070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет44/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Мәтін мазмұнының реттілігін анықтаңыз.

  1. Қаладан келген қонақтар.

  2. Бүкілодақтық пионер лагері.

  3. Үшінші сынып оқушысы.

  4. Нұр жүзді жігіт.

  5. Дарынды баланың әке-шешесі.

A) 2,4, 1,3,5

B) 5, 2, 4,1,3

C) 1,3,5,2,4

D) 3, 5, 2, 4,1



  1. Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден бас тартты?

  1. Аумағы кішкентай болғандықтан

  2. Қалада үйі болғандықтан

  3. Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан

  4. Ауылға көшіп кетпек болғандықтан

  5. Біреуге тиесілі үйді бермек болғандықтан

4-мәтін

Ертеректе өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты. Үлкен шаһардың шетінде өз қолымен тұрғызған сән-салтанатты үйлері, ат шаптырым ауласында түрлі-түрлі жеміс ағаштары сыңсып, бұлбұл құстары жүз құбылта, құйқылжыта ән салады екен.

Сонау қиянда тұратын бір адам әлгі дана кісінің әңгімесін тыңдауға құмартып, жолға шығыпты. Апталап сапар шегіп, шаршап-шалдығып бір күні келіп жетеді. Паңдықтан ада, қарапайым бай жолаушыны қабылдап, ас-суын ұсынып, бұйымтайын сұрайды.


  • О, қадірменді ақыл иесі! Алыс қияндағы елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық сөздеріңізді тыңдасам деп едім, - дейді ілтипатпен.

  • Дәл қазір даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұрғаны, - дейді бай. - Ac ішіп, әл жинасаң, былай істе. Қолыңдағы қасыққа екі тамшы май тамызайын. Бірер сағат осы маңда бол, қасықтағы майға да көз қырыңды сала жүр, келістік пе?

  • Келістік, - дейді жолаушы.

Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның алдына келеді.

  • Жә, айта қойшы, жарқыным, бағанадан бері не көрдің? He білдің?

  • Ештеңені көре қойғаным жоқ... Баққаным қасықтағы екі тамшы май болды.

  • Онда, дана сөздерімді естуге асықпа! Тағы екі сағат жүре тұр.

  • Тақсыр-еке, неге олай айтасыз? Өзің емес пе майға қара деген...

  • Иә, солай дедім! Бірақ, мынау сән-салтанатты үйлер, анау жеміс- жидектері сыңсыған ағаштар, онда сайраған бұлбұлдардың әуезді үндеріне құлақ түрмейсің бе?! Алла тағаланың жаратқандарына таң қалмайсың ба?! Бірақ, қасықтағы майға да көз қырынды салғайсың...

  • Мақұл, - дейді жолаушы.

Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алдына келеді.

  • He көрдің, не білдің! Баяндап беріңізші!

  • Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең ойларға кеттім! Алланың құдіретіне

қайран қалдым! Таң-тамашамын... Сіздің еңбегіңізге, соншама құштарлықпен, махаббатпен өсірген өскіндеріңізге Жаратқан ием, мейрімін төгіп, осыншама көркемдік пен келісімді сыйлаған екен!

Жолаушы алған әсерінен айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта берді.



  • Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін көре білген көкірек көзің ояу екен! Рахмет, жолаушым! Ал, қасықтағы май қайда?

  • Ой-буй, қа-ап! Сән-салтанатты келіскен шаһарды, бау-бақшаны тамашалаймын деп қасыктағы майды төгіп алыппын!

  • Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадірменді мейманым!

Әлбетте, он сегіз мың ғаламнын, иесі Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның жөн! Сол арқылы Алланың ұлылығы мен құдіретіне көзің жетеді!.. Қасықтағы майға келер болсам, ол фәни жалғандағы - тіршілігің,

нәсібің! Оны да ұмытуға болмас! Бірақ, дінде де, дүние тіршілікте де орташа болғын! Отаныңды сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеуде адами міндетің! Осы айткандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің! Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз Жаратушы жар болсын! - дейді дана қария батасын беріп.



  1. Байдың даналың әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұр деп, қасықтағы екі тамшы май ұсыну себебі

  1. Майдың шипалық қасиетін анықтау

  2. Қонағының көңілін аулау

  3. Қонағының шыдамдылығын сынау

  4. Майдың пайдалы қасиетін анықтау

  5. Бойынан өткерген жағдайлар арқылы ой түйгізу

  1. Байдың мейманына айтқан даналық сөздеріне қатысты нұсқа

  1. Құрғақ сөз бас ауыртар, Құрғақ қасық ауыз жыртар.

  2. Енбектің қадірін білген адам - бақытты адам.

  3. Ақылды адам жай-жай сөйлейді, Жан-жағын байқай келеді.

  4. Көп ішінде сөйлеген - көсемдіктің белгісі.

  5. Дүние бақыты - тыныштық тапқан жүрек пен адал нәсіпте



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет