070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет43/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
2368-Нұсқа 1-мәтін

бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бүл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға кұдіреті жетеді.

  1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?

  1. Өнер - таусылмас азық

  2. Еңбек ер атандырадьг

  3. Жолың алыс болса, атынды қинама

  4. Жігітке жетпіс өнер де аз

  5. Кең пейілдіге ас көп

  1. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседі?

  1. Қол өнері мен музыка үйлескенде

  2. Сурет өнері мен музыка үйлескенде

  3. Сәулет өнері мен музыка үйлескенде

  4. Тіл мен музыка үйлескенде

  5. Спорт пен музыка үйлескенде




  1. мәтін

Ерте көктем шығысымен-ақ әкем қыс бойы көміліп жатқан жүзім бұтақтарын ашып, оны ағаштан иіп жасалған арнайы белдеулерге асып қоятын. Бұл өте күрделі, нәзік жұмыс. Қысымен жер астында жатқан жүзім бұтақтары кейде топырақ астында жатып-ақ бармақтай-бармақтай бүртік шығарып қалады. Оны абайсызда жұлып түсіруге болмайды. Әкем топырақ астында көзге көрінбей жатқан адам саусақтары секілді жүзім бұтақтарының қай тұста, қалай жатқанын алақанымен сипалап білетін. Сол себепті көктемдегі жүзім егу ісіне өзінен басқа тірі пендені жолатпайтын. Мұндайда әкем жүзімнің әр бұтағын қолымен сипалап, «Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой», - деп өзінен-өзі күбірлеп сөйлеп жүретін.

Әкем үш гектардай жерді алып жатқан жеміс бағындағы алма, өрік, шабдалы, тағы басқа мындаған түп ағаштардың әрбіреуінің қай жерде, қалай тұрғанын, неше жаста екенін, өткен жылы неше бұтағы кесілгенін, қанша жеміс бергенін, биыл қайсысына күтім қажеттігін жатқа білетін. Сол себспті ол бақты аралап жүрмей-ақ өзі көздеген жеміс ағашын бірден тауып, оның артық бұтақтарын кесіп, құрт түскен жапырактарына дәрі сеуіп жүретін.



  1. Бұл кімге/неге айтылған сөз?

«Ә, оянып қалдың ба, жарайды, сен де жарық дүниеге шыға ғой».

  1. Жүзімге

  2. Әкеге

  3. Өрікке

  4. Алмаға

  5. Балаға

  1. Мәтінді жазудағы автордың басты ойы

  1. Жүзім түрлерін жарнамалау

  2. Әкесі туралы естелік

  3. Жеміс бағының пайдасы туралы айту

  4. Жеміс ағаштарының түрлерін жарнамалау

  5. Жеміс бағының күтімі бойынша кеңес

  1. Мәтінде не туралы айтылған?

  1. Әкенің бақты күту шеберлігі

  2. Бау-бақшаны баптау сыры

  3. Бақтағы жемістердің өнімінің көптігі.

  1. Біріншісі мен екіншісі дұрыс

  2. Барлығы дұрыс

  3. Барлығы бұрыс

  1. Автордың бағбанға қатысы қандай?

  1. Біріншici мен үшіншісі дұрыс

  2. Екіншісі мен үшіншісі дұрыс

  1. Інісі

  2. Немересі

  3. Ағасы

  4. Баласы

  5. Шөбересі




  1. мәтін

  1. Аршат Оразовты біраздан бері білемін. Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық, нұр жүзді, жас жігітті бір көргенде бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол бойында үлкен сыр жатқан жігіт болып шықты. Кезінде

тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап көрелік.

  • Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді, үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені. Атамнын өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.

  1. Бірде мектепті тексеруге облыстық оқу бөлімінен адамдар келеді. Мектепте жұмыс істейтін көршіміз мен туралы айтады. Олар қызығушылық танытып, мені алдырады. Тексерушілер менің кітап оқи алатыныма шүбә келтіреді, бірак «Бозінгеннің» кез келген жерін зуылдатып оқып бергенімде, шалқаларынан түсе жаздайды. Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді. Сөйтіп, қатты таң қалып, мені қаладағы Мақсат Құсайынов атындагы дарынды балалар мектеп- интернатына алдырмақ болып шешеді.

1-сыныптың 4-тоқсанына ғана келдім. Төртінші тоқсанда оқып жүргенде зерігіп, басқа шаруалармен айналысып кететінмін, өйткені маған оқу өте оңай болды. Келесі жылы 2-сыныпқа барған едім, бұл жерде де маған сабақ өте жеңіл болып, еш нәрсеге қызықпай, тыңдамай отыратынмын. Сондықтан, мектептің педагогикалык кеңесі мені бірден 3-сыныпқа ауыстырды.

  1. Сөйтіп, алты жасымнан 3-сыныпта оқи бастадым. Бұл да маған аса киындық тудырған жоқ.

  • Өзіңнен үлкен балалармен оқу қиын болған жоқ па?

  • Әрине, өзіндік қиындықтары болды. Мәселен, олардың оп-оңай білетін кейбір дүниелерін мен үға алмай тұрып қалатын кездерім жиі болатын. Оның үстіне бәрі де менен үлкен, бәрі де менен күшті. Ал бала болған соң алысып- жұлысып ойнамай қоймайсың, сондайда бәрі де маған әлімжеттік жасап кететін. Біраз уақыттан кейін менің әке-шешем де қалаға көшіп келді.

  • Айтқандай, олар мамандықтары бар, оқыған жандар ма еді?

  1. - Жоқ, екеуі де қарапайым жүмысшылар. Әкем темір жолға орналасты, ал шешем бір асханаға жұмысқа кірді. Жергілікті билік вундеркинд баланың ата-анасы деп менен басқа үш баласы барларға бермей, отбасымыз шағын бізге бес бөлмелі үй бермек болды. Әкем қарсы болып, кейін үш бөлмелі пәтер алдық.

  2. 1991 жылы №32 қазақ мектеп-гимназиясына ауыстым. Мұнда бізді профильдерге бөлді, мен химия- биологияны ұнаттым. Сол жылы Қазақстанда ең соңгылардың бірі болып Бүкілодақтық пионерлер лагері «Артекке» де барып, бір ай оқып келдім. Ондағылар 10 жасар баланың жетіншіге қалай өткеніне ұзақ уақыт сенбеді. Артектегі оқу орысша, соған қарамай мен жақсы оқып кеттім. Сонымен бірге спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып қайттым.

  1. Мәтін мазмұнына сай келмейтін сөйлемді көрсетіңіз

  1. Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау қағаздар алып кайттым.

  2. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнін бәрін де орындай беріпті.

  3. Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді.

  4. Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік.

  5. Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады.

  1. Баланың ерекше қаситетін алғаш таныған кім?

  1. Атасы

  2. Мектеп басшысы

  3. Көршісі

  4. Әкесі

  5. Мұғалім

  1. Мәтіндегі басты кейіпкер өзінің сүйікті пәнін таңдағаны туралы қай бөлімде айтады?

  1. V

  2. I

  3. H

  4. IV

  5. III

  1. «Кезінде біраз елдің құлағына ілінген» деп автор нені айтқысы келіп отыр?

  1. Мақтаншақтығын

  2. Жүрек жұтқандығын

  3. Атаққұмарлығын

  4. Танымалдығын

  5. Қарапайымдылығын







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет