қатерлі жол

В) төте жол D) жеңіл жол 16.Мәтінде суреттелетін жыл мезгілі

А) жазғытұры В) көктем С) қыс D) күз Е) жаз



  1. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, жолдың көбі кетіп, азы қалды» деген ойы арқылы автор кейіпкердің қандай сезімін көрсетеді?

А) асығыстығын С) шарасыздығын Е) үмітін В) қиналысын D) қамсыздығын

  1. Мәтіннің стилін анықтаңыз

А) ғылыми С) көркем әдебиет Е) публицистикалық В) ауызекі сөйлеу D) іс қағаздар

  1. Мәтінен кейіпкердің арманы сөз болатын азатжолды көрсетіңіз А) екінші В) үшінші С) оныншы D) сегізінші Е) алтыншы

  2. Кейіпкердің жас мөлшерін анықтаңыз

А) жігіт ағасы С) қарт адам Е) жігіт В) орта жастағы адам D) бозбала

2116 – Нұсқа

1-мәтін

Кітапты сүйіп, дәріптемеген адам жақсы бола алмайды. Оған ең жақын досым, ақылшым деп қарау керек, Жазушы - халқы үшін, жастар мен балалар үшін жазады. Егер ешкім оқымаса, жазудың да, еңбектенудің де қажеті жок.

«Біздің заманымызда кино, теледидар, театр, радио да бар, кітап оқуға уақыт жетпейді», - деген қате пікірлер де кездеседі. Ол дұрыс емес. Әрқайсысының өзінің орны бар. Кино да, теледидар да кітаптай бола алмайды, ойыңмен бөлісе алмайды. Оқушы жас күнінен бастап кітап оқуға ден қоюы керек. Әйтпеген күнде кітап оқу қиын болады. Аспай-саспай әуелі кітаптың ырғағына түсіп, жаттығып, оқиға ішіне кіре оқымаса, ауыр тиеді. Әр кітаптың езінің ырғағы бар, сол ырғақты тауып оқу құмартудан туады. Балалар әуелі ертегі кітаптардан бастап қызыға оқыса,

біртіндеп кұмартып, оқуды жақсы көріп кетеді.



  1. Теледидар, киноның кітаптың орнын баса алмауының себебі

  1. Қызықтыра алмауында

  2. Уақытыңа сай келмеуінде

  3. Сырлас досыңа айнала алмауында

  4. Алып жүруге қолайсыздығында

  5. Тандау жасай алмайтынында

  1. Мәтін бойынша баланы жасынан оқуға деген қызығушылығын тудыру үшін қай кітаптан бастату керек?

  1. Мысалдардан

  2. Әңгімелерден

  3. Тақпақтардан

  4. Ертегілерден

    1. мәтін

  1. Жырлардан

Бір кездері аттарын ғана анда-санда бір еститін көптеген жемістер бұл уақытта көше- көшеде, тіпті аяқ асты дейтіндей жерлерде де сатылатын болды. Сондай көп сатылатын жемістің бірі банан екенін көріп жүрміз. Дәрігерлердің айтуынша, бұл жемістің де пайдалы шипалық қасиеттері көп көрінеді. Ол әсіресе сусамыр (кант диабеті) ауруына шалдыққандарға өте пайдалы делінеді. Мұндайда піскен жемістің өзімен бірге піспегендері де, банан қабығының қайнатылған тұнбасы да шипалы болып шығады. Атеросклероз, гипертония ауруларына, бауыр мен бүйректің бірқатар ауруларына бұл жемістің шипалық әсері болатыны анықталды.

Бананда А, В, РР және Е дәрумендері мол болғандықтан оның бас ауруларына, терінің күпсуіне қарсы шипасы бар, көздің көру касиетіне игі ыкпалы мол, қандағы холестерин мөлшерін азайтады, қалқанша бездің қызметін дұрыстайды. Бананның жаңа піскен мәуесі ана сүтін молайтумен қоса, ағзаның қартаю процесін баяулатады.


  1. Бананның адам ағзасына әсері.

  1. Холестерин мөлшерін арттырады

  2. Қанды қоюлатады

  3. Қартаю процесін тежейді



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет