070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет42/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
2367-нұсқа 1-мәтін

Құмда өсетін сексеуіл орман ағаштарына ұқсамайды. Онда жапырақ жоқ. Оның орнына

жасыл шашақ, бұтақтар өседі. Жапырақ аз болған сайын ылғалдың булануы көп болмайды. Өсімдіктер осылайша ыстыққа да қалыптасады.

Құмайт дала өсімдіктері ылғалдың мол кезі - ерте көктемде немесе күз түскенде тіршілік етуге бейімделген. Ерте көктемде құмның арасы бірнеше аптадай кілемше құлпырады. Қияқ арасынан қызыл гүл шығады. Шөл даланы бір сәт алауға бөлейді. Көп ұзамай күн ысиды. Жасыл кілемді сарғайтады, өсімдіктерді күйдіріп жібереді. Алайда өсімдіктер гүлдеп, тұқым шашып үлгереді.



  1. Сексеуілгүлі

  1. Жасыл

  2. Гүлдемейді

  1. Жапырақты

  2. Түрлі-түсті

  3. Қызыл

  1. Сексеуіл кандай жерде өседі?

  1. Егінді далада

  2. Көл жағасында


  1. Шөлейт жерде

  2. Тоғай ішінде


  1. Орманды алқапта



2-мәтін


  1. Отбасындағы ұл тәрбиесінде әке мен аталардың рөлі ерекше. Әке - отбасы мүшелерінің тірегі, асыраушысы, қамқоршысы. Ата-бабаларымыз балалар тәрбиесіне үлкен мән берген. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым- қатынасы, өнері, білімі - ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын нысаны. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, өнегелі жерден шыққан ғой», - деп мадақтайтыны сондықтан.

«Әкеге карап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі», «Әке - бәйтерек, бала — жапырақ», «Ата - балаға сыншы» деген мақалдар осыны растайды.

  1. Ергеректегі ұлттық тәрбие қазақ халқында нақышты деңгейде калыптасқан, бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер балаларының өрескел мінез-қылықтарын көрсе ұрсып, зекіп, тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. Осындай ұлттық тәрбие арқылы отбасында жақсы тәлім-тәрбие алған азамат ертеңгі кезде ұлттың тағдырын ойлайтыны анық.

  2. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергені баршамызға мәлім. Кез келген ата-ана қызының ертең барған жерінде тастай батып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

  3. Еліміздің болашағы бала тәрбиесінде отбасылык құндылыктарды, ұлттық тәлім-тәрбиені дұрыс насихаттау арқылы жүзеге асады.

3. Төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

  1. Жеке бала тәрбиесі ұлт болашағының жағдайына әсер етеді.

  2. Қазақта өрескел мінез-құлық көрген қария тыйым салуға, ақыл айтуға құқылы болған. 3 . Ұлттық тәрбие - отбасылық құндылықтардың бастауы.

  1. Үшеуіде

  2. Бірінші мен үшіншісі

  3. Екінші

  4. Тек үшіншісі

  5. Бірінші

  1. Мәтін бойынша қазақ халқының қыз баланы тәрбиелеудегі басты мақсаты А) Болашақта жақсы келін, аяулы ана атануы

  1. Басқа үйдің ұл-кыздарына үлгі болуы

  2. Қатарының алды, өжет болуы

  3. Өскенде ата-анасын асырауға жәрдемдесуі

  4. Қатарынан қалмауы

  1. Қыз бала тәрбиесіне қатысты пікір қай бөлімде сөз болады?

  1. Бірінші

  2. Үшінші

  3. Төртінші

  1. Бірінші азатжолдағы негізгі ой

A) Отбасы мүшелері тең қарым-қатынаста болады.

  1. Екінші

  2. Бірінші және екінші

    1. Отбасында ұл баланың тәрбиесінде әкенің орны.

    2. Отбасында балаға барлық жағдай жасалады.

    3. Отбасында ананың орны жоғары.

Е) Отбасында қыз баланы ерекше кұрметтеген.

3-мәтін

I. Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам жоғалды. Ары іздедім, бері іздедім - жоқ. Қора-қопсының ішін аударып-төңкеріп, астан- кемтеңін шығара қарадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды ұлық тұтқан қазақеңнің ұрпағы болған соң, дымым ішімде.



Досхан деген қызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта жоғалатын күні алғаш рет «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс жұмысын бастап жатыр. Күдігім соған ауғандай.

  • Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңіз құлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып кетіп едім. Әйтеуір аманат қой, соны алған-алмағаныңызды білейін деп келіп едім, — дейді.

  • Ауыл қалай, ағайындар аман ба? - деп хал сұрасып жатырмыз.

  • Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып кеткен едім. Соның біразын осы жолы түгендеп әкетіп барамын, - деді.

Ойыма әлгі қу балтам caп ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап томен қарағандай болды. Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді.

  1. Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді жинастырьш жүрген қызым: - Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? - деп құж желке балтамды аяқ киім қоятын сөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!» демесем де, ішкі ойыммен ұры тұтқан маңайымдағылардан ұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, Құрақка да, жиеніме де қараймын, олардың түрлерінен ешқандай ұрлық жасаған

«қылмыскердің» белгісін таба алмадым. Балта табылған соң, әлгі күдік-күмәндар күл болып ұшып кеткендей. Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың сол еңбекқорлығы, жиенімнің жібектей ұяңдығы, басқа ештеңе жоқ.

  1. Өзгені өзгеге танытуға, ғайбаттауға, нақактан жала жабуға, қара күйе жаға салуға құмарақпыз, ал енді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге қайранмын. Үш күн тығылып жатып, өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай бердім.

  1. Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады?

  1. Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.

  2. AT жүйрігін түлкі сүймес.

  3. Досыңның қимасына көз салма.

  4. Өзін танымаған өзгені танып жарытпас.

  5. Ала жіпті аттамағанның абыройы артық.

  1. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы

  1. Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек.

  2. Дәлелсіз айып тақкандарды кешіре білу керек.

  3. Барлық адамды танып-білу мүмкін емес.

  4. Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөкеттігі жоқ.

  5. Балтасының табылғандығына қуанышын.

  1. I бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенді?

  1. Отбасы мүшелерінен

  2. Өзінен

  3. Жиенінен

  4. Қызметтесінен

  5. Құрақтан

  1. Жиенінің кандай әрекеті «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті?

  1. Жиенінің колының шеберлігі

  2. Әңгіме кезінде жиенінің ұялып, төмен қарай бергені

  3. Жиенінің аяқ астынан келуі

  4. Жиенінің шақыру билеттерін таратуы

  5. Оның үй иесінін жоғында келіп-кеткені

  1. Мәтін қандай стильде жазылған?

  1. Публицистикалық

  2. Ресми ісқагаз

  3. Fылыми

  4. Ауызекі сөйлеу

  5. Көркем эдебиет

  1. III бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп түр?

  1. Өзінің іс-әрекетіне сенімді

  2. Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын

  3. Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын

  4. Өзінің кемшілігін түсіне алатын

  5. Түк болмағандай өмір сүре берет

4-мәтін

Атадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүрлеріміздің бірі - ер балаға айдар шаш және кекіл қою. Қазақ халқының салт-дәстүрінде адам шашын ерекше қастерлеген. Қазақта

көрінеді. Сондықтан да ата-ана баласы бір жасқа толғанда, оның қарын шашын алып, төбесіне бір өрімдей ғана шаш қалдырып, оны өсіріп, көзді маржан, қаратас тағып, өріп қоятын болған. Бұл ғұрып ер балаға жасалады.

Салт-дәстүріміздің қайта жаңғырғаны шығар, қазір айдар қойған, кекіл таққан балаларды жиі көретін болдық. Төбесінде айдары бар балаларға үлкен кісілер ерекше назар аударып, көрген жерде қастарына шақырып, аты-жөнін сұрап, ықылас-баталарын беріп жатады. Жасының ұзақ, денінің сау болуын тілейді. Халық айдарлы балаға тіл-көз тимейді деп есептеген. Қойылған айдарды бала жеті жасқа немесе он үш жасқа келгенше тіл-көздің сұғынан сақтайды деп алғызбаған. Халық дәстүрінде балаға сұқтанған адамның көзі айдарға түсіп алдансын деген сеніммен қояды. Айдар қойған баланың шашын сүндетке отырғызғанда ғана алады деген ұғым бар. Тарихи деректерге сүйенсек, Кенесары Ханның інісі Наурызбай батырдың айдары болған. Қазақта Айдар деген адам есімі де бар.



Қазақтар тәрізді Тайланд халқы да балаларына айдар қояды. Олардың наным-сенімдері бойынша аурушаң балаға айдар қойса, ол тез сауығьш кетеді. Тайландтықтар бала сырқатынан сауығып кеткен соң айдарды алып тастайды екен.

  1. Мәтін стилін анықтаңыз

  1. Ic қағаздар

  2. Көркем әдебиет

  3. Ауызекі сөйлеу

  4. Ресми

  5. Ғылыми

  1. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі

  1. Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі

  2. Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі

  3. Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі

  4. Бұрымды қыздар жиі кездеседі

  5. Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі

  1. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?

  1. Қырқынан шығарған кезде

  2. Сүндетке отырғызған кезде

  3. Тәй-тәй басқан кезде

  1. Мәтінге атау беріңіз

  1. «Айдар» есімі туралы

  2. Қарын шаш

  3. Бүгінгі шаш үлгісі

  4. Тілі шықкан кезде

  5. Он жасқа толған кезде




  1. Тайландтық «Айдар»

  2. Айдар шаш

  1. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз

  1. Айдар шаш қою - ежелгі салт-дәстуріміздің бірі.

  2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.

  3. Наурызбай батырдың айдары болған.

  1. Үшеуі де бұрыс

  2. Үшеуі де дұрыс

  3. Біріншісі мен үшіншісі

  4. Екіншісі мен үшіншісі

  5. Біріншісі мен екіншісі

18. Мәтін мазмұнына қатысы жоқ тұжырымды табыңыз

  1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды.

  2. Айдар қою бүгінгі күні қайта жаңғырған.

  3. Айдар кою дәстүрі басқа халықта да бар.

  1. Тек біріншісі

  2. Біріншісі мен екіншісі

  3. Тек үшіншісі

  4. Екінші мен үшінші

  5. Тек екіншісі

  1. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін кѳрсетініз

  1. Баланың дос-жарандары кѳп болады

  2. Tiл мен кѳзден сақтайды

  3. Бала аурудан тез сауығып кетеді

  4. Бала дәулетті, бай адам болады

  5. Бала болашакта ғалым болады

  1. Мәтін мазмұны бойынша тайландтықтар баланың айдарын қай кезде алады?

  1. Жеті жасқа толған кезде

  2. Бала сырқатынан айыққан кезде

  3. Үйленген кезе

  4. Алғаш аңға шыққан кезде

  5. Мүшел жасқа келген кезде



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет