070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет36/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46
2326-нұсқа 1-мәтін

Қажымұқан жас кезінен күшті болған. Бала кезінде жалшылықта жүрген. Оның күшіне ел таңғалады екен.

Қыстың кақаған шағында бала жігіт отынға барыпты. Шанаға жеккен аты қарға омбылап, мұзға тайғанақтап, мертігіп қалыпты. Мертіккен атты шанаға көтеріп салыпты да, аттың қамытын мойнына іліп, шананы ауылға озі сүйреп келіпті. Содан бастап оның атағы елге жайылыпты.

Атақты палуан Франция, Германия, Қытай, Түркия, Польша елдеріне барып, өнер көрсеткен. Қажымұқан өмірінің соңғы жылдарын Оңтүстік Қазақстан облысында өткізді. Осы күнгі Бөген ауданы оның қартайған кездегі кұтты мекені болды. Қайда жүрсе де елдің құрметіне бөленген адам әрқашан бақытты.



  1. Мәтінге лайық тақырып

  1. Жеңіске жету

  2. Күш атасы

  3. Құтты мекен

  4. Жеңіс жолында

  5. Күрес өнері

  1. Ауыл адамдарын таңғалдырған Қажымұқанның іс-әрекеті.

  1. Атының мертігіп қалуы

  2. Қақаған аязда орманға баруы

  3. Шет елдерге шығуы

  4. Халықаралык күресте жеңуі

  5. Атты шанаға өңгеріп алып келуі

2-мәтін

Әлемдегі ең үлкен шөл - 9 000000 шаршы км аумақты қамтитын Сахара шөлі. Бұл құмды шөл Солтүстік Африканың бүкіл жазығын алып жатыр. Туаректік диалектіде «Сахара» сөзі «шөл» деген мағынаны береді.

Құмды, шөлейтті аймақтың жаз мезгіліндегі температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал қыста 15-28 градус аралықты ұстап тұрады.Шөл даланың кейбір бөліктерінде бірнеше жылдар бойы жаңбыр тамшысы тимеген жерлер де бар.

Сахарадағы жалғыз су көзі - Hiл өзені. Шығысқа қарай ағатын аталмыш өзен кұмды аймақтың басым бөлігін басып өтеді. Дегенмен Сахараның кей бөлігінде ылғалды алқаппен жер астындағы бұлақтан шығатын құдык бар. Бұл ерекше құмды аймақта жол талғамайтын көлікпен серуендеуге келген туристер үшін арнайы бөлімшелер орналасқан. Сахара шөлінде құрма ағаштары мен дәмі тіл үйірер жүзім өседі екен.

Құмды аймақта Тегази деп аталатын қала бой көтерген. Мұндағы үйлер тұзды тастардан салынған. Бұл қала - ғаламшарымыздағы сусыз, құрғақ, шөлейтті орындардын бірі.

Орг-эр-равиден келетін керуеншілер ылғалды алқап жақын маңда деп ойлап сағымның кұрбанына айналып жатады.



  1. Мәтіп қандай үлгіде жазылған?

  1. Талқылау негізінде

  2. Көзқарас негізінде

  3. Ақпараттық үлгіде

  4. Болжам негізінде

  5. Пікір негізінде

  1. Қай сөйлем екінші азатжолдың мазмұнына сәйкес?

  1. Құмды аймақтарда жол талғамайтын көлікпен жүруге болады.

  2. Даланың біраз аймақтарында жауын жаумаған жерлер кездеседі.

  3. Суы жоқ аймақ болса да құрма жемісі өседі.

  4. Керуеншілер су іздеу барысында сағымға алданады.

  5. Ең үлкен аймақты қамтитын жер - Сахара шөлі.

  1. Мәтінге атау беріңіз

    1. Сахара ағаштары туралы

    2. Ніл өзені туралы

    3. Сахара шөлі туралы

    4. Оңтүстік Африка

    5. Тегази қаласы туралы

З-мәтін

Үндістанда су тасығыш бір кісі екі шелек алып, иін ағашпен су таситын болса керек. Алайда екі шелектің біреуі тесік екен. Бүтін шелек өзіне құйылған суды қожайынның үйіне сол күйі шашау шығармай жеткізеді екен де, ал тесік шелек болса, толтырып құйылған судың үйге жеткенше жол бойы сыздықтатып отырып, әрең дегенде жартысын ғана апаратын көрінеді. Бұл жағдай дәл осылай тұп-тура екі жыл бойы жалғасыпты. Cy тасушы күн сайын қожайынының үйіне толықтай екі шелек емес, бір жарым шелек қана су жеткізіп жүріпті. Cay шелек өзінің қалтқысыз қызметін мақтаныш көрген сайын, тесік шелек байғұстың іштей мұңайғаны сонша - жерге кіріп кете жаздап үялып, өзін қатты ыңғайсыз сезінеді екен.

Екі жыл өтіп, бір күні әдеттегідей өзен жағасына тағы барғанда, шыдамаған тесік шелек су тасушыға қысыла-қымтырыла: «Сізден кешірім сұрасам деп едім, білсеңіз ылғи алдыңызда ұяттан өртене жаздаймын», - депті, назарын төмен салған күйі. Таңғалған су тасушы: «Неге?» деп сұрапты. Шелек: «Өйткені менің бір бүйірім тесік болғандыктан ылғи да сіз толтырып құйған судың жартысын ғана жеткізіп, өзіме жүктелген міндетті толық орындай алмай жүргеніме іштей қатты қысылам. Менің кесірімнен сіз де өзіңізге тиесілі толемақынызды толықтай ала алмай келесіз», - дегенде, су тасушы: «Оған бола қайғыратын түк те жоқ. Одан да қожайынның үйіне баратын жолдың сен жағындағы гүлдерін бір байқашы», - депті жай ғана.

Тесік шелек байқаса, қожайынның үйіне жеткенше жолдың өзі жағы, шындығында, жапырағы жайқалған, иісі аңқыған небір гүлдерге толы екен. Тіпті әлгі гүлдерге қызуы жақсы түсіп тұрған күнді де байқапты. Сонда су тасушы: «Көрдің бе? - деп сұрапты, - бұл сендегі кемшілікті менің байқағандығым әрі оның өз жөнін тауып, орайластыруымның жемісі, - деп сөзін жалғастырыпты. Жолдың сен жағына әдейілеп гүлдер ектім, ал сен болсан, күн сайын біз



өзеннен су алып қайтқанда оларды суғарып тұрдың. Екі жылдан бері осы әдемі гүлдермен қожайынды таңқалдыра өтер жолды жайнатып келдім. Егер сен тесік болмағаныңда қожайынымыздың үйінде мұндай әдемілік болмас еді», - деп түсіндірген екен.

  1. Cy тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз.

  1. Әңгімешілдігі

  2. Алғырлығы

  3. Сенімсіздігі

  4. Дарындылығы

  5. Тапқырлығы

  1. Мәтін стилі

  1. Көркем әдебиет

  2. Ауызекі сөйлеу

  3. Публицистикалык

  4. Ic қағаздар

  5. Fылыми

  1. Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?

  1. Намысқойлығы

  2. Жағымпаздығы

  1. Тесік шелекке тән қасиет

  1. Ізеттілік

  2. Өшпенділік

  1. Мәтінге лайық атау

  1. Тесік шелек

  2. Риза қожайын

  3. Жалқаулығы

  4. Мақтаншақтығы




  1. Қорқақтық

  2. Батылдық




  1. Жаңа шелек

  2. Өзен жағасы

  3. Озбырлығы

E) Менмендік


E) Бүтін шелек

  1. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз

  1. Гүлге оранған жол

  2. Екі шелек туралы

  3. Тапқыр су тасушы

  4. Кінәлі тесік шелек

A) 1.3.2.4

B) 3.1.2.4.

0 4.1.2.3.

D) 2.1.4.3.



E) 2.4.3.1.

  1. мәтін

  1. Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша тағамның түрін жасай білген. Солардың бірқатарын атап өтуге болады: қымыз, шұбат, айран, қатық, қаймак, балқаймақ, кілегей, ақ қаймақ, ақ ірімшік, қызыл ірімшік, сусыз сүт, сыпырма сүт, кұрғақ сүт, қойыртпақ, іркіт, сарысу, тасқорық, шалап, сүт кеспе, сүт салма, уыз, сірне, құрт, торақ құрт, сықпа, сүзбе т.б. Міне, бұлар жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салттың сұранымы дүниеге әкелген тағамның бірі - құрғақ сүт.... От қуалаған малдың тісіне ерген елдің көші-қон кезінде төрт түліктің аяғын көштен бұрын қимылдататын әдеті. Ақар-шақар елдің «әуп» деп тұрып кете қоюы оңай емес, артынып-тартынып жүріп сауын малынан екі-үш күн кейіндеп қалатын жайы жиі болады. Өмірдің осы бір сұраным-мұқтажы құрғақ сүт дайындауды дүниеге келтірген сияқты.

  2. Сәрсенбінің сәтіне көшеміз деген хабар тиісімен-ақ, әр шаңырақтың ас- суына ие отанасы қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылттырып алады. Теріні түгінен айырудың мұндайда екі тәсілі қолданылады. Бірі - иіс салу тәсілі. Тек иіс өтіп кетпейтіндей, идін быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек.Екіншісі

- теріні жібітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырып тастайды. Сонан соң түксіз теріні суға салып, шуашы мен шайырынан айырғанша әбден сапсып жуады. Ақжемделіп май-сөлінен арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады.

  1. Келесі күні қой-ешкіні қосақтап жібереді де, мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше үлкен қазанға толтыра құйып, әлгі теріні соған салады да, астына маздатып от жағады. Біраздан сон тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды, Қайнаған сайын қойыла бастайды. Қайнаған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, сүт қойыртпақтанады. Tepi болса ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан қоюланған сүт сарқыла таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде от үзіледі де, тері қазаннан алынады. Tepi түнімен жел қағып тобарсып, ертеңіне күнімен тұрса кеуіп-ақ қалады. Келесі күні тағы да қой-ешкі қосақталып, дәу кара қазан сүтке толады. Тағы да астына жайнатып от жағып, әлгі сүт сіңді теріні тағы да салады. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің калыңдығы бармақ елі болып, өн-бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшінші рет жайылған

тері тобарсып кебе бастаған кезде шиыршықтап орайды да, маңызы ұшып кетпес үшін қарынға немесе бүйенге сала салады.

  1. Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құлан иектенгенде моншақтай тізілген көш те қозғалады. Бие сауым өтеді... Ет асым өтеді... Күн иықка көтерілген кезде түйе қомында тербеліп келе жаткан балалардың маңдайын күн шалып, таңдайы кеберсіп, қыңкылдай бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға қымыз береді, ішпейді... Айран береді ішпейді... Қойыртпақ береді, ішпейді... Cy береді, ішпейді. Оған керегі тіл үйірген уыз сүт.

Сонда балажан ана қарынның ауызын шешіп, сүт сіңген теріден алақандай ғана кесіп алады да, тостағанға құйған суға тастап жібереді. Сол-ақ екен уыз иісі бұрк етіп тәбет шақырып, тостағандағы су жаңа сауған сүттей болып шыға келеді. Тек қана сүт ішіп үйренген ұл дем алмастан тостағанды басына бір-ақ көтереді. Сол кезде тостағанның түбінен бір жапырақ «бірдеңені» көреді де «бұл не?» дегендей анасына қарайды. Анасы болса, «жей ғой, боташым!» дейді. Сары атанды бесік еткен ерке ұл бал татыған уыз құйқаны жайлауға жеткенше ермек етеді.

  1. Мәтіннің нешінші азат жолында толық дайындалған кұрғақ сүт туралы айтылады?

  1. Үшінші

  2. Екінші

  3. Бірінші

  4. Бесінші

  5. Төртінші

  1. Құрғақ сүт жасауда пайдаланылатын басты жабдық

  1. Түйе қомы

  2. Қой терісі

  3. Қой қарыны

  4. Жылқы қарыны

  5. Қой бүйені

  1. Мәтін мазмұнына қай мақал сәйкес келеді?

  1. Шапқан - озар, жатқан - қалар.

  2. Біткен іске сыншы көп.

  3. Мал жисаң, қонысын тап, Ac жисаң, ыдысын тап.

  4. Жердің сәні- егін, Ердің сәні - білім.

  5. Отынды шапқанға жақтыр, Малды тапқанға бақтыр.

  1. Мәтін қандай стильде жазылған?

  1. Ауызекі сөйлеу стилі

  2. Публицистикалық стиль

  3. Fылыми стиль



  1. Ресми іс-қағаздар стилі

  2. Көркем әдебиет стилі

  1. Түйе қомында келе жатқан балагтардың сұрап ішер сусыны

  1. Қойыртпақ

  2. Шалап

  3. Айран

  4. Қымыз

  5. Уыз сүт

  1. Дайын болған құрғақ сүтті сақтау әдісі

  1. Қоржында не қалтада

  2. Tepiгe орап қояды

  3. Адалбақанда

  1. Теріні түгінен тазалаудың тәсілі




  1. Сандықта не қорапта

  2. Қарында немесе бүйенде

  1. Кептіру

  2. Түгін кыру

  3. Далаға жаю

  4. Сапсып жуу

  5. Жел каптыру

  1. Кұрғақ сүт жасауға қай түліктің сүті пайдаланылады?

  1. Қой мен ешкі

  2. Бие

  3. Түйе

  4. Сиыр мен қой Сиыр






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет