Мәтіннің қазақ елінің жаңа атауға, жаңа статусқа ие болғандығы туралы айтылатын бөлігі
3
2
1
4
5
Мәтін мазмұнының реттілігі
Жәнібек пең Керей сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлінуі
Жаңа этнонимнің пайда болуы
Алғаш ту тіккен жер
Қозыбасы атауы A) 2,4, 3,1
B) 1, 2, 3,4
C) 4, 2, 1,3
D) 3,4,2,1
E) 1,3,4,2
Мәтіннен 1 және 2-бөлігінің мазмұн жағынан сәйкестігін табыңыз
Ежелден қазақ даласын мекендеп келе жатқан ұлыстар туралы сөз болады.
Қасиетті Мойынқұмның төл тарихы туралы айтылады.
Қазақ хандығының алғаш құрылған жері туралы айтылады.
Қазақ хандығының Еуропа, Азия елдерімен тең түсе алатынын айтады.
«Қазақ» деген жаңа аттың тарих сахнасына шыққан кезі туралы айтылады.
Мәтінде кездесетін Баласағұн, Меркі, Суяб қалаларына байланысты нұсқаны көрсетіңіз
Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы болған.
Батыс Моғолстан, Шу. Талас өзендері бойында орналасқан.
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан.
Қозыбасы аймағында қоныстанған.
Еуропа мен Азияның кез келген елімен теңдесе алады.
Мәтін мазмұны бойынша тұжырымдардың дұрысы
Қозыбасы - Жамбыл тауындағы шоқы
Қазақ хандығы XV ғасырда қалыптасты
Қазақ халқының негізін түркі-оғыз текті ұлыстар құрады
A) Үшеуі де дұрыс B) Тек екінші C) Екінші мен үшінші
D) Бірінші мен екінші E) Бірінші мен үшінші
матін
Майқы би (XII - XIII ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген ескі сөз бар.
Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болғаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жағынан ІІІыңғыс ханмен қарайлас болған.
Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну
кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын қүрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.
Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.
Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырган.
Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.
«Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар
A) Ел-жұрты мен халқы B) Жалшысы мен малшысы
C) Баласы мен данасы D) Жұбайы мен жары E) Отбасы мен ұрпағы
«Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты?
A) Тау атымен B) Өзен атымен C) Ел атымен D) Жер атымен
E) Ру атымен
Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз
Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.
Сөздің көркі - мақал, Жүздің көркі - сақал.
Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.
Ер - елінде, Гүл-жерінде.
Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы?
A) Ыбырайымның B) Төле бидің C) Шыңғыс ханның
D) Ақарыстың E) Ұзынсақалдың
Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған?
A) Шыңғыс хан B) Арыстан C) Төле би D) Төбе би
E) Ақарыстан
Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті
A) Әдепті бала - арлы бала B) Ердің атын еңбек шығарар
C) Ақыл азбайды, білім тозбайды D) Өнер алды - қызыл тіл
E) Бірлік бар жерде тірлік бар
40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?
Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын
Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын
Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін
Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін
Жауға бірінші болып шабатындығын
Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би
A) Би, шешен, үш жүздің ханы B) Ақылгөй дана, ел билеуші
C) Шешен, әскер басы,тарихи тұлға D) Батыр, дана, хан
E) Әскер басы, дана би, хан
Достарыңызбен бөлісу: |