Жеделхат - телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен, жеделхаттар өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбат, оның үстіне чертеж (сызба, кесте) немесе фотосурет жібермейтін болсақ, факсты қолдану міндетті емес. Ал телефон арқылы жүргізілген әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.
Жеделхатты кез келген қызметкер құрастырып жібере алады; қажет болған жағдайда жеделхат мәтіні мен онда берілген мәліметті растауға болады. Жеделхат ең ұзақ дегенде 10-12 сағаттан соң, қажет болса бір сағаттан соң да жеткізілетіндігіне 100% сенімді болуға болады.
Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Қысқа жеделхаттың бағасы да төмен болады. Цифрлар жазбаша түрінде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн.
Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберілетіндер мен қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар «үкіметтік», «жедел», «жай» болып үшке бөлінеді.
Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың категориясы мен түрі, номер!, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен адресі, мәтін, қол.
ГѴ. Жеделхат ...
Мекенжайы («кімге»). Алдымен жеделхатты алушының толық почта индексі, елдің аты, елді мекеннің аты, типі (қала, ауыл. т.б.), көшесі, үй номері, корпус, офис номері жазылады. Мысалы: 480021, Қазақстан,
Алматы каласы,
Мұқанов көшесі, 227, офис 47 немесе
250000, Украина,
г. Киев, Почтовая пл, дом 18, кв 44.
Алушыньщ аты-жѳні («кімге»). Адресатгьщ аты-жѳні, әкесінің аты толык жазылады, кейде фамилия орнына қызметі көрсетіледі. Мысалы, «Директорға», «Білім меңгерушісіне» т.б.
V. Жеделхат мәтіні. Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қыска және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың кажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланган жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай түлғасында беріңіз. Мысалы: «жіберіңіз», «салып жіберіңіз», «шешім қабылдаңыз» т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашык рай тұлғасында қолданылатын. Мысалы: «алдым», «жеткізілді», «келеді», «орындалады», «барады» т.б.
«Тез арада», «жеделдетіңіз», «жедел», «қалай да» сѳздерін орынсыз кѳп қолданудың қажеті жок, себебі сіздің жеделхат жібергеніңіздің өзі алушыға көп нәрсені білдіріп тұр. Цифрларды жазбаша жазған дұрыс. Мысалы: 101347 - бір нөл бір үш төрт жеті, бұларды бір сөз ретінде біріктіріп беруге де болады. Мысалы: бірнөлбірүштөртжеті.
Мәтін мазмұнына нұқсан келмейтін болса жалғаулық, көмекші сөздер, тыныс белгілері
қолданылмайды. Жеделхат мәтінінде түзетулер болмауға тиіс және сөздер тасымалданбайды. Жіберуші қолы. Жеделхат мәтініне қол қойылған кезде фамилия қажет болғанда жіберушінің кызметі қоса көрсетіледі.
Ақпарат алу немесе мәселені шешу мазмұнындағы жеделхатта қолданылатын етістік формасы